Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет185/302
Дата06.02.2022
өлшемі3,11 Mb.
#80173
түріОқулық
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   302
Байланысты:
iztaev osimdik sharyashylygy (1) (1)

11.16. Майкене (Ricinuscommunis)
Майкене тек май алу үшін ғана өсіріледі. Одан өте бағалы, басқа 
өсімдікте пайда болмайтын немесе химиялық əдістермен алынбайтын 
майдың ерекше түрі алынады. Кастор майы деп аталатын кеппейтін, 
катып немесе суықта қоюланбайтын май тек осы майкененің дəнінен 
алынады. Бұл май Қиыр Солтүстіктегі машиналарды майлауға, 
турбореактивтік ұшақтардың майы ретінде, тері илеу, жеңіл 
өнеркəсібінде, бояу, линолеум алуға, т.б. көптеген өндіріс орындарын-
да, медицинада қолданылады. Кастор майының ішінде болатын себа-
цин қышқылы – нейлон, кабельдердің қоспасы сияқты суыққа төзімді, 
өмірі кеппейтін, жер астында болуға да шыдамды кабельдерді майлауға 
пайдаланатын табылмайтын шикізат. Медицинада пайдаланатын кас-
тор майын тек дəнді сығып алу əдісімен ғана бөліп алады, ал басқа май-
ларды ерітіп алуға болады. 
Май өндірісінің қалдығы – күнжара сығындыдан казеин ақуыздық 
заттарын, желім алуға немесе жер тыңайтқыш ретінде жəне отқа жағуға 
болады. Егер күнжара мен сығындыны тазаласа, мал азығы ретінде де 
пайдаланады. Онда 47 пайызға дейін ақуыз бар. 
Майкененің сабағының кендір алады, жапырағын жібек құрттарына 
жемге пайдаланады.
Майкене Қазақстанда өспейді. Оны тек Краснодар өлкесі мен Хер-
сон, Запорож облыстарында егеді. 
Майкене Ricinus тегіне жатады. Оның кəдімгі майкене (Ricinus 


241
communis) түрі ТМД-да тараған. Оны кейде Рицина немесе ұжмақ 
ағашы деп те атайды. Бұл түрге 25 тармағы кірген. Одан ТМД-да үш 
түрі: кəдімгі (R. communis) немесе қан-қызыл сангвинеус (sanguineas), 
персид (persicus) жəне қытай (ssp.sinensis) түрлері егіледі.
Майкененің сабағы жуан, биік өседі, іші қуыс, бұтақтарының басын-
да гүл шоқтары болады. Əр гүл шоғы бір-бірден жеміс салады. Жемісі 
үш ұялы домалақ қауашақ. Оның диаметрі 10-35 мм, үсті тікен-тікен, 
жасыл, қызыл немесе қоңыр түсті, піскен кезде қауашақ ашылып, дəнді 
шашылып кетеді.
Дəні жұмыртқа тəрізді, ұзыны 5-35 мм, көлденеңі 10 мм-ге жақын. 
1000 дəнінің массасы 200-500 г. Қабығы қатты, жылтыр, қоңыр-шұбар 
болады. Оның химиялық құрамы (ВНИИМК 165 сорты бойынша) 
төменде (
40-кесте
) көрсетілген.
40-кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   302




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет