11.5. Арпа (Нordeum)
11.5.1. Арпаның жалпы сипаттамасы
Арпа тамақ өндірісінің көп салаларында пайдаланылады. Оны малға
жем ретінде, жарма (арпа жармасы жəне перловка), сыра, спирт жəне
аздап нан, уытты экстракт сияқты өнімдер алуға пайдаланады.
Арпа сабаны – малға азық, астына төсеніш.
Арпа eгістігі көлемі бойынша дүниежүзінде бидай, күріш, жүгеріден
кейін, төртінші орында, ал біздің елімізде бидайдан кейін екінші орын-
да (силосқа егілген жүгеріні есептемегенде). Арпа АҚШ, Канадада Ин-
дияда, ГФР, Чехословакияда жəне Жапонияда көп егіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |