Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет270/302
Дата06.02.2022
өлшемі3,11 Mb.
#80173
түріОқулық
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   ...   302
Байланысты:
iztaev osimdik sharyashylygy (1) (1)

№25-зертханалық жұмыс
Тақырып: «Ажарланған тары жармасын талдау»
Жұмыстың мақсаты:
Сортты жарманың сапа көрсеткіштерін анықтау əдістемелерін оқып, 
өз бетінше жарма сапасын есептеуді үйрену жəне оның стандартқа 
сəйкестігі туралы тұжырым жасау.
Тапсырма:
1. Сапа көрсеткіштерін анықтау.
2. Стандарт бойынша шешім қабылдау.
Құрал-жабдықтар:
1. Анализдік тақта 
2. Қалақшалар, шпательдер
3. 4-4,5 есе үлкейтетін шыны (лупа)
4. Електер №056, диаметрі 1,5 мм
5. Өлшендіге арналған ыдыс
6. Техникалық таразы
7. СЭШ-3М кептіргіш шкафы
8. Бюкстер
9. Эксикатор
10. Ожаудағы орташа сынама
11. Тигельді қысқыштар
Жұмысты орындау жоспары:
1. Сынаманы араластыру. 
2. Ылғалдылық пен органолептикалық көрсеткіштерін анықтау үшін 
өлшендіні бөліп алу.
3. Органолептикалық анализ.
4. Ылғалдылығын анықтау.
5. Зиянкестермен залалдануын анықтау.
6.Металломагниттік қалдықтарды анықтау.
7. Сынаманы араластыру жəне қалдықтарды анықтауға арналған 
өлшендіні бөліп алу.
8. Жарма ішіндегі қалдықтар мөлшерін анықтау.
9. Сапалы ядро мөлшерін анықтау.
10. Тұжырым. 


367
Жұмыстың орындалуы:
1. Орташа сынамадан өлшенділерді бөліп алу;
2. Органолептикалық көрсеткіштерін анықтау;
Түсін анықтау:
Жарма түсін күндізгі жарық немесе шамдар жəне люминисценттік 
шамдардың көмегімен анықталады. Ол үшін тары жармасының 50 
грамын қара шынылы тақтайға төгіп тегістейді. Ауытқулар болған 
жағдайда жарма түсін күндізгі жарықта анықтайды.
Тары жармасының түсі _____________________________________
Иісін анықтау:
Орташа сынамадан 20 г өлшендіні таза ақ параққа жайып, иісін 
анықтайды. Өнім иісін күшейту үшін жарманы фарфор ыдысына са-
лып, шынымен жабады да, оны қайнаған сулы моншаға орналастыра-
ды. 5 минут қыздырылған жарманың иісін анықтайды.
Тары жармасының иісі ______________________________________
Дəмін анықтау:
Жарма дəмін əрбірінің массасы 1 г болатындай 1-2 өлшендіні шай-
нау арқылы анықтайды.
Тары жармасының дəмі_____________________________________
3. Ылғалдылығын анықтау.
Тары жармасынан массасы 20±0,1 г өлшендіні алады да, оны арнайы 
диірменде майдалайды. Алынған өнім ірілігін №1 жəне №08 електері 
арқылы 3 минут аралығында (110-120 айналымды қозғалыста) не-
месе зертханалық рассевте (180-200 айн/мин) 5 минут аралығында 
елеу арқылы анықтайды. Ұсақталған жарманың №1-елегіндегі 
сырғымасы 10%-дан аспауы керек, ал №08-елегінің өтімі 70%-дан 
кем болмауы керек.
Жарманы майдалау уақыты шамамен, 15 секунд аралығында болады. 
Тары жармасының ылғалдылығын екі параллель өлшендіде 
анықтайды. Ол үшін 2 таза құрғатылған металл бюкстерді алады да, 
өлшейді. Кейіннен тары жармасын мұқият араластырып, əр жерінен 
қалақшамен алынған 5.00±0,1 г массаны өлшенген бюкстерге салады. 
Кейіннен ашық бюкстерді тездетіп кептіру шкафына апарып, 40 минут 
аралығында 130 градуста кептіреді. 
Кептіру соңында бюкстерді шкафтан алып, қақпақпен жабады да, 


368
толық сууы үшін 20 минутқа эксикаторға қояды. Суыған бюкстерді 
өлшеп, олардың ылғалдылығын пайызбен: 
ܹ ൌ
݉
ଵି
݉

݉

כ ͳͲͲ
формуласы арқылы есептейді.
Мұндағы, m

– жарма өлшенді массасы, г;
m

– кептіргенге дейінгі бюкс пен өлшенді массасы, г;
m

– кептіргеннен кейінгі бюкс пен өлшенді массасы, г.
Екі параллель анықтаулар нəтижелерінің арасындағы ауытқу 
0,2%-дан аспауы керек. Егер екі параллель анықтаулар нəтижелерінің 
арасындағы ауытқу 0,2%-дан жоғары болса, онда ылғалдылықты 
анықтау қайта жүргізіледі.
Талдаудың соңғы нəтижесіне екі параллель анықтаулардың 
арифметикалық ортасы қабылданады. Бұл мəн 0,1-ге дейінгі дəлдікпен 
жазылады. 
Нəтижелерді жазу:
W
1
= ________________________%.
W
2
= ________________________%.
Нақты ауытқу = ______________
Рұқсат етілген ауытқу _________
W
орт
= (W

+ W
2
)/2 = ___________ 
4. Зиянкестермен залалдануын анықтау:
Тары жармасының орташа сынамасын 1,2х20 жəне диаметрі 1 мм 
елегі арқылы қолмен немесе механикаландырылдған əдіспен өткізеді 
(орташа есеппен 2 минут аралығында, 120 об/мин). Елеудің соңына 
қарай үстіңгі елек сырғымасын жəне астыңғы мен үстіңгі елек өтімдерін 
жеке бөліп, анализдік тақтада, жұқа қабатта, қарастырады. Ондағы тірі 
мен өлі зиянкестерді, олардың түрлерін анықтайды. Жоғарғы електің 
сырғымасы мен өтімін анализдік тақтаның үстіндегі ақ шыныда, ал 
төменгі електің өтімін, қара шыныда лупаның көмегімен қарайды.
Өлі зиянкестерді шөп-шалаң қалдықтарға апарып қосып, залалдану 
деңгейін анықтау кезінде оларды есепке алмайды.
Зиянкестермен залалдануы _________________________________
5. Металломагниттік қалдықтарды анықтау:
Металломагниттік қалдықты бөлу ПВФ құралы арқылы немесе 


369
қолмен анықтайды. Металломагниттік қалдықты бөлу ПВФ құралымен 
анықтағанда 1кг жарманы экран арқылы өткізеді. Содан кейін 
құрылғының қақпағын алып, магнит блоктарынан экранды суырып 
алады , ал металлмагнит қалдықтарын ақ қағаз үстіне қағады.
Ал қалдықтарды қолмен бөлу кезінде 1 кг жарма өлшендісін 0,5 
см қалындығымен тегістейді, содан кейін таға тəрізді магнитпен өнім 
қабатының үстінен ұзына бойына жəне көлденең бірнеше рет ұнның 
барлық бетін қамтитындай етіп жүргізеді. Металлмагнит қалдықтарын 
полюстерден ақ қағаз үстіне бөледі.
Металлмагнит қалдықтарын өнімнен бөлуді 3 рет қайталап, содан 
кейін аналитикалық таразыда өлшейді. Металлмагнит қалдықтарының 
кейбір түрлерін өлшегіш тордың көмегімен ПИФ құрылғысында 
анықтайды.
Металлмагнит қалдықтарының мөлшері _______________________ 
6. Сынаманы араластыру мен өлшендіні бөліп алуды №1-пунктіге 
сəйкес анықталады.
7. Ажарланған тары жармасында қалдық мөлшерін анықтау:
Орташа сынамадан 25 г өлшендіні алып, диаметрі 1,5мм болатын 
жəне №056 елегінде елегеннен соң, одан қолмен:
– бүлінген ядролар(қарайған, ядросы анық бүлінген);
– шөп-шалаң қалдықтар :
– минералды (құм, тас, топырақ);
– органикалық (гүл қабықтарының бөлшектері, сабақтар);
– шөп-шалаң тұқымдар(жабайы мен мəдени өсімдіктер тұқымы);
– зиянды қалдықтар (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   ...   302




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет