Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет70/302
Дата06.02.2022
өлшемі3,11 Mb.
#80173
түріОқулық
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   302
Байланысты:
iztaev osimdik sharyashylygy (1) (1)
203 топ сабакка катысу, ағылшын тест, Turakhanova Nilufar and Khairullayeva Zulkhumor Fat-811B lesson, Turakhanova Nilufar and Khairullayeva Zulkhumor Fat-811B lesson
7.4.9. Дəннің қауызы мен қабығы
Ауылшаруашылық дақылдарын жалаңаш дəнді жəне қабықты 
(қауызды) дəнді деп 2-ге бөлуге болады. Жалаңаш дəнді дақылдарға 
бидай, қарабидай, жүгері, бұршақ тұқымдастардың барлығы сияқты 
сыртында қабығы немесе қауызы жоқ дақылдар жатады. Ал басқа 
дақылдардың бəрі əр дəннің сыртында өзінше бөлек қабығы бар 
топқа жатады. Олардың қабықтары астықты бастырғанда аршылмай 
дəнмен бірге түседі. Сондықтан технологиялық ғылымдарда дəннің 
қабықтылығы немесе қауыздылығы деген ұғым қолданылып, ол олардың 
сапалық белгісінің шешуші белгілерінің бірі болып есептелінеді.


110
Дəннің қабықтылығы деп оның сыртқы қабықтарының пайызын 
айтады. Мұны күнбағыс пен мақсары қауыздығы деп атайды. Астық 
дақылдарының қабықты тобына кіретіндерінің бəрі дерлік жармалық 
дақылдар. Олардан алынатын жарманың шығымы дəндегі қабықтардың 
мөлшеріне, оларды ақтау, ажарлау үдерістеріне байланысты. Ол 
үдерістің технологиясы жəне онда пайдаланылатын машиналардың 
түрі жарма алу технологиясы пəнінде беріледі. Дəннің қауыздылығы əр 
дақылдың, оның сортының ерекшеліктеріне, ауа райының жағдайына, 
жер қыртысының құнарлылығына байланысты. Осы жағдайлар 
түгел жеткілікті болса, дəн ірі болып толған сайын оның қауызының 
пайыздық қатынасы азая береді. Ауа райы қолайлы болса, қабықтар 
жұқа болып, оның ішіндегі ядросының қатынасы өседі. Мысалы, ТМД-
ның еуропалық бөлігінде өскен тарының Орталық қара топырақты об-
лыстар мен Сібірде өсірілген тарыдан қауашақтарының азырақ бола-
тыны дəлелденген. Орыс ғалымы М. С. Рукосуев егер тарының 1000 
дəнінің массасы 4,32 г болса, онда оның қабығы 20,90 пайыз, оның 
ядросы 79,10 пайыз, ал 1000 дəннің массасы 6,85 г-ға дейін өскенде, 
оның қауашағы 16,07 пайызға дейін төмендеп, осының есесіне ядросы 
83,93 пайызға дейін өсетінін айтқан.
Дəннің қауыздылығын тек қолмен, əртүрлі қауашақты аршушы 
құрылғылар ЛШ-І, ЛШ-ІМ, ГДВ ( Гойхенберг, Дутов, Фишер) аспа-
бы, Городецскийдің аршушысы, Носотовский-Кемницаның арпаға 
арналған, Доброхотовтың күрішке арналған, Вьетнам жəне ГДР аспап-
тары қолданылып анықталады.
Кең тараған кейбір дақылдардың қауашақтылығы: сұлы – 18÷46, 
арпа- 7,5÷15, тары – 12÷25, күріш – 16÷24, қарақұмық – 18÷28, күнбағыс 
– 35÷78 пайыз арасында болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   302




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет