Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Ауылшаруашылық дақылдарының орташа химиялық құрамы



Pdf көрінісі
бет39/302
Дата06.02.2022
өлшемі3,11 Mb.
#80173
түріОқулық
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   302
Байланысты:
iztaev osimdik sharyashylygy (1) (1)

Ауылшаруашылық дақылдарының орташа химиялық құрамы, 
пайыз есебімен
Дақылдар
Су
Ақуыз
Май
Көмірсутектер
Минера
лдық за
т
Бөлінетін 
энергия, 
(100
2
-ға)
Бар-
лығы
қант крахмал клечатка
ккал
кДЖ
Күздік 
жұмсақ бидай 
14,0 11,6 1,6
68,7
2,6
53,7
2,4
1,7 318 1331
Жаздық 
жұмсақ бидай
14,0 12,7 1,6
66,6
2,6
52,4
3,4
1,7 315 1318
Қатты бидай
14,0 12,5 1,9
67,5
2,1
54,9
2,3
1,8 320 1339
Қара бидай 
14,0 9,9
1,6
70,9
3,5
54,0
1,9
1,7 320 1399
Сұлы
13,5 10,1 4,7
57,8
1,2
36,1
10,7
3,2 300 1255
Арпа 14,0 11,5 2,0
65,8
3,6
50,1
4,3
2,4 311 1301
Тары
13,5 11,2 3,8
60,7
2,5
54,7
7,9
2,9 307 1284
Қарақұмық
14,0 11,6 2,3
59,2
1,5
54,9
10,8
1,8 290 1213
Күріш
14,0 7,3
2,0
63,1
3,1
55,2
9,0
4,6 284 1188
Жүгері 14,0 9,3
4,0
69,4
2,8
59,8
2,1
1,2 333 1393
Бұршақ 14,0 23,0 1,2
53,3
4,2
46,5
5,7
2,8 303 1263
Соя
12,0 34,9 17,3 26,5
9,0
2,5
4,3
5,0 395 1653
Күнбағыс 11,0 14,8 40,8 16,0
14,5
2,9
-
Майкене 7,0 18,3 51,3
2,0
18,6
2,8
-
-


67
Бақылау сұрақтары:
1. Дəннің химиялық құрамын неше топқа бөледі?
2. Органикалық заттар тобына жататындарды атаңыз.
3. Минералды заттар тобына жататындарды атаңыз.
4. Дəн құрамындағы ақуыздардың сипаттамасы.
5. Дəн құрамындағы көмірсутектер.
6. Дəндегі көмірсутектерге жататын көп көміртекті қанттардың 
түрлері.
7. Дəн құрамындағы крахмал.
8. Дəн құрамындағы клетчатка.
9. Дəн құрамындағы майлар.
10. Дəн құрамындағы ферменттер.
11. Дəн құрамындағы дəрумендер.
12. Дəн құрамындағы пигменттер.
13. Дəн құрамындағы минералдық заттар.
14. Дəн құрамындағы байлаулы жəне механикалық байлаулы су.
15. Астықтың ылғалдылығы.


68
6-тарау
АСТЫҚТЫҢ САБАҒЫНДА ТҰРҒАНДА ЖƏНЕ ОРАҚ 
КЕЗІНДЕ ЗАҚЫМДАНУЫ
Астық дақылдары – өте нəзік өсімдіктер. Өздері өсіп тұрған 
орталарының ықпалына – күннің ыстық, суықтығына, ауаның жəне 
жердің құрғақшылығына байланысты тез өзгеріп тұрады. Олардың 
тыныс алу, фотосинтездік, дəннің толу, пісу сияқты үдерістері де-
реу өзгереді. Осының алдарынан олардың ауруға шалдығуы, өнімнің 
жəне сапасының төмендеуі ықтимал. Өсімдіктің өскен жəне астық ору 
кезіндегі зақымдануы өнімін ғана төмендетіп қоймай, онымен бірге 
технологиялық қасиеттерін де төмендетіп, ал кейде улы затқа айналды-
рып жіберуі де мүмкін. 
Астық қоймада жатқан кезде тышқан, əртүрлі зиянды құрт-
құмырсқалардың жемі болып та зақымданады. 
Астық сабағында тұрғанда табиғатта кездесетін барлық қолайсыз 
жағдайлардың жиынтық əсеріне шалдығып, көптеген шығынға 
ұшырайды. Бүкілодақтық өсімдік қорғау институтының мəліметтеріне 
қарағанда жыл сайын 8 млн тоннаға тарта астық осындай себептерден 
шығын болады екен. 
Өсімдік сабағында тұрғанда астық мына төменгі ысыраптарға 
ұшырауы мүмкін:
1. Ауа райының қолайсыздығынан болатын зақымдар – суықтың 
ерте түсуіне байланысты егістіктің үсікке шалынуы, немесе көк күйінде 
семіп қалуы, топырақтың жəне ауа құрғақшылығына ұрынып семіп 
қалған егістен шөпек дəн пайда болуы кездеседі. Шөпек дəннің пай-
да болуы жер қыртысының құнарсыздығынан да болады. Кейде күнге 
күйіп кеткен астық та кездеседі. Бұлардың бəрі шөпек дəннің үлесін 
көбейтеді. 
2. Аурудан зақым алған астық – уақ саңырауқұлақ немесе гриб аура-
ларына – қастауыш (спорынья) қара күйе, фузариоз, тат тағы басқа да 
ауруларға, бактериоз, вирус ауруларына жəне гүлді өсімдік паразиттері 
– арамшырмауық, сұңғыла сияқты кеселге шалдыққан астық;
3. Өсімдіктің тамырында тұрып зиянды жəндіктермен зақымдануы;
4. Дəннің орылмай өсімдіктің сабағында тұрып немесе дестеде жа-
тып қалып өніп кетуі немесе қыстап қалып, улы затқа айналуы;
5. Орақ кезінде механикалық зақымданған – сынған, арам шөптің 


69
сөлінен бөтен иіс дəм сіңіріп алған (ермен, қытай пияз, т.б. арам шөптен 
ауысқан) жат дəмі бар астық. Астық, қорларында ерте көктей орылып 
жаншылған көк дəн де кездеседі.
Міне, осы көрсетілген зақымдардың бəрі астықты сақтауға, өңдеуге, 
олардан алынған тағамдардың сапасын төмендетіп немесе сапасын 
тіпті, жойып та жібереді. Олардың əрқайсысының қандай зиянды əсері 
бар екеніне төменде жеке-жеке тоқталамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   302




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет