Оқулық Алматы, 2014 2 3 ббк о



Pdf көрінісі
бет38/38
Дата11.03.2020
өлшемі1,55 Mb.
#59944
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
Байланысты:
Акмеология


Шеберлік  –  шығармашылық  тұғыр  мен  икемді  дағдылар 
негізінде, белгілі салада кəсіби біліктердің жоғары деңгейі ретінде 
тəжірибе  арқылы  меңгерілетін,  тұлғаның  қасиетін  сипаттайтын, 
еңбек психологиясы мен акмеологияға қатысты категория. 
Шығармашылық ойлау – бір жаңаны құрумен немесе ашумен 
байланысты ойлау түрі. 
  «Акмеология» курсы бойынша емтихан сұрақтары  
1. АКМЕ феноменінің мазмұны жəне негізгі сипаттамасы.
2.  Акмеологияның  пəні  жəне  нысаны.  Акмеологияның  проб-
лемалық өрісі.
3. Акмеологияның мақсаттары жəне басты міндеттері.
4.  Акмеологияның  жалпы  жəне  арнайы  əдіснамалық  принцип-
тері.
5. Адамтану кешеніндегі ғылымдар жүйесіндегі акмеология.
6. Акмеологияның ғылым ретіндегі сипаттамасы.
7. Базалық акмеологиялық категориялардың негізгі типтері.
8.  Кемелденген  тұлғаның  дамуын  зерттеудегі  акмеологиялық 
тұғыр. 
9. Акмеологиялық зерттеу əдістерінің сипаттамасы.
10. Адам – даму жəне өзіндік дамыту субъектісі ретінде.
11.  Акмеографикалық  сипаттау  жəне  акмеограммаларды  құру 
əдістері.
12.  Акмеологиялық  модельдер:  сипаттамасы,  сипаттау  форма-
лары.
13.  Акмеологиялық  технологиялар:  сипаттамасы,  түрлері,  қол-
дану тəжірибесі.
14. Акмеологиялық заңдылықтар. Акмеологияның заңдары.
15. Акмеологиядағы «субъект» категориясы.
16.  Бағдарламалық-мақсатты  бағыттылықтағы  акмеологиялық 
тренингтер: жалпы сипаттамасы, қолдану тəжірибесі.
17.  Психологиялық  білімді    саралау  мəселесі.  Қолданбалы  ак-
меологияның негізгі бағыттары.
18. Жетекші акмеологиялық тұжырымдамалар.
19.  Кəсібиліктің  құрылымындағы  кəсіби  құзыреттілік.  Кəсіби 
құзыреттіліктің түрлері.
20.  Өзін-өзі  дамыту  жəне  өзін-өзі  жетілдіру – акмеологиялық 
əдістер ретінде.
21.  Акмеологиялық  өлшемдер  мен  көрсеткіштердің  мəнді 
сипаттамасы. Олардың тұлғалық-кəсіби даму сферасындағы түрлері.
22.  Акмеологиялық  қызметтің  құрылымы,  функциялары  жəне 
оны ұйымдастыру.
23. Акмеолог-маманның кəсіби сипаттамасы.
24. Акмеологиялық зерттеудің өзгешелігі. 

388
389
25. Тұлғалық-кəсіби дамуды мониторингілеу: принциптері, маз-
мұны, əдістері, сатылары.
26. Акмеологияның негізгі əдіснамалық бағдарларына сипатта-
ма беріңіз.
27. Акмеологияның басты ғылыми жəне əдіснамалық бағдарла-
ры қандай?
28. Əдіснама жəне əдіснамалық принциптер дегеніміз не?
29.  Акмеологияның  жалпы  əдіснамалық  принциптерін  атаңыз. 
Олардың акмеологиялық мазмұны неде?
30. Акмеологияның қандай жекеленген əдіснамалық принциптері 
болады?
31.  Кемелденген  тұлғаның  дамуын  зерттеудегі  акмеологиялық 
тұғырдың жалпы сипаттамасын беріңіз.
32.  Акмеологиялық  тұғырдың  психологиялық  тұғырмен 
салыстырғандағы негізгі айырмашылықтарын атаңыз.
33. Акмеологияның ғылыми-əдіснамалық бағдарлары қандай?
34. Рефлексивті-акмеологиялық тұғырдың құрылымы қандай?
35.  Акмеология  қандай  салалас  ғылымдардың  əдіснамалық 
принциптерін қолданады?
36.  Б.Г.  Ананьев  құрастырған  адамтанудағы  кешенді  тұғырдың 
ерекшеліктері қандай?
37. Акмеологияда субъектілі тұғырды қолдануға мысал келтіріңіз.
38.  Психология  жəне  акмеологиядағы  даму  принципінің  қо-
сымшасын салыстырыңыз.
39.  Тұлғаның  акмеологиялық  құрылымын  құрайтын  компо-
ненттерін анықтаңыз.
40. «Кəсіпқой»  жəне  «кəсібилік»  акмеологиялық  категория-
ларының мазмұнын ашыңыз.
41. «Шеберлік»  категориясы  психологиялық  немесе  акмео-
логиялық категория болып саналады ма?
42. «Тұлғалық-кəсіби дамыту» категориясының акмеологиялық 
мазмұны қандай?
43. Акмеологиялық əсер дегеніміз не, оның психологиялық əсер-
ден айырмашылығы мен байланысы.
44. Педагогикалық акмеологияның пəндік саласы қандай?
45. Педагогтің кəсібилігінің деңгейлері қандай?
46. Оқытушылардың кəсіби іс-əрекетімен байланысты басқарушы 
акмеологияның саласын сипаттаңыз.
47.  Тұлғалық-кəсіби  дамытуда  ерекше  жағдайлар  қалай  есепке 
алынады?
48.  Рефлексивті  мəдениетке  кəсібилікті  дамытудың  факторы 
ретінде сипаттама беріңіз.
49.  Кəсіпқойдың  қалыптасуындағы  тұлғаның  əлеуетін  ашудың 
рөлі қандай?
50. Өзіндік бағалау мен құндылық бағдарлар, олардың тұлғалық-
кəсіби дамытуға əсері туралы айтыңыз.
51. Кəсібилікті дамытудағы жеке ресурстар қалай қолданылады?
52.  Креативті-шығармашылық  іс-əрекетті  акмеологиялық  зерт-
теудің мақсаттары, пəні жəне нысаны қандай?
53.  Креативті-шығармашылық  іс-əрекеттегі  АКМЕ-нің  негізгі 
критерийлерін атаңыз жəне олардың мазмұнын ашыңыз.
54. Тұлғаның əлеуеті қандай əдістер арқылы анықталады?
55. Акмеологиялық технология дегеніміз не, оның психотехно-
логиямен салыстырғандағы мəнді сипаттамасы мен айырмашылығы 
қандай?
56. «Технология» жəне  «психотехнология» ғылыми категория-
ларына сипаттама беріңіз.
57. Контексті оқытудың сызбасындағы акмеологиялық əлеуеттің 
мəні неде?
58.  Сіздің  кəсіби  профиліңіздің  форматында  контексті  оқытуға 
сипаттама беріңіз.
59. Проблемалық оқытудың акмеологиялық негізін көрсетіңіз.
60. Проблемалық жағдаятты құру – гуманитарлы технологиялар-
ды жүзеге асыру ретінде.
61. Қазіргі білім беру тəжірибесіндегі жобалар əдісі.
62.  Жобалық  оқытудың  акмеологиялық  мақсаттары  жəне  ерек-
шеліктері.
63.  Ойын  негізінде  құрылатын  оқу  үдерісінің  негізгі  акмео-
логиялық белгілерін айқындаңыз.
64.  Сіздің  оқыту  профиліңізде  базалық  мəселелер  контексінде 
пікірталастың формаларын мысалдармен көрсетіңіз.
65. Пікірталасты жүргізу ережесін жəне оның нақты оқу үдерісін 
тиімді жүзеге асырудағы рөлін нақтылаңыз.
66. Контексті оқытудың мəні қандай?
67.  Студенттердің  оқу-танымдық  іс-əрекетін  жеделдетуде  кон-
тексті оқытудың қандай формалары мен əдістері қолданылады?

390
391
68.  Оқу  жəне  кəсіби  іс-əрекеттің  құрылымдық  буындарын  си-
паттаңыз.
69. Кəсіби контексттің түрлеріне сипаттама беріңіз.
70. «Акмебағдарланған  технологиялар»  ұғымына  кеңейтілген 
анықтама беріңіз.
71.  Сіздің  кəсіби  ұстанымызда,  қазіргі  білім  беру  тəжірибесін 
қамтамасыз етудегі инновациялық технологиялардың мүмкіндіктерін 
түсіндіріңіз.
72.  Сіздің  білім  беру  профиліңіздің  ерекшелігі  контексінде, 
акмебағдарланған 
технологияларды 
жобалаудың 
сатыларын 
ұсыныңыз.
73. Контексті оқытуға анықтама беріңіз.
74. Контексті оқытуды құрастырудың авторы.
75. Контексті оқытудың мақсаты жəне міндеттері қандай?
76. Белгілік-контексті оқытудың ерекшелігі неде?
77. Квазикəсіби іс-əрекет дегеніміз не?
78. Белсенді оқыту əдістері қандай?
79. Рефлексияға анықтама беріңіз.
80.Тұлғаның белсенділігінің белгілері қандай?
81. Контексті оқыту технологиясының негізгі талаптарын атаңыз.
82. Акмеологиялық білім беру ортасының ерекшеліктері.
83. Тұлғаның акмеологиялық дамуындағы «Мен-тұжырымдама-
сының» мəні, мазмұны жəне құрылымы.
84.  Педагогикалық  жəне  өндірістік  технологиялардың  ұқсас-
тығы мен айырмашылығы неде байқалады?
Оспанова Б.А., 
Бейсембаева К.Д.
АКМЕОЛОГИЯ
Оқулық 

392
Басуға 02.12.14. қол қойылды. Қағазы офсеттік. 
Қаріп түрі «Таймс». Пішімі 60х90/16. Баспа табағы 24,5.
Таралымы: Мемлекеттік тапсырыспен – 800 дана. 
Тапсырыс берушінің дайын файлдарынан басылып шықты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет