186
187
психофизиологиялық, тұлғалық жəне субъектілі ерекшеліктерін
ескеріп, оларды дамыту жəне өзіндік дамыту үдерістерін оң-
тайландыру мақсатында, олардың акме-бағдарланған өзіндік
өзгерістерінің жетістігіне ықпал ететін білім беру ортасы.
Акмеологиялық орта тұлғаның өзіндік дамуын жəне өмір
жолының белгілі сатыларында рухани байытылуын, бірінші кезекте
акмеологиялық мəдениетті қамтамасыз ететін тұлғалық жаңа
құрылымдардың қалыптасуына жəне дамуына ықпал етеді.
И.В. Богомолова, С.В. Рудакованың ғылыми зерттеулерінде,
қызмет ететін акмеологиялық ортаны келесі үдерістерді қамтамасыз
ететіндігі эксперименттік тұрғыда көрсетілген: тең субъектілі
принципінде оқыту үдерісін жүзеге асыру жəне білімгерлердің
тұлғалық əлеуетін ашу. Мұнда іс-əрекетке даярлық пен өзбетінділік
қалыптасып қоймайды, сонымен бірге акме-бағдарланған өзіндік
қайта құруға қабілеттілік пен өзін-өзі жетілдіру қажеттілігі өзекті
болады.
Акмеологиялық жағдайлардың жиынтығы ретінде, арнайы
ұйымдастырылған акмеологиялық орта білімгерлердің акмео-
логиялық мəдениетін аса тиімді дамытуға объективті ықпал етеді,
сонымен бірге өзіндік қайта құрушы іс-əрекеттің тиімділігін
субъективті сезінуді құрайды.
Нəтижесінде, тұлғаның акмеологиялық мəдениетін дамыту
үдерісін оңтайландырудың интегралды шарты ретінде, акмео-
логиялық ортаны ұйымдастырудың қажеттілігі туралы мəселені қою
дұрыс болады.
Оқытушы мен студенттің аналитикалық логикасының өзара
əрекеттестігі барысында, рефлексивті диалогтың қатысушылары
үшін аналитикалық-дамытушы, акме-бағдарланған орта құрылады.
Мұнда рефлексивті диалог оқыту құралы болып қоймайды, сонымен
бірге жүйе құраушы элемент ретінде, оның мақсатын, мазмұнын
жəне құрылымын анықтайды. Осылайша, рефлексивті диалогтың
аясында, оқытушы мен тыңдаушы өзін-өзі ұйымдастырушы екі
жүйе ретінде болады.
Басқарушы кадрларды кəсіби дамытуды қамтамасыз ететін
акмеологиялық ортаны анықтаудың негізі ретінде, кəсіпқойды
дамытудың, тұлғалық-кəсіби дамытудың акмеологиялық тұжы-
рымдамасы, ортаны түсіндіруде философиялық, психологиялық,
педагогикалық тұғырларды біріктіретін, адамды дамытудағы шың
ретінде акмеге жету алынады.
Ортаны философиялық тұрғыда түсіндіру, ортаны «бірнəрсені»
(зат, бұйым, адам жəне т.б.) қамтитын болмыстың бір бөлігі ретінде
қарастыруға мүмкіндік береді. «Бірнəрсе» ұғымынсыз, орта ұғымы
өзінің мəнін жояды, себебі орта міндетті түрде ондағы бар нəрсені
жəне əсер ететін нəрсені қамтиды. Мысалы, индивидтің ішкі ортасы
– білім, білік жəне дағдылардың жиынтығын, əлеуметтік-мəдени
тəжірибені қамтитын «өзінің ортасы» туралы, оның бейнесі туралы
модельденетін ұғымдар.
Бірінші экоқұрылым – өмірлік кеңістік, тікелей «мен» өмір
сүру ортасы, өзіндік «Меннің» жалғасы. Топтық экоқұрылым –
қауымдастық ортасы – жұмыс орны, бірлескен өмір сүру ортасы
(В.А. Козырев).
Сонымен бірге «белсенді-білім беру ортасы» ұғымы қолданы-
лады, ол рухани-адамгершілік, мəдени-дамытушы, əлеуметтік-
белсенді тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін, табиғи, материал-
дық, тарихи, əлеуметтік жəне рухани факторлардың жиынтығы
ретінде қарастырылады.
Білім беруде акмеологиялық ортаның қасиеттері анықталған:
тұлғаның, қоршаған ортаның, қоғамның өзгермелі қажеттіліктеріне
сəйкес, білім беру құрылымдарының жедел қайта құру қабілетін
білдіретін икемділік; білім беру қызметіндегі қажеттіліктерге
сəйкес ортаның өзгеруін қамтитын вариативтілік; құрылымдардың
өзара əрекетін күшейту арқылы тəрбие міндеттерін шешуді
қамтамасыз ететін интегративтілік; басқаруда білім берудің барлық
субъектілерінің кең қатысуын қамтитын ашықтық; тұлғаны дамыту
жəне өзіндік дамыту үдерістеріне негізделген өзіндік дамыту жəне
өзіндік реттеу; бірлескен əрекеттік оқытуға бағдарлану, білім беру
үдерісінің барлық субъектілерінің диалогы.
Акмеологиялық
ортаны
құру,
болашақ
маманның
шығармашылық ойлауын дамытуды, кəсіби құзыреттілігін өзіндік
дамытуды ынталандырады, тұлғалық-кəсіби дамытудың авторлық
бағдарламаларын құруға мүмкіндік береді, оқытушылар мен
басшыларға білім беруге, кəсіби үдерістерді шығармашылықпен
құруға мүмкіндік береді, болашақ маманның кəсіби «Менін», өзін-
өзі тану, өзін-өзі реттеу, өзін-өзі жүзеге асыру субъектісі ретінде
қалыптастырады, кəсіби үдерісте болашақ мамандардың кəсіби
жетістігінің қалыптасуын қамтамасыз етеді.
Мəселенің генезисінде ғылыми əдебиет қайта талданған, онда
188
189
əлеуметтік-педагогикалық феномен ретінде «білім беру кеңістігі»
ұғымы ашылады, ол ұғым болашақ мамандардың көпфункционалды
кəсіби білімдерін практикалық тəжірибемен бірлікте қалыптастыру-
ды қамтамасыз ететін, əртүрлі білім беру жүйелерінің іс-əрекетін
ұйымдастырудың аймақтық аспектісін көрсетеді; сонымен бірге,
педагогикалық іс-əрекет саласындағы көптеген қатынастар мен
байланыстарды туындатады; субъектілердің алуан түрлі білім беру
ұсыныстарын жəне кəсіби маңызды əлеуметтік тəжірибені саналы
ұғынуға ықпал етеді.
Ортаның акмеологиялық əлеуетін өзектілеудің тəсілдері
айқындалған: дифференциация, яғни ойлау жəне заттық-практика-
лық операция, ортаның интеграциясы, яғни базада немесе қорда
болмаған нəрсені құру; немесе позитивті тұлғаны қалыптастыруға
бағытталған психологиялық-акмеологиялық үдерісті оңтайландыру
мақсатында алмастыру.
Акмеологиялық орта жүйесінде болашақ маманды қалыптастыру
сапасының негізгі параметрлері ретінде, кəсіби даярлық, құзыретті-
лік жəне бəсекеге қабілеттілік алынады.
Өмір мен іс-əрекеттің динамикалық өзгермелі жағдайында,
социумды инновациялық қайта құрудың міндеттерін қоюда,
маманның, сонымен бірге кəсіби топтардың ұжымның, қоғамның
шығармашылықпен өзін-өзі жүзеге асыру идеясы өзектіленеді.
Социумның тұрақты дамуын қолдайтын үдерістердің акмеологиялық
резерві ретінде, инновациялық технологияларды қолданатын, бір
мезгілде кəсіби ортаны қайта құратын акмеологиялық орта мен
белсенді кəсіпқой алынады.
Кəсіпқойдың акмеологиялық дамуын түсіндіруді салыстыра
отырып, олардың жаңа идеяларды туындату қабілетін, жаңалықты
өмірге ендіру қабілетін, оны күрделі интегративті феномен ретінде
түсіндіруді қамтитын диапазонын атап өткен жөн.
Кəсібиліктің пайда болуы мен жетілдіруін қарастырып, көптеген
зерттеушілер тұлғалық-кəсіби дамытудың нақты сатыларымен
шектеледі, көп жағдайда жоғары оқу орнында, үздіксіз білім беру
жүйесінде, маманның таңдаған кəсіптің əлеміне жеке енуінде
оқытудың кезеңдері ашылады.
Ортаны акмеологиялық типтегі ортаға қайта құру жағдайы
жəне маманның шығармашылық əлеуетін параллельді жүзеге
асыру анықталады (В.И. Иванова, К.В. Петров, М.И. Плугинаның
диссертациялары).
Тұлғаның кəсібилігі жəне маманның іс-əрекетін дамитын
акмеологиялық ортаны практикалық құру мен теориясын құ-
растырудың ауқымды мəселесі қойылады (принциптерді, заң-
дылықтарды, стратегиялар мен тактикаларды, модельдер мен
алгоритмдерді қамтиды).
Қазіргі заманауи ғылымда, ортаның əрекетінің бағыттылығын,
ішкі жəне сыртқы өзара байланыстарын, құрылымы туралы
ұғымдарын қамтитын акмеологиялық ортадағы кəсіпқойды
дамыту теориясын құрудың алғышарттары болады. Бұл тəжірибеде
акмеологиялық бағыттылықты ұсынып, ұйымдастырушылық
ортаның шынайы қалпына сүйеніп, алгоритм жəне акмеологиялық
модель бойынша кəсібиліктің ұсынылған деңгейін құруға мүмкіндік
береді. Акмеология ғылымы орта мен кəсіпқойды дамытудың
деңгейін қалыптастыруға қажетті, аналитикалық, сараптамалық
модельді, диагностиканың модельдері мен əдістерін құрастырды.
Өзара əрекет ететін үдерістерді – кəсібилікті сатылы дамыту
жəне ортаны қайта құру үдерістерін біріктіруден құралатын
акмеологиялық ортадағы кəсіпқойды дамыту үдерісінің мəні
құрастырылған.
Бұл мəннің маңызды құрамдастары ретінде болатындар:
– маманның деңгейі, ол маманның тұлғалық енгізілуін, қа-
лыптасатын іс-əрекеттің мақсаттары мен мағынасын өзектілеуін
қамтамасыз ететін, кəсіби іс-əрекетті меңгеру мен өзін-өзі өзектілеу,
бейімделу сатыларымен, яғни ұйымдастырушылық ортаға сəйкес
келеді;
– кəсіпқойдың деңгейі, ол кəсіпқоймен өзара əрекетті кеңейте-
тін, ашық кəсіби кеңістікте кəсіби маңызды сапаларды еркін
меңгерумен, қолдау тапқан əрекеттерді өзіндік өзектілеу сатысында
пайда болатын, имитациялық əрекеттермен, субъектілі енгізілумен,
операционалды жəне рефлексивті компоненттердің мазмұнын бе-
йімдеу сатысында акмеологиялық қалыптастырушы ортаға сəйкес
келеді;
– өзіндік өзектілеу сатысында еңбек субъектісі ретінде кəсіпқой-
дың деңгейі, гностикалық, эмоционалды-ерікті, ұйымдастырушы-
лық, əлеуметтік-перцептивті, тактикалық-стратегиялық компо-
ненттердің интеграциясымен, даралықтың, шығармашылық өзіндік
жүзеге асырудың көрінуімен айрықшаланады; кəсіби кеңістікте
іріктеу есебінен тарылатын, жабық кеңістікте шеберліктің сəйкес
190
191
сатылары мен кəсіппен үйлесімді көрсететін, кəсіпті еркін
меңгеру сатысы, субъектілі енгізілу өзіндік реттеуші жəне өзіндік
ынталандырушы əрекеттермен анықталады;
– суперкəсібиліктің деңгейі рефлексивті акмеологиялық орта-
ға сəйкес келеді, барлық компоненттер жоғары дамыған жəне
интеграцияланған, жаңа құрылым қалыптасқан – өмірлік кəсіби
өзіндік жүзеге асыру; ортаны құру феномені айқын байқалады,
сонымен бірге тұлға мен ортаның өзара əрекетінің акмеологиялық
деңгейі байқалады; өзара əрекеттің компоненттерінің интегративті-
лігі, өзара əрекетте қол жеткізетін санасы, проективтілік, өзара
əрекеттің құндылығын саналы ұғыну, прогностикалық, нəтижелерді
болжау.
Бейімделу сатысы іс-əрекеттің кооперативті құрылымын
құрумен, белсенді əрекет ететін субъектінің өзін-өзі дамытуымен,
өзін-өзі ұйымдастырушы əрекеттермен, ынтымақтастықпен, се-
ріктестікпен байланысты, мұнда бірлескен іс-əрекеттің барлық
субъектілерімен өзара əрекеттің сапалы жаңа деңгейге, дамыған
өзіндік реттеу, белсенділік, кəсіби ашық, кеңейтілген кеңістік
есебінен қол жеткізіледі.
Өзін-өзі өзектілеу сатысы, шығармашылықпен, салалас кəсіптерді
меңгерудің мүмкіндігімен байланысты; кəсіпті меңгеру – бұл
шығармашылық өзін-өзі жобалау, өзін қайта құрушы, шыңға жетуші
ретінде көрінуі (жоғары кəсіби нəтижелер, өзінің құзыреттілігінің
деңгейіне ұмтылыс, даралық).
Акмеорта тұғыры кəсіби ортаны тұлғалық-кəсіби дамудың
кеңістігіне қайта құруға мүмкіндік береді, үдерісті акмеологиялық
технологияларды ендіру есебінен, ортаның əсерінің тұтастық
деңгейін арттыра отырып технологияландыруға мүмкіндік береді.
Акмеологиялық ортаны дамыту үдерісін бағдарламалық-
мақсатты басқару алгоритмін қолдануға мүмкіндік береді: а) бо-
лашақ маманның кəсібилігін дамытудың негізгі мақсаттарының
бірі ретінде, ортаны акмеологиялық орта деңгейіне дамытуды
жүзеге асыру; б) жоғары оқу орындарының жəне қосымша білім
беру жүйесінің оқу үдерісіне маманды акмеологиялық ортада
дамыту үдерісін оңтайландыруға мүмкіндік беретін кəсіби іс-əрекет
алгоритмін құрастыру жəне ендіру.
Акмеологиялық ортада кəсіпқойды дамыту – бұл акмеологиялық
ортамен өзара əсерде кəсібиліктің компоненттерін қалыптастыру
мен қайта құрудың сатылы үдерісі. Акмеологиялық ортаның əсері
– кəсіби дамытудың акмеологиялық детерминанттарын, өрістерін
жəне кеңістігін, факторлары мен өзгермелі жағдайларын қамтитын,
жоғары реттегі жүйе, ерекше социумның əсері; сонымен бірге,
меңгерілген жеке қоршаған орта, кəсіпқойдың өзі туралы ұғымдары
мен бағалауы; тұлғалық ресурстарды субъектілікті көрсетуге,
тұлғалық-кəсіби жетістікке жетуге, психофизикалық, тұлғалық-
кəсіби, əлеуметтік, рухани өзіндік дамытуды барынша қамтитын
əлеуметтік қозғалыс хронотоптары.
Ортаны қайта құруда акме-нəтижеге жету үшін əлеуетті
бағалауды ұйымдастыру, ортаның сипаттамалар кешенін анықтау-
дан; кəсіпқойлардың ұжымдық, қайта құрушы, шығармашылық
іс-əрекетіне ендірілген қасиеттерден; объективті жəне субъективті
факторлар мен жағдайларды анықтаудан басталады.
Кəсіпқойды
дамытумен
байланысты
қайта
құрылатын
ұйымдастырушылық ортада, тұлғалық-кəсіби дамытудың ком-
поненттеріне жəне оның ортамен арақатынасына сəйкес келетін
заңдылықтардың 5 тобы əрекет етеді:
– əлеуметтік-психологиялық жəне ұйымдастырушылық (саты-
лы акмеологиялық қамтамасыз ету, кəсіби ортаны модельдеу,
тұлғалық-кəсіби дамытуға бағыттылық, оның экстрафункционалды
біліктілікпен түйісуі, əлеуметтік-психологиялық шеберлік пен
тұлғалық-эмоционалды қорғаныстың сəйкестігі, тұлғаның даму
деңгейлерінің, тиімділіктің шыңдарына өзіндік қозғалыстың
айналмалылығының
əртүрлі
жағдайларында
тұрақтылыққа
тəуелділік);
– когнитивті-креативтілік – ортаны интеллектуализациялаудан
озатын, жеке жəне орта факторларына тəуелді интеллектуалды
белсенділікті көрсетудің алуан түрлілігі; кəсіпқойды өзіндік
ұйымдастыруда креативтілікті ресурс ретінде көрсету; дамудың
жоғары нəтижелеріне жетуде «реакция нормаларынан» асатын,
шығармашылық əлеуетті өзектілеу);
– əлеуметік-перцептивті жəне рефлексивті (жас ерекшеліктен
артық қабылдау инициациясы, рефлексияның өзіндік зерттеумен
арақатынасы);
– ортаны жəне онда кəсіпқойды дамытуды акмеологиялық қайта
құру стратегиясы мен тактикасының заңдылықтары, «кеңістік-
уақыт» кеңістігінде жүзеге асырылады, онда бағдар ретінде кеңдік-
тің маңызды параметрі бар идеалды орта таңдалады; биіктік
192
193
параметрі кəсіпқойды қайта құрушы жəне рефлексивті кеңістікте
дамыту əлеуетінің өсуін білдіреді;
– ортаның кəсіпқойға əрекетін болжаудың акмеологиялық заңды-
лықтары, кəсіби іс-əрекеттің тұрақтылығын жəне жоғары тиімділі-
гін, кəсібиліктің акмеологиялық инварианттарын қалыптастыруды
қамтамасыз ететін интегративті нəтижеге бағдарлайды; тіректі
акмеологиялық заңдылық ретінде ортаны нəтиженің бейнесін
жобалаумен модельдеуі алынады (Н. В. Кузьмина), соған байла-
нысты акмеологиялық ортаны теңдестіру заңдылығы, сонымен бір-
ге, субъектілі жəне объектілі мазмұнға қатысты таңдамалы қабілеті
(А. Б. Орлов), кəсібилікке бірте-бірте өту қабілеті əрекетке түседі
(А. А. Деркач).
Кəсіпқойды дамытудың акмеологиялық үдерісі, тұлғалық
дамуды кəсіби дамумен үйлестіретін, кемелдену шыңдарына
бағыттылықпен, жоғары өрлеуші, озық үдеріс болып саналады
(А. А. Бодалев, А. А. Деркач, В. Г. Зазыкин, Н. В. Кузьмина жəне
т.б.). Даму көпжоспарлы (В. С. Мерлин, Е. А. Климов жəне т.б.)
жəне тұлғалық-кəсіби сапалардың жетілуін, ашылуын жəне кеңеюін
біріктіреді.
Ортаны акмеологияландыру идеясы, оның компоненттерімен
арақатынаста болады, соған сəйкес тұлғалық компонент секторы-
нда К. Роджерс, М. М. Бахтиннің идеялары көрсетілген (орта
– шығармашыл тұлғаның мағыналық контексі), дамудың
детерминаттары туралы Л. С. Выготскийдің иделары, В. А. Братусь
жəне А. А. Деркачтың психотехникалық идеялары, үдерістердің өзара
енгізілуін талдау (тұлға ортаға бейімделуде өзгереді). Материалдық
емес компонентте орта психологиясы П.К.Анохиннің функцио-
налды жүйелер теориясында, А.А. Деркачтың тұжырымдамалы
идеяларында, кəсіпқойды дамыту мотивациясы, рефлексивті орта
туралы идеяларда (В. Г. Асеев) идеология ретінде көрсетілген.
Ортаны акмеологияландыру, оның функцияларын ортаның
бір түрінің доминантасымен біріктіруді қамтиды (адаптивті,
дамытушы, ынтымақтастық жəне т.б.); ортаның сипаты субъектінің
интеграциясымен анықталады (В. В. Рубцов, А. Л. Портнянская),
сонымен бірге, тұлғалық əлеуетті жүзеге асыру мүмкіндігімен, жеке
ерекшеліктерге бейімделумен анықталады.
Акмеологиялық ортада кəсіпқойды дамыту тұжырымдамасы-
ның ғылыми алғышарттарын талдау, бірқатар топтарды көрсетуге
мүмкіндік береді, олардың арасында базалық топтарға əдіснамалық,
теориялық, практикалық-технологиялық топтар жатады.
Кəсіпқойдың белсенділігіне байланысты, ортаның қайта құру-
шы мүмкіндіктері əлеуетті күйден дифференциация, интеграция
немесе генерация механизмдері арқылы өзекті күйге өтеді.
Акмеологиялық ортаның бірінші түрі – қалыптастырушы, ол
«акменің» бірінші белгілерінің пайда болуымен, дамытушы əсермен
байланысты (бірлескен іс-əрекет, белсенді əлеуметтік-кəсіби іс-
əрекет); өзара əрекеттестік – бөлінген жəне имитациялық əрекеттер.
Дараландыру жəне өзіндік өзектілеу сатысында, нəтижелі іс-əрекет-
тің мəнін анықтауға, мақсаттарды дербес таңдауға ынталандыратын,
үдерістер мен нəтижелерді бақылау жəне бағалауға, кəсіпқойдың
бастамасын кеңейтетін қолдаушы əрекеттер қалыптасады.
Акмеологиялық ортаның екінші түрі – қайта құрушы –
тұлғаның ортаға əсері, оның мотивациялық саласын түзету есебінен
алмастырумен сипатталады. Бейімделу сатысындағы кəсібилік –
жеке көрінетін сапалардың жиынтығы: тұлғалық əлеуетті саналы
ұғынуға жəне жүзеге асыруға ұмтылыс, «Мен» жағымды бейнесін
құру (гностикалық, ерікті, ұйымдастырушылық компоненттердің
көрінісі); кəсіпқойлар қауымдастығына ұмтылыс (əлеуметтік-
перцептивті компоненттің көрінісі); өзін тұлға жəне даралық ретінде
саналы ұғыну.
Акмеологиялық ортаның үшінші түрі – рефлексивті, ол
тұлғаның шығармашылық ашылуымен, доминанта аймағының
алмасуымен айрықшаланатын дамытушы қатынастар жүйесімен
байланысты: өзара əрекетте суперкəсіпқой орта құрушы функцияны
жүзеге асырады; мінез-құлықтық үрдіс оның позитивті өзгерісіне
бағдарлануда байқалады, социумның позитивті дамуының
бағытын саналы ұғыну, тұлғалық-кəсіби дамудың мүмкіндігін,
шығармашылықтың жеке тəсілін құрастыруды, конструктивті
əлеуетті өзектілеуді қамтамасыз етуі керек; жоғары деңгейдегі
қажеттіліктер жүзеге асырылады (интеллектуалды, рухани, өзін
қайта құрушы басқару).
Кəсібиліктің əлеуметтік-психологиялық компоненті, дамудың
басым болатын заңдылығымен – ізденістік белсенділікпен
анықталады. Маңызды заңдылық ретінде, бағыттылықтың тұлғалық-
кəсіби дамуға бағдары жəне оның экстрафункционалды біліктілік-
пен түйісуі алынады.
194
195
Ұйымдастырушылық-басқарушы
компонент
үшін
келесі
заңдылықтар
негізделген:
кəсіпқойдың
деңгейінің
жəне
қарқындылығының өзара тəуелділігі; ортаның толықтыруы;
тұлғаның тұтастығын қолдайтын субъектілі жəне объектілі мазмұн-
ды қатынастағы таңдамалы қабілет.
Когнитивті-креативті компонент үшін, кəсіпқойдың интеллект-
уалды əлеуеті мен интеллектуалды капиталының көпдеңгейлі
байланысының, шығармашылық ойлау мен интерналдықтың
деңгейлерінің корреляциялық-интегралды көрсеткіштерінің кері
байланысының, кəсіпқойдың өзіндік ұйымдасуының ресурсы
ретінде креативтілікті көрсетудің (тұлғалық жəне орта ресурстарын
қолдану, мінез-құлықтың орта ақпаратындағы басымдылығы жəне
т.б.) заңдылықтары көрсетіледі.
Интеллектуалды белсенділіктің негізгі көрсеткіштері болып
саналатындар: а) креативті ойлаудың белгілі типіне сəйкес келетін
өзінің қабілеттерін дербес жүзеге асыру; б) өзінің қабілеттерін көрсе-
ту қажеттілігі; в) индивидтің қызығушылықтарын белсендіретін
жəне интеллектуалды белсенділіктің мотивтерін қалыптастыратын,
еңбек мотивациясының фирмаішілік механизмін қабылдау.
Қазіргі кезде əрбір адам өзінің интеллектуалды жəне
шығармашылық өсуіне ықпал ететін жағдайларды объективті талап
етеді. Мұндай жағдайлар ақпараттық жəне телекоммуникациялық
технологияларды кең қолдану есебінен, дараландырудың барынша
дəрежесін қамтамасыз ететін, креативті білім беру ортасында
құрылуы мүмкін. Аталған орта əрбір білімгерге жеке білім
алу траекториясын қалыптастыру үшін мүмкіндіктер ұсынады
(модератор, серіктес рөлінде болатын педагогпен өзара əрекетте
немесе өз бетімен). Білімгердің білім беру ортасындағы білімінің
мазмұны, қарым-қатынас тəсілдері, нақты адамның ерекшеліктеріне
барынша сəйкес құрылуы керек, онда тұлғаның интеллектуалды
дамуының шынайы психологиялық механизмдері, əрбір білімгердің
ментальды тəжірибесі жəне когнитивті стилі есепке алынады.
Ортаны акмеологияландырудың жетістігі, оның оқытушыға
бағыттылығымен, оқытушы мен студенттің ортаны ұйымдастыруды
қабылдаудың бірдейлігімен анықталады. Рефлексияның өзіндік
зерттеумен арақатынасы (А. А. Деркач), қайта құрушы түрдегі
акмеологиялық ортада рефлексивті жəне əлеуметтік-перцептивті
компоненттің барынша түйісуін анықтады, онда кеңістік шартты
түрде «жабық» деп сипатталады, ортамен өзара əрекеттің құнды-
лығын саналы ұғыну жүзеге асады. Сабақтың барысында ортамен
белсенді өзара əрекеттің көрсеткішінің динамикасы, оқытушының
ортаны қайта құрудағы жетекші рөлі туралы тактикалық-
стратегиялық заңдылықты көрсетті.
Өзіндік акмеологиялық заңдылықтар шартты түрде айқындалған
(тұлғалық-кəсіби дамумен байланысты), себебі талдау өрісі
жағдайлар мен факторлардың күрделі жиынтығының əрекетін жəне
локальды əрекеттерді біріктіреді. Нəтижелі ашықтық заңдылығы,
кəсіпқойдың жəне акмеологиялық ортаның өзара əрекетінің
кумулятивті əсерін қамтиды.
Жоғары мектеп жағдайында акмеологиялық тұғырды табысты
жүзеге асыру үшін, білім беру үдерісінің қатысушыларынан барлық
үдерістерді өзара байланыста қарастыру қабілеті; мəселені көру
жəне оны шешудің жолдарын табу, əрекеттің нəтижелерін талдау
қабілеті; қол жеткізілген нəтижеде тұрып қалмау, үнемі өзіндік
жетілдіру қабілеті талап етіледі.
Ортаға бағдарланған тұғыр оқытушының іс-əрекетіндегі тіректі,
білімгердің тұлғасына белсенді педагогикалық əсер етуден, «білім
беру ортасын» қалыптастыру саласына алмастыруға мүмкіндік
береді, онда білімгердің өзіндік оқытуы мен өзіндік дамуы жүзеге
асады. Білім беруді осылай ұйымдастыруда, білімгердің ортамен
өзара əрекетіндегі ішкі белсенділік механизмдері қосылады.
Тұлға ортаның мүмкіндіктерін көбірек жəне толыққанды
қолданатын болса, оның еркін жəне белсенді өзіндік дамуы аса
сəтті өтеді: адам бір мезгілде өз ортасының өнімі жəне құрушысы
болады, орта адамға өмір сүру үшін физикалық негіз болады,
оның интеллектуалды, моральды, қоғамдық жəне рухани дамуына
мүмкіндік береді.
Тұлғаның өзіндік дамуының қозғаушы күштері ретінде,
ішкі қарама-қайшылықтар алынады, сондықтан білім беру
ортасы белгісіздіктің біршама дəрежесі бар, білімгерге өзіндік
детерминация, өзіндік даму механизмдерін «қосуға» мүмкіндік
беретін, амбивалентті бағалаудан тұратын білім беру жағдаятымен
«толықтырылуы» қажет.
Тұлғаның өзіндік дамуы, көп жағдайда білім беру ортасын
дараландыру дəрежесіне байланысты болады. Кез келген адам
өзіндік ментальды тəжірибесімен «толықтырылған», ол тұлғаның
|