Оқулық Алматы, 2014 2 3 ббк о



Pdf көрінісі
бет5/38
Дата11.03.2020
өлшемі1,55 Mb.
#59944
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Байланысты:
Акмеология
гос практика, гос практика, тыныс алу айжамал

44
45
бағдарланатын  болса, онда адамның тұтастық ретінде қалыптасуы 
тиімді болады, аталған біртұтас адам қоғамның əлеуметтік-мəдени 
парадигмасынан  шықпайды  жəне  бір  мезгілде  əлеуметтік-мəдени 
парадигманы алмастыру үдерісіне əсер етуге қабілетті болады. 
Адамның  тұтастығын  құру  немесе  қалпына  келтіру  идея-
сы  акмеологиялық  тұғырдың  негізіне  алынады.  А.А.  Деркач  атап 
көрсеткендей, акмеологиялық тұғырдың мəні, адамның тұтастығын 
кешенді  зерттеу  мен  құруды  жүзеге  асырудан  құралады,  мұнда 
адамның алуан түрлі деңгейдегі сипаттамалар бірлікте, акмеге жету 
үшін барлық өзара байланыстарда зерттеледі. 
Нəтижелі тұрғыда, өзін-өзі жүзеге асыру, адамның іс-əрекетінің 
алуан  түрлі  аясында  өзіндік  жүзеге  асырудың  қорытындысын, 
шығармашылық  даралығын  қалыптастыру  ретінде  болады.  Соны-
мен бірге, өмірлік жолдың субъектісі ретінде адам акмеге ұмтылады 
–  ол  субъектінің  өмірлік  жолын  жүзеге  асыру  тəсілінің  шарықтау 
шегіне ұмтылады.  
Осылайша,  акме  саты  немесе  дəреже  ретінде  болады,  ал 
адамның тұтастығы – өзін-өзі жүзеге асырудың көрінісі ретінде бо-
лады. Мұнда адам акме күйіне жетуге, нəтижесінде өзін-өзі жүзеге 
асыруға, өзін-өзі дамыту барысында қол жеткізе алады.  
Кең  мағынасында өзін-өзі дамыту – бұл бар нышандар, қабілет-
тер,  біліктер  мен  сапаларды  «кеңейтудің»  мақсатты  бағытталған 
үдерісі,  бұрынғы  қасиеттер  мен  сапаларды  қалыптастыру  үдерісі. 
Өзін-өзі дамытуға мақсатты бағытталған ішкі белсенділік пен тұлға 
үшін маңызды қасиеттер, қырлар, сапаларды кеңейту мен жетілдіруге 
деген саналы бағыттылық тəн болады.  
Акмеология  тұрғысында  өзін-өзі  дамытуды  келесі  үлгіде 
көрсетуге болады: 
– адамның шығармашылық əлеуетін өзіндік таныту жəне өзіндік 
кеңейту үрдісі; 
–  ішкі  маңызды  талпыныстар  мен  сыртқы  əсерлер  негізінде, 
тиімді өзін-өзі жүзеге асыру мақсатында өзін-өзі жетілдірудің сана-
лы үдерісі; 
– рухани-адамгершілік жəне əрекеттік-практикалық тұрғыда ба-
рынша  өзіндік  байыту,  өзіндік  кеңейту  жəне  өзін-өзі  жүзеге  асыру 
мақсатына қызмет ететін мақсатты бағытталған, көпаспектілі өзін-
өзі өзгерту. 
Мұнда  акмеологиялық  талдау  маңызды  категория  болып 
саналады,  яғни  кəсібилікті  зерттеудегі  акмеологиялық  жағдайлар 
мен  факторларды  анықтау  үдерісін  талдау  маңызды  категория 
болып  саналады.  Акмеологиялық  талдау  мен  зерттеулер  ғылыми 
негізделген қағидаларға сүйенетін болса нəтижелі болады. 
Рефлексивті аспект кəсіби іс-əрекеттің технологиясын меңгеру-
дің жүйе құраушы факторы болып табылады, сонымен бірге ол, ең 
алдымен əлемді танудың тəсілдерін меңгеру мен өзін-өзі дамытудың 
дара  стратегияларын,  өмірлік  жолдың  өзіндік  траекториясын  қа-
лыптастырудың факторы.  
Соған  байланысты  дараландыру  жəне  болашақ  мамандарды 
тұлғалық-кəсіби дамыту үдерісінің қажеттілігі туындайды.   
Болашақ  мамандарды  даярлау  мəселесі  жəне  жоғары  оқу 
орындарында  білім  беру  үдерісін  ұйымдастырудың  тəжірибесі 
мəселесі  бойынша  жинақталған  теориялық  білімді  саналы  мағы-
налау, дараландырудың кəсіби даярлықты  жаңа əлеуметтік рөлдер-
ге,  халықаралық  стандарттарға  сəйкестендіруге  мүмкіндік  береді, 
студентті  өзінің  тұлғалық-кəсіби  дамуының  шынайы  субъектісі 
етуге мүмкіндік береді.  
Т.  В.  Бурлакова  шетелдік  жəне  отандық  зерттеулердің  мате-
риалдарын  жалпылай  отырып, «индивидуализация»  ұғымы-ның 
эволюциялық күрделілігін көрсетті.  
Т.  В.  Бурлакова  жүргізген  тарихи  талдау  көрсеткендей, «ин-
дивидуализация»  терминін  енгізуді  антикалық  философтар 
Левкипп  пен  Демокриттің  есімдерімен  байланыстырады,  олар 
индивидуализацияны болмысты философиялық түсіндіру негізінде 
болатын  қағида  ретінде  түсіндірді.  Индивидуализация  қағидасы  
Жаңа  Дəуір  философиясында  тұтастың  жеке  элементтерін  талдау 
арқылы,  тұтасқа  жетелейтін  танымның  жалпы  əдіс  мəртебесіне 
ие  болды.  Немістің  классикалық  философиясының  өкілдері 
индивидуализацияның  диалектикалық  тұжырымдамасын  құрды. 
Индивидуализацияны  адамның  табиғи,  бірыңғай,  сезімталдықты  
жеңу  ретінде  түсіндірген  Г.  Гегельдің  зерттеулерінен  кейін, 
мəселені  шешуде  екі  қарама-қайшы  үрдіс  пайда  болды.  К.  Маркс, 
Ф. Энгельс оның шешімін адам мен қоғамның, тұлға мен ұжымның 
өзара  қатынастарын  ашумен  байланыстырды.  С.  Кьеркегор  инди-
видуализацияны  адамның  өзін  тұрақты  таңдауы  ретінде  түсіндіре 
отырып, бұл мəселені индивидуализм тұрғысында шешуге ұмтылды.   
ХХ ғасырда индивидуализация мəселесі кез келген іргелі ғылы-

46
47
ми  мəселе  ретінде,  əдіснамалық,  теориялық  жəне  эксперименттік 
деңгейде шешімін табады.
Индивидуализацияны  ғылыми  түсіндірудің  əдіснамалық  негізі 
философтардың  еңбектерінде  қаланған  (М.С.  Каган,  И.И.  Рез-
вицкий,  А.М.  Эткинд  жəне  т.б.).  Мəселенің  теориялық  аспектілері 
психологтардың  еңбектерінде  талданады  (К.А.  Абульханова,                        
Б.Г.  Ананьев,  А.Г.  Асмолов,  А.  Бине,  Э.  Вебер,  Л.С.  Выготский,         
Г. Гаудиг, Дж. Дьюи, А. Лай, В.Ф. Ломов, М. МакМиллан, М. Мон-
тессори,  А.  Норт,  К.  Роджерс,  В.И.  Слободчиков,  Э.Л.  Торндайк,          
М.А.  Холодная,  В.Д.  Шадриков,  Г.  Шаррельман,  В.  Штерн  жəне 
т.б.)  жəне  педагогтардың  еңбектерінде  (С.И.  Архангельский,                      
Ю.К. Бабанский, А.А. Бударный, М.А. Данилов, Л.В. Занков, А.А. 
Кирсанов, В.М. Монахов, Е.С. Рубанский, В.В. Сериков, И.Э. Унт, 
Т.И. Шамова жəне т.б.) қарастырылады. 
ХХІ  ғасырда  жедел  өзгеретін  əлеуметтік  шындық  пен  елдегі 
əлеуметтік-экономикалық 
қайта 
құрулар, 
индивидуализация 
идеяларын,  əрбір  студенттің  өмірлік,  кəсіби,  тұлғалық  өзіндік 
анықталуын қамтамасыз етудегі, оның еңбек нарығындағы бəсекеге 
қабілеттілігінің  мəнін,  мүмкіндіктерін  қайта  мағыналаудың 
қажеттілігіне  əкелді.  Бұдан  басқа,  көрнекті  отандық  ғалымдар   
(Е.В.  Бондаревская,  В.И.  Загвязинский,  В.А.  Сластенин)  жоғары 
білім  берудегі  күрделі  кемшіліктерді  атап  көрсетеді,  олар 
құндылық-мағыналық  ұстанымдардың  жоғалуымен,  қалыптасқан 
таптаурындардан  бас  тартуға  тілектің  болмауымен,  іс-əрекеттің 
бейресми нəтижелеріне бағдарлардың болмауымен байланысты.   
Т.В.  Бурлакова  жүргізген  қазіргі  заманғы  энциклопедиялық 
басылымдарды  салыстырмалы  талдау,  индивидуализацияны  түсін-
діру, individuum – ерекше, жеке адам, тұлға деген латын сөздерінің 
мəнінен бастау алатынын көрсетеді. Аталған мəндердің қайсысының 
текті мəн ретінде алынуына қарай, индивидуализацияның мазмұны 
келесі  үлгіде  түсіндірілуі  мүмкін:  тұлғаның  немесе  ерекшенің 
дара қасиеттері бойынша анықталуы; тұлғаның оқшаулануы, оның 
даралығының,  бірегейлігінің  жəне  қайталанбастығының  зерттелуі, 
əрбір  индивидуумның  ерекшеліктерін  назарға  алу;  даралықтың 
қалыптасуы.  
Педагогикалық  акмеология – бұл  педагогтің  еңбегіндегі  кə-
сібилікке  жəне  құзыреттілікке  жету  жолдары  туралы  ғылым. 
Педагогикалық  акмеологияның  орталық  ұғымдарының  бірі – бұл 
педагогтің  кəсібилік  ұғымы.  Аталған  ұғым  педагогтің  кəсіби  іс-
əрекеттің түрлерін меңгеруін, оқыту мен тəрбиелеу бойынша кəсіби 
педагогикалық  міндеттерді  тиімді  шешуді  қамтамасыз  ететін, 
кəсіби  маңызды,  психологиялық  сапалардың  үйлесімінің  болуын 
қамтитын, педагогтің біріктіруші сипаттамасы ретінде түсіндіріледі. 
Педагогикалық  акмеологияда  жалпы-педагогикалық  ұғымдар  пе-
дагогтің кəсібилік призмасы арқылы қарастырылады. 
Акмеологияда  ересек  адамға  акме  деңгейіне  жетуге  мүмкіндік 
беретін, бір-бірімен өзара əрекет ететін объективті жəне субъективті 
факторларға ерекше зейін аударылады. «Акме» ұғымы жаңа ғылыми 
пəндегі негізгі ұғымдардың бірі болып саналады. «Акме» термині-
нің  басылымдарда  белсенді  қолданылуына  қарамастан,  олардың 
мазмұны ересек адамның дамуы туралы ғылымның бейініне сəйкес 
келеді,  ол  əртүрлі  басылымдарда  біржақты  түсіндірілмейді.  Бір 
жағдайда авторлар «акме» туралы айтып, оның астарында адамның 
денсаулығын немесе адамның субъект ретіндегі белгілі іс-əрекетпен 
айналысу  нəтижесінде,  өзі  үшін  белгілі  бір  жоғары  нəтижелерге 
жетудегі  шыңын  атайды.  Мұнда  адамның  қол  жеткізетін  акме 
деңгейі шектелген, біршама уақытша аралық ретінде болады. Яғни, 
акме – акмеологияның орталық ұғымы.  
Кəсіби  іс-əрекеттің  азаматтығы,  еңбектің  азаматтығы  оны 
қоғамда қабылдаудың немесе қабылдамаудың анықтаушы факторы 
болып  табылады.  Аталған  анықтама  акмеологияда  кəсібилікпен 
қатар ғылымның əрі қарай дамуының маңызды категориясы ретінде 
азаматтық, кəсіби тұлғаның мемлекеттік категориясы алынуы қажет 
деген болжам жасауға мүмкіндік береді. 
Акмеологиялық зерттеулерде азаматтық құндылықтар ұғымына 
қатысты  төрт  негізгі  анықтама  айқындалады: «азаматтық», 
«азаматтық тəрбие», «азаматтық қалыптасу», «азаматтық акме». 
–  Азаматтық – белгілі  бір  мемлекеттің  тұрғындарының  қа-
тыстылығы;  осы  мемлекеттің  заңдарымен  қамтамасыз  етілген 
азаматтың  барлық  құқықтарын  қолданудың  саналы  мүмкіндігі; 
өзекті азаматтық сапалар мен тұлғаның азаматтық қатынастарының 
қалыптасуының  белгілі  деңгейі,  сонымен  бірге  белгілі  азаматтық 
міндеттемелерді  орындауға,  мемлекетке,  өз  елінің  азаматтарына 
қызмет  етуге,  мемлекеттің  əл-ауқаты  мен  қоғамдық  жағдайына 
қамқор болуға дайындықтың саналы ұғынылған дəрежесі; 
–  Азаматтық  тəрбие – мемлекеттік  жəне  азаматтық  қоғамның 

48
49
басқа  құрылымдарының  акмеге  жету  мүмкіндігін  анықтайтын, 
тұлғалық жəне кəсіби маңызды азаматтық сапаларды қалыптастыру 
мүддесінде,  тұлғаға  ырықсыз  жəне  ырықты  əсер  ету.  Қоғамда 
болатын  жəне  жүзеге  асатын  азаматтық  тəрбие  тұжырымдамасы 
акмені белгілі мазмұнмен толықтырады. 
Педагогикалық  акмеологияда  азаматтық  тəрбие  тұлғаның,  қо-
ғам  мен  мемлекеттің  мүдделерінің  көрінісі  ретінде  түсіндіріледі. 
Тəрбиешілер  мен  тəрбиеленушілердің  арасындағы  қатынас  стилі 
бойынша  авторитарлы,  демократиялық,  либеральды,  еркін  тəрбие 
деп бөлінеді; белгілі бір философиялық тұжырымдамаға байланысты 
прагматикалық,  аксиологиялық,  ұжымдық,  индивидуалистік  жəне 
басқа тəрбие деп ажыратылады. 
Қоғамда  басым  рөл  атқаратын  тəрбиенің  тұжырымдамалы  үл-
гісі, белгілі дəрежеде тұлғаның азаматтық ұстанымын қалыптастыру 
мен  көрінуінің  ерекшеліктерін  ашады,  сонымен  бірге  оның 
қоғамдық  өмір  мен  кəсіби  іс-əрекеттегі  көріну  ерекшеліктерін 
қамтиды.  Егер  адамның  «акмесі»  көптеген  қоғамдық  қатынастар 
жүйесінен, қоғамдық байланыстардан (мен – менің достарым, мен 
– менің отбасым, мен – менің еңбек ұжымым, мен – менің қаламның 
тұрғындары,  мен – менің  елімнің  азаматтары  жəне  т.б.),  онда 
қоғамда  жүзеге  асырылатын  азаматтық  тəрбие  тұжырымдамасы 
«акме»  ұғымын  белгілі  мазмұнымен  толықтыратын  болады. 
Сонымен қатар,  азаматтықта қасиет ретінде қалыптасатын тұлғаның 
психикалық  құрылымдары  жəне  азаматтықты  қалыптастырудың 
психологикалық-педагогикалық шарттары мүлдем зерттелмеген.          
Кез келген кəсіпқойдың  мінез-құлық пен қатынастарды тұлға-
лық реттеудің ішкі жүйесі болады. Бұл мағынада ол əлеуметтендіру 
жүйесінің  əрекеті  жəне  өзіндік  ішкі  бақылаудың  нəтижесі  болып 
табылады.  Осындай  əрекеттің  нəтижесінде,  кəсіпқойдың  өзіне 
əлеуметтік  топтың,  қоғамның,  мемлекеттің  өкілі  ретінде  белгілі 
қатынасы  қалыптасады;  тұлғалық  бейне  мен  əлеуметтік  топтың 
арақатынасындағы сəйкестікке ұмтылыс; бейнеге адекватты сапалар 
мен  біліктерді  қалыптастыруға  бағдар;  топтың,  мемлекеттің  өкілі 
ретінде өзіндік мүмкіндіктерді түсіну қалыптасады. 
– Азаматтық қалыптасу – тұлғаның даму үдерісінде қол жеткіз-
ген  деңгейі  жəне  оның  азаматтық  сапаларының,  мемлекетке, 
азаматтық қоғамға, азаматтық құқықтар мен міндеттерге қатынастар 
жүйесін қалыптастырудың жалғасатын үдерісі. 
– Азаматтықтың «акмесі» – ырықсыз жəне мақсатты бағыттал-
ған даму нəтижесінде қалыптасатын тұлғаның азаматтық жетілуінің 
қол  жеткізген  шыңы.  Бұл  жетістікті  əлеуметтік  жəне  кəсіби  өзін-
өзі  маңызды  етуге  ықпал  ететін  тұлғаның  сапаларының  өзекті 
жиынтығы,  қатынастар  бағдарламасы  мен  жүйесі  (мемлекетке, 
азаматтық  қоғамға,  азаматтық  құқықтар  мен  міндеттерге,  өзіне 
азамат ретінде) құрайды.
Азаматтыққа  бағдарланудың  өзектілігі,  қоғамда  болып  жатқан 
экономикалық жəне саяси қайта құруларға байланысты негізделеді. 
Əлеуметтік  парадигманың  өзгеруінің  күрделі  жағдайында,  азамат-
тық сананың шамасының өзгеруі жағдайында тұлғаның қалыптасуы 
азаматтықты қалыптастырудың белгілі бағдарларын қамтуы қажет. 
Əсіресе,  бұл  педагог  кадрларды  даярлау  стратегиясын  өңдеу  мен 
жүзеге асыруға қатысты маңызды болады. Жүргізілген қолданбалы 
зерттеулердің  негізінде  (А.А.  Деркач,  А.А.  Мироедов  жəне  т.б.) 
педагогтің  акмеологиялық  деңгейінің  əлеуметтік  жауапкершілікті 
пен  азаматтық  ұстанымды  қамтитыны  анықталды.  Соған  орай, 
азаматтық  қалыптасудың  құрастырылған  жағдайлары,  тұлғаның 
азаматтық ұстанымын қалыптастырудың негізделген тетігі қажет. 
Акмеологиялық  зерттеулер  базасында  «азаматтық»  ұғымын 
тарихи-акмеологиялық  талдау, «азамат»  терминінен  шеттетіледі. 
Осылайша, «азамат» ұғымын «азаматтарға, мемлекетке, халық бас-
қаруына қатысты» ұғымдармен байланыстырады. Автор азаматтық 
міндеттемелер  үкіметке  жəне  жақындарға  деген  қатынас  бойынша 
екіжақты  болады  деп  санайды.  Сөздікте  «азаматтық  намыс» 
ұғымының анықтамалары да беріледі (бейбіт жəне əскери).  
В.В.  Макиенко  жəне  Т.Г.  Никитина  «азаматтық»  ұғымын 
түсіндіруді  зерттей  отырып, «азаматтық»  ұғымының  азаматқа, 
мемлекеттің  азаматтарына,  патриотқа  қатысты  ұғымдар  ретінде 
түсіндірілетінін атап көрсетеді. 
Қоғамның  дамуының  күрделі  ауыспалы  сатысында  баспадан 
шыққан  «Словарь  современного  русского  литературного  языка» 
сөздігі, «азамат» ұғымына келесі үлгіде  анықтама береді: 
•  мемлекеттің  барлық  заңдары  мен  құқықтарын  қолданатын, 
барлық 
міндеттемелерді 
орындайтын, 
осы 
мемлекеттің 
тұрғындарына қатысты адам; 
• Отанға, халыққа қызмет ететін, қоғамдық əл-ауқатқа қамқор бо-
латын адам. 

50
51
Аталған  анықтама  «азаматтық»  ұғымын  акмеологиялық  аспек-
тіде  аса  дəл  көрсетеді,  оның  мəні  туралы  нақты  ұғымды  құруға 
мүмкіндік  береді.  Қоғам  мен  мемлекеттің  дамуының  алуан  түрлі 
нақты-тарихи  сатыларында  қалыптасқан,  берілген  «азаматтық» 
ұғымының  анықтамасы,  қоғам  мен  мемлекеттің  мүддесіндегі 
уақыт  бойынша  айырмашылықтарды,  оңтайлы  тепе-теңдікке  қол 
жеткізудің  күрделілігін  көрсетеді.  Қазіргі  кезде  қолға  алынып 
жатқан алуан түрлі мемлекеттік жəне қоғамдық ұйымдардың əреке-
ті, көп жағдайда аталған мəселенің өзектілігін анықтауға, азаматтық 
қоғамды  қалыптастыруға,  азаматтық-патриоттық  құндылықтарды 
қалыптастыруға бағытталады.
Азаматтық-патриоттық 
құндылықтарды 
қалыптастыру 
мəселесін  қарастырудағы  маңызды  тұғырлардың  бірі  ретінде 
акмеологиялық  тұғыр  алынады.  Акмеологиялық  зерттеулер 
аясында  келесі  бағыт  айқындалады – педагогикалық  акмеология, 
оның  ұстанымы  бойынша  «азаматтық»  ұғымы  мен  оның  басқа 
терминологиялық  ұғымдармен  өзара  байланысы  қарастырылады. 
Тұлғаның азаматтық жетілуі, маманның іс-əрекетінің мазмұны мен 
өзгешелігіне қарамастан, кəсібиліктің маңызды инварианттарының 
бірі  болып  табылады.  Соған  орай,  азаматтықты  қалыптастырудың 
акмеологиялық шарттарын зерттеу мəселесі туындайды. 
Азаматтықты  қалыптастыруды  зерттеу,  ғалымдар  құрастырған 
ғылымның  қатаң  жəне  негізделген  категориялық-ұғымдық 
аппаратына  сүйенеді  (О.С.  Анисимов,  А.А.  Бодалев,  А.А.  Деркач, 
В.Г.  Зазыкин,  Н.В.  Кузьмина,  И.Н.  Семенов,  С.Ю.  Степанов  жəне 
т.б.).  Жүргізілген  теориялық-əдіснамалық  зерттеулер  нəтижесінде, 
акмеология  əдіснамалық  принциптер  жүйесін  құрастырды.  Мұнда 
адамды  индивид,  тұлға,  азаматтық  қоғамның  субъектісі,  еңбек 
субъектісі  жəне  даралық  ретінде  зерттеудің  əдіснамалық  принципі 
маңызды  болып  саналады.  Бұл  принцип  алуан  түрлі  көріністерде 
азаматтықты қалыптастыруды зерттеуді қамтиды. 
Акмеологияның  даму    шамасына  қарай,  азаматтықты  зерттеу 
тепе-тең  үш  объектіні  зерттеуде  келтірілген  принципті  жүзеге 
асыруға  сүйенетін  болады:  адам,  мемлекет,  іс-əрекет.  Зерттеу 
барысында құбылыстарға акмеологияның басқа тұлғалық, субъект, 
іс-əрекет, өмір сүру əрекеті, белсенділік, əлеуетті, тұлға мен іс-əрекет 
бірлігі,  психоəлеуметтік,  оңтайландыру,  прагматикалық,  шынайы  
сияқты əдіснамалық принциптерін қолдануға болады.
Азаматтық  сонымен  бірге  Отаншылдық  сезімі,  адамның  өзі 
туып-өскен, тəрбие алған, білім алған, адам ретінде дамыған еліне 
қатыстылық сезімі мен күйі болып саналады.  
Азамат болу – өз елінің тарихын, дəстүрлерін жəне мəдениетін 
білу  деген  сөз;  азаматтық  қоғамның  құқықтық  нормаларына 
сүйену, өзіне сол нормалар үшін жауапкершілікті қабылдау, оларды 
сақтау  жəне  өзіне  ұсынылған  азаматтық  құқықтарды  қолдану. 
Мұнда  тұлғаның  азаматтығы  жалпыадамзаттық  құндылықтармен 
арақатынаста  болады, «Жер  ғаламшарының  азаматы»  ретінде  өзін 
саналы  ұғынумен  анықталады.  Тұлғаның  азаматтық  жетілуінің 
қалыптасуы,  көп  жағдайда  «мемлекет-тұлға»  буынындағы  қа-
тынастар  жүйесінің  ерекшеліктеріне  байланысты  болады. 
Қатынастардың типін анықтайды: 
•  мемлекет  жағдайындағы  тұлғаның  құндылығы,  мемлекеттік 
билік, саясат, экономика, идеология жүйесінде орын алу мүмкіндігі; 
•  мемлекеттің  тұлғаға,  оның  сапаларына  жəне  білім  беруге 
қоятын талаптары;
•  адамның  мемлекеттік  қатынастарға  ендірілуінің  механизмі, 
сонымен бірге оның қоғамдық енжарлығының ауытқу шегі; 
• адамның қажеттілік-мотивациялық аясының мемлекеттің мүд-
делерімен арақатынасы; 
• мемлекет пен мемлекеттік органдар ынталандыратын адамның 
əлеуметтік рөлдерінің тізімдемесі; 
• мемлекет ынталандыратын кəсіби бағдарлар тізімдемесі;  
• мемлекеттің бейнесін жəне əлеуметтік-мəдени феноменін тара-
тушы «тұлғалық бейнесі». 
Кез келген кəсіпқойдың мінез-құлық пен қатынастарды тұлғалық 
реттеудегі  ішкі  жүйесі  болады.  Бұл  мағынада  ол  əлеуметтендіру 
жүйесінің  əрекет  жəне  өзіндік  ішкі  бақылаудың  нəтижесі  болып 
табылады.  Осындай  əрекеттің  нəтижесінде,  кəсіпқойдың  өзіне 
əлеуметтік  топтың,  қоғамның,  мемлекеттің  өкілі  ретінде  белгілі 
қатынасы  қалыптасады;  тұлғалық  бейнесі  мен  əлеуметтік  топтың 
арақатынасындағы сəйкестікке ұмтылыс; бейнеге адекватты сапалар 
мен  біліктерді  қалыптастыруға  бағдар;  топтың,  мемлекеттің  өкілі 
ретінде өзіндік мүмкіндіктерді түсінуі қалыптасады. 
Осылайша,  азаматтық  тұлғаның  кəсіби  құрамдасының  құры-
лымына  əсер  етеді  жəне  кəсіби  саладағы  азаматтықтың  көрінуінің 
белгілі түрлерін қамтиды: 

52
53
• мемлекет пен қоғам үшін өзектілігіне қарай кəсіпке деген қа-
тынас; 
• қоғам үшін белгілі мəні болатын, мемлекеттік адам ретінде өзін 
кəсіпқой ретіндегі рөлі мен өзіндік бағалауы; 
• мемлекеттік маңызы бар іске кəсіпқойдың қатыстылық сезімі; 
• қоғам мен мемлекет үшін өзін қажетті, өзекті ретінде сезіну; 
• тұлғалық кəсіби стандарттардың кəсіпке қатысты мемлекеттік 
талаптармен арақатынаста болуы;
•  анықтаушы  арақатынас  (мемлекеттің  жетістіктері  мен  сəт-
сіздіктерін  өзіндік  кəсіби  жетістіктері  мен  сəтсіздіктерімен 
арақатынасы); 
• өзін басқа еңбеккерлермен – елдің азаматтарымен біріктіру; 
•  жалпы  азаматтық  бағдарлар  мен  нормалар,  мінез-құлық  эта-
лондарымен  өзара  байланыста  кəсіби  іс-əрекеттің  бағдарларын, 
эталондары мен нормаларын жүзеге асыру. 
Сонымен  бірге,  кəсіби  іс-əрекетке  бейімделу,  біртұтас  кəсіби 
қалыптасу  кəсіпке  оқытуды  ғана  талап  етпейді  (тұлғаның  кəсіби 
маңызды  сапаларының,  білімдері  мен  біліктерінің  қалыптасуы), 
сонымен  бірге  іс-əрекет,  азаматтық  қоғам  мен  мемлекеттің 
субъектісінің  қатынастарының  өзекті  жүйесін  қалыптастыруды 
талап  етеді.  Кəсіпқойлықтың  қалыптасуы  əлеуметтік,  азаматтық 
қатынастармен, құқықтар мен міндеттердің, байланыстар мен өзара 
əрекеттің  сипатына  негізделеді.  Бұл  адам  ендірілген  объективті 
контекст  болып  саналады.  Соған  орай,  акмеология  маманның 
азаматтық қалыптасуын азаматтықтың «акмесіне» жету жолындағы 
маңызды қасиет ретінде психологиялық-педагогикалық қамтамасыз 
ету мəселелерін зерттейді. 
Тұлғаның  өзекті  кəсіби  қалыптасуымен  қатар,  қазіргі  кезде 
қоғамда  азаматтық қалыптасудың қажеттілігін қамтитын ұстаным 
айқын  қалыптасып  келеді.  Азаматтық  қалыптасу  тұлғаны 
əлеуметтендірудің  элементі  ретінде,  білім  беру  жəне  азаматтық 
қоғамның өмір сүруін ұйымдастыру арқылы жүзеге асады. 
Азаматтықты  қалыптастыру,  осы  үдеріске  əсер  ететін  оның 
жағдайлары мен факторларын зерттеудің қажеттілігі, қоғамның өмір 
сүру шындығынан келетін, акмеологиядағы ғылыми парадигмадағы 
басымдылыққа сəйкес келеді. Азаматтық тұлғаның кəсіби құрамдас 
құрылымына  əсер  етеді  жəне  кəсіби  саладағы  азаматтықты  көрсе-
тудің  белгілі  формаларын  қамтиды.  Болашақ  педагогтардың 
акмеологиялық  деңгейі,  басқа  құрамдастармен  қатар  əлеуметтік 
жауапкершілікті жəне азаматтық ұстанымды қамтиды. 
Акмеологиялық  зерттеулердегі  «азаматтық»  ұғымындағы 
тұғырды  теориялық  сипаттауды  түсіндіре  отырып,  келесідей  
тұжырым жасаймыз: 
• қазіргі заманғы қоғамда тұлғаның өзекті кəсіби қалыптасуымен 
қатар,  азаматтық  қалыптасудың  қажеттілігін  қамтитын  ұстаным 
қалыптасады;
• тұлғаны əлеуметтендірудің элементі ретінде азаматтық қалып-
тасу, білім беру жəне азаматтық қоғамның өмір сүруін ұйымдастыру 
арқылы жүзеге асырылады; 
•  азаматтықты  қалыптастыруды,  осы  үдеріске  əсер  ететін  жағ-
дайлар  мен  факторларды  зерттеудің  қажеттілігі,  қоғамның  өмір 
сүруінің  шындығынан  келетін,  акмеологиядағы  басым  болатын 
ғылыми парадигмаға сəйкес келеді;
•  азаматтық  тұлғаның  кəсіби  құрамдас  құрылымына  əсер  ете-
ді  жəне  кəсіби  салада  азаматтықты  көрсетудің  белгілі  түрлерін 
қамтиды;
•  азаматтықтың  мəнін  игеру,  азаматтықтың  «акмесіне»  жете-
лейтін  жолдарды  көру    жəне    түсінудің    қазіргі    кезде    өзекті  
теориялық жəне қолданбалы мəні болады. 
Азаматтық  пен  патриотизм  ұғымдарын  алуан  түрлі  зерттеуші 
ұстанымдар  тұрғысынан  қарастырып,  осы  терминдердің  өзара 
байланысын  негіздеп,  біз  «азаматтық-патриоттық  құндылықтар» 
ұғымының негіз болатынын атап өтеміз. 
Азаматтық-патриоттық  құндылықтар – бұл  адамның  Отанға 
қатынасын  білдіретін  азамат-патриоттың  сезімдері,  ол  сезім  өз 
халқының  тарихына,  дəстүрлеріне,  мəдениетіне  құрмет  көрсетуде, 
адамның азаматтық ұжымның алдындағы борыш жəне жауапкерші-
лік сезімінде көрінеді, бұл сезімдер адамның азаматтық-патриоттық 
ұстанымын негіздейді. Негізгі азаматтық-патриоттық құндылықтар 
ретінде,  Отанға,  халыққа  деген  адалдық  жəне  махаббат;  туған 
өлкенің тарихи жəне мəдени мұрасы; əлеуметтік маңызды іс-əрекет; 
азаматтық құқықтар мен еркіндік; азаматтық борыш пен намыс; өз 
Отанына деген сенім мен адалдық алынады. 
Азаматтық-патриоттық  құндылықтарды  қалыптастыру – бұл 
орта жəне жоғары кəсіби білім беру саласында қажетті азаматтықтың 
əлеуметтік  маңызды  ұстанымдарын  қалыптастыру  мен  дамыту 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет