240
Қазақстанда таралған сорттары;
Воронежский 1308, биіктігі 38-77 см, дəнді қоңыр түсі, майлылығы
37-47 пайыз, 1000 дəнінің массасы 7 гр. ВИР 1650, биіктігі 40-80 см,
дəні қоңыр түсті, майлылығы 40-45 пайыз, 1000 дəнінің массы 7 гр.
1994 жылдан бастап Қостанай ауыл шаруашылығы ғылыми-
зерттеу институтының ғалымдары майлы зығырдың селекциялық
жұмыстарымен айналыса бастады. Тыңғылықты зерттеулер нəтижесінде
аталған ұжым ғалымдары зығырдың бірнеше перспективті сорттарын
шығарды. Мысалы, «Казар» сорты 2005 жылдан, «Қостанайлық 5» со-
рты 2006 жылдан, ал «Славячил» сорты 2008 жылдан бастап кеңінен
қолданыс тапты. Бұл сорттардың өнімділігі мен майлылығы стандарт
талаптарынан жоғары болуда.
Зығыр дəніне екі: «Жіп талшықтарын алуға арналған зығыр», Стан-
дарт. «Май алуға арналған зығыр» деп аталған стандарт жасалған.
Достарыңызбен бөлісу: