8
ірі қалаларда элеваторлар салынып, 1913 жылы астықты топтастырып,
жіктеу принциптері қалыптасқан. 1918 жылдан бастап Ресейде астықты
зерттеу жаңа арнаға көшкен. Астықты жинап-тексеру, оны сақтау, өңдеу
үстінде ғылымның жетістіктерін кең түрде пайдаланған.
Қазір Қазақстанда астықтың күрделі проблемаларын Ғылым
академиясының ботаника институты, Ақмоланың астық
шаруашылығы институты, қазақтың егін шаруашылығы институты,
т.б. Сондай-ақ жоғары оқу орындары жəне ғылыми-зерттеу инсти-
туттары зерттейді.
Астық сапасын мемлекеттік астық сорттарын сынау комиссиясы
өзінің көптеген сорт сынау жүйелерінде тексереді. Астықтың сапасы
биохимия институтында, тəжірибе жəне селекция станцияларында
тексеріледі. 1946 жылы Женевада (Швейцария) халықаралық астық са-
пасын стандарттау орталығы (ISO) ашылды. Оған 65 мемлекет кіреді.
Ол 139 комитеттен тұрады. 1955 жылы халықаралық астық химиясы
қоғамы ашылды. Бұлар барлық халықтарға бірдей қатынасы бар стан-
дарттар жасап енгізу, халықаралық қатынастарды нығайту жəне астық,
нан өндірісінде істейтін көптеген қауымды біріктіру мақсаттарын алда-
рына қойған.
Қазақстанда жыл сайын өсірілетін астықтың сапасын, оны қабылдау,
сақтау, өңдеу проблемаларын мемлекеттік астық инспекциясы (МАИ)
басқарады.
Достарыңызбен бөлісу: