Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


-тарау ДƏННІҢ СЫРТҚЫ ЖƏНЕ ІШКІ ҚҰРЫЛЫСЫ



Pdf көрінісі
бет30/302
Дата06.02.2022
өлшемі3,11 Mb.
#80173
түріОқулық
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   302
Байланысты:
iztaev osimdik sharyashylygy (1) (1)
203 топ сабакка катысу, ағылшын тест, Turakhanova Nilufar and Khairullayeva Zulkhumor Fat-811B lesson, Turakhanova Nilufar and Khairullayeva Zulkhumor Fat-811B lesson
4-тарау
ДƏННІҢ СЫРТҚЫ ЖƏНЕ ІШКІ ҚҰРЫЛЫСЫ
4.1. Ауылшаруашылық дақылдары дəндерінің 
жалпы сипаттамасы
Морфология деп өсімдіктің немесе дəннің сыртқы құрылысын ай-
тады. Бұған барлық өсімдік жəне дəн құрылыстарының əр өсімдіктің 
өзіне тəн органдарының орналасу ерекшеліктері де жатады, ал анато-
мия дегеніміз – өсімдіктің немесе дəннің микроскоп арқылы көріп зерт-
теуге жататын ішкі құрылысы. 
Морфология мен анатомияның технология үшін маңызы өте зор. 
Мысалы, бидай дəнінің бір түрінде (жұмсақ бидайда) сақалшасы бар, 
ал екіншісінде (қатты бидайда) ол жоқ, олардың алдыңғы бетіндегі 
ойығы да екі түрлі, ол екеуінің дəнінің сыртқы түрі де бөлек.
Бір түрге жататын жұмсақ бидайдың эндоспермі сəуле өткізгіш не-
месе шыны немесе ақ ұн тəрізді, яғни басқа сөзбен айтқанда, олардың 
құрылысы тығыз немесе бос борпылдақ болып келеді. Міне, осылардың 
бəрі ұн тартқанда оның түсімдік көлеміне, оның сапасына өзінің 
ықпалын тигізеді. Ал ұрықты алатын болсақ, оның майы көп, күрделі 
ақуыздардан тұрады, ұн тарту үдерісінде уатылмай кебекке шығып 
кетеді. Егер ұнға қосыла қалса, тез тотығып, ашып, кейде ащы дəм пай-
да болуына себеп болады.
Егер дəн ірі, домалақтау болып келсе, одан ұн көп шығады. Міне, 
дəннің морфологиялық жəне анатомиялық құрылыстары, сондықтан 
да олардың технологиялық қасиеттерін анықтауға белгілі орын ала-
ды. Дəннің морфологиялық жəне анатомиялық құрылыстары зертхана 
жұмыстары ережелерінде берілген.
Технологиялық ғылымдарда мынадай түсініктер жиі кездеседі: 
жеміс – бұл гүл ұрықтанып болған соң жаңадан пайда болатын дəннің 
бастамасы. Бұл сөз қазақтың ежелгі тілінде тарамаған.
Ауыл шаруашылығы дақылдарының жемістері жалаңаш дəнді не-
месе бұршақ тəрізді, қауашақ тəрізді тағы басқа да түрлі болуы мүмкін.
Тұқым – жемістен кейінгі дəннің жетілу кезеңі. Мұнда дəннің 
сыртындағы қабықтары пайда болып, ұрық пен эндосперм бөлініп, дəн 
өзінің қалпына келеді. Міне, осыдан кейін барып дəн деген ат беріледі. 
Бұл ат бір дəнге де, кейде ол көптеген дəндер қоспасына да пайдала-


52
ныла береді. Бұл сөз астық деген сөзбен бір мағынада болып, түсінік 
береді. Астық деп көбінесе, дəнді дақылдардың өнімін айтады, ал жеке 
дəнді «дəн» деп атап кеткен. Тұқым деген сөздің қазақ тілінде екінші 
мағынасы бар, яғни ол жерге себуге арналған дəн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   302




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет