Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет209/302
Дата06.02.2022
өлшемі3,11 Mb.
#80173
түріОқулық
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   302
Байланысты:
iztaev osimdik sharyashylygy (1) (1)

№ 9-зертханалық жұмыс
Тақырып: «Астықтың зиянкестерімен ашық түрдегі 
залалдануын анықтау»
Жұмыстың мақсаты:
1. Ашық түрдегі залалдануды анықтау техникасымен танысу, залал-
дануды анықтауды оқып-үйрену.
Тапсырма:
1. Елеу арқылы залалданудың анық формасын анықтау.
2. Залалданудың қосынды тығыздығын (ЗҚТ) есептеу.
3. Залалдану дəрежесін анықтау.
4. Зерттелген астық партиясының қабылдану мүмкіндігін анықтау.
5. ЗПП-47 анализдік картасын толтыру.
Құрал-жабдықтар:
1. Зертханалық електер топтамасы түбімен жəне қақпағымен; 
диаметрі 2,5 мм, 1,5 мм болатын електер;
2. Екі минуттік құмсағат;
3. 4-4,5 есе үлкейткіш əйнек (лупа); 4. Астық зиянкестерінің кол-
лекциясы; 5. Дəннің орта сынамасы.
6. Анализдік тақта (ақ жəне қара шынысымен).
Жұмыстың орындалуы:
Астық партиясында зиянкестердің бір тірі данасы кездестірілген 
болса, онда бұл астық партиясы зиянкестерімен залалданған болып 
саналады. Зиянкестер астық қорына өте үлкен зиян келтіреді, жыл са-


274
йын олардың əсерінен бидай, арпа, күріш, тары, сұлы дақылдарының 
дүниежүзілік қорының 5 пайызы жоғалады.
Нан қорларының ең қауіпті зиянкестері: бізтұмсық, кеміргіштер, 
дəндер күйесі, дəн құрттары. Бұл зиянкестер дəннің ішінде дамып, 
оның іш құрылысын жейді.
Кенелер негізінен дəннің ұрықтық бөлігін зақымдайды, соның 
нəтижесінде дəннің өну қабілеттілігі төмендейді. Көп жинақталған 
кезде зиянкестер дəннің өздігінен қызуына жəне де дəннің бұзылуына 
əкеліп соқтырады. Диірмендерде електердің істен шығуына, өнім 
тасымалдағыш құбырлардың бітеліп қалуына, тағы сол сияқты келеңсіз 
жағдайларға əкеледі. 
Астық партиясының кенелерден басқа ешқандай зиянкестермен за-
лалдануы рұқсат етілмейді.
Астықтағы өлген зиянкестер жағымсыз, өткір иісті болуы да 
мүмкін. Олардың астық құрамындағы мөлшері стандарттармен дақыл 
түріне жəне оның тағайындалуына байланысты қатаң нормаланған.
Астықтың зиянкестермен залалдануы екі: ашық жəне жасырын түрде 
болады. Ашық түрдегі залалдану дəн араларында тірі зиянкестердің 
(əртүрлі даму сатысында) бар болуымен сипатталады. Жасырын түрдегі 
залалдану дəннің ішінде (əртүрлі даму сатысында) тірі зиянкестердің 
болуымен сипатталады.
Ашық түрдегі залалдануды анықтау стандарт бойынша жүргізіледі. 
Бұл тəсіл бойынша дəннің орта сынамасын зертханалық рассевте не-
месе қолмен електер кешенінде елеп, кездестірілген зиянкестерді 
түрлеріне байланысты санап, дəннің зиянкестермен залалдануының 
қосынды тығыздығын есептейді.
Өлшеп алынған орта сынаманы диаметрі 2,5 мм жəне 1,5 мм бола-
тын електер теріміне орналастырады да, 2 минут ішінде електің айна-
лымды қозғалысы 120-дан кем болмайтындай қарқындылықта еленеді.
Диаметрі 2,5 мм болатын електің сырғымасын анализдік тақтаның 
ақ шынысына орналастырып, қолмен шпатель арқылы тексереді.
Анализдік тақта ағаш рамасынан тұратын, бір беті ақ, екінші 
жағынан қара шыныдан тұратын құрылғы. Оның өлшемдері 40х30 
см. Ағаш рамасының шетінде дəн мен қалдықтарды төгу үшін тілік 
болады. Кездестірілген тірі қозғалып жатқан жəндіктер мен кенелерді 
түрлері бойынша санайды. Одан кейін қозғалмайтын зиянкестерді бірге 
жинап, 5-10 секунд ішінде деммен немесе электр лампасымен оларды 
белсендіру үшін жылытады. Белсендіру нəтижесінде қозғалып жатқан 
тірі жəндіктерді түрлері бойынша санайды.


275
Диаметрі 2,5 мм болатын електің өтімін анализдік тақтаның ақ шы-
нысына төгеді де, шпатель арқылы қолмен тексеріп, анықталған тірі 
жəне белсендірілген зиянкестерді санайды.
Содан кейін диаметрі 1,5 мм електің өтімін анализдік тақтаның қара 
шынысына жұқа қабатпен шашып, үлкейткіш əйнек арқылы қарап, 
анықталған жəне белсендірілген тірі кенелер мен жəне ұсақ жəндіктерді 
санайды. Қара шынының қолданылуы кенелердің ұсақ жəне ақшыл 
түсті болуымен түсіндіріледі.
Нəтижелерді өңдеу
Əрбір зиянкестің дəнді залалдауының орта тығыздығы (), бір 
зиянкестің 1кг дəндегі данасының санымен:
1
2
1
2
,
...
, ..
*
i
i
c
c
c
n n
n
X X
X
m N
}
 
формуласы арқылы анықталады.
Мұндағы,– орта сынамадағы анықталған зиянкестің бір түрінің 
саны, дана;
m – орта сынаманың массасы, кг; 
N – партиядан алынған орта сынамалар саны, дана.
Залалданудың орта тығыздығын екінші ондық санға дейін есептеп, 
бірінші ондық санға дейін жуықтайды.
Дəннің зиянкестермен залалдануының қосынды тығыздығын (1 кг 
дəндегі зиянкестердің барлық түрлерінің мөлшері):
ЗҚТ+ +….+ 
формуласымен анықтайды.
Мұндағыəр зиянкеспен дəннің залалдануының орта тығыздығы, 
дана/кг;
,,- əр зиянкестің зияндық коэффициенті (кестеде келтірілген)
54-кесте 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   302




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет