Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


-тарау АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ДАҚЫЛДАРЫ ДƏНДЕРІНІҢ



Pdf көрінісі
бет35/302
Дата06.02.2022
өлшемі3,11 Mb.
#80173
түріОқулық
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   302
Байланысты:
iztaev osimdik sharyashylygy (1) (1)

5-тарау
АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ДАҚЫЛДАРЫ ДƏНДЕРІНІҢ 
ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫ
Ауылшаруашылық дақылдары дəндерінің химиялық құрамы өте 
күрделі. Ол толығы астық биохимиясы пəнінде оқылады. Бұл тарауда 
оған тек қысқаша шолу жасап өтеміз.
Дəннің химиялық құрамын:
1. Органикалық заттар; 2. Минералды затттармен 
деп екі үлкен 
топқа бөлуге болады.
Органикалық заттар тобына ақуыздар, көмірсутектер, майлар, фер-
менттер, дəрумендер, пигменттер, т.б. көптеген заттар жатады.
Минералды заттар тобына əртүрлі тұздар мен су жатады.
Ақуыздар
. Ақуыздарға құрамында азоты бар органикалық заттар 
жатады. Олардың құрамы өте күрделі жəне əртүрлі. Олар организмде 
өте күрделі қызметтер атқарады. Өсімдіктің жəне дəннің құрамында 
ақуыздар, үнемі өзгеріп тұрады, яғни жаңадан пайда болып, кейде 
басқа түрлерге алмасып, немесе бұзылып тұруы да мүмкін. Ақуыздар 
клетканың протоплазмасында өте көп. Олар клеткада жүріп тұратын 
үдерістерді басқарып, реттеп жүргізіп тұратын катализаторлар 
ферменттердің құрамына кіреді. Организмнің өсіп өркендеуі тек қана 
ақуыздардың қатынасумен жүре алмайды. Сондықтан астық ақуызы 
адам өмірінде ең көрнекті орын алады, яғни онсыз өмір болуы мүмкін 
емес.
Ақуыздар құрамында азоты бар амин қышқылдардан тұрады. 
Дəннің құрамында кездесетін амин қышқылдардың саны – 22. Олар 
адам организмінде атқаратын қызметіне қарай екі топқа бөлінеді: 1 топ 
– айырбастауға келмейтін, тек өсімдіктерде ғана пайда болатын, адам 
организміне тек дайын күйінде тамақпен келіп кіретін амин қышқылдар. 
Бұлардың саны – 8. Егер ақуыздың молекуласының құрамына осының 
бəрі кіретін болса, онда мұндай ақуыз толықбағалы ақуыз деп аталады. 
Оны былай түсінуге болады. Адам организмінің ақуызы толықбағалы 
ақуыз деп аталады. Адам организмінің ақуызы толық бағалы, ал егер 
тамақтың құрамында тіпті, осы 8 амин қышқылдардың біреуі немесе 
бірнешеуі жетіспесе, адам денесінде белок синтезі мүлде тоқтайды, 
ақуыз «ашаршылығы» басталады. Адам денесінің ақуызы толық бағалы 
болғандықтан, ол жетіспейтін амин қышқылдың орнын басқа ешқандай 


59
қышқыл толтыра алмайды. Тек сол керекті амин қышқыл келіп жеткен-
де ғана синтез жалғаса алады.
Екінші топ басқа 14 амин қышқылдар айырбасқа жататын амин 
қышқылдар, яғни олардың кейбіреулері аз болса, олар басқа басы артық 
амин қышқылдардан адам денесінде пайда бола береді. Бұлар өте көп 
жəне тез жаратыла береді. Олардың синтезі өсімдіктің де, адамның да 
организмдерінде оңай өте береді. Егер астық ақуызының құрамында 
бір немесе бірнеше айырбасқа жатпайтын амин қышқылдар жетіспесе, 
онда мұндай ақуыз толық бағалы емес деп аталады.
Астықтың құрамында лизин, триптофан сияқты амин қышқылдар 
аз. Сондықтан нан тағамдарының толықбағалылығын арттыру үшін 
осы амин қышқылдарын соядан, күнбағыс тұқымдарынан бөліп алып 
қосу тəжірибеленіп жүр.
Бұл екеуінен басқа айырбастауға жатпайтын амин қышқылдар: фе-
нилаланин, метионин, валин, изолейцин, лейцин жəне треонин.
Ақуыздардың құрамында жаздағы фотосинтез кезінде қор ретінде 
жиналған энергия өте көп. Ол энергия қыста жылу ретінде, əртүрлі 
химиялық реакциялардың жүруіне, т.б тіршілікке керекті үдерістердің 
жүруіне жұмсалады. Ол энергияның көлемі ақуыздың құрамында 5,7 
ккал-ге (21• джоульге) тең. Бұл айтылған ақуыздар дəннің эндоспермінде 
болатын жай қоректік ақуыздар. Бұлардан басқа да дəннің ядросында, 
ұрықта күрделі ақуыздар болады. 
Нуклейн қышқылдары – полинуклеотидтер немесе күрделі 
ақуыздар. Нуклеин (нуклео (латынша) – ядро) қышқылдары, бұдан 
бұрын қаралған қоректік жай ақуыздарға қарағанда, бірнеше жүздеген, 
мыңдаған аса күрделі қоспалардан тұрады. Олардың құрамында 
жай ақуыздар (азотты негіздер), бес көмірсутекті қант жəне фос-
фор қышқылдары бар. Негіздер неше түрлі болады да, олардың 
саны бір нуклеин қышқылының молекуласында бірнеше жүзге дейін 
же 
теді, олар өзара бірімен-бірі жалғаса келіп полинуклеотидтер 
құрайды. Астық клеткаларында кездесетін нуклеин қышқылдары – 
дезоксирлікнуклеин (ДНҚ) жəне рибонуклеин (РНҚ) қышқылдары. 
ДНҚ тек қана ядрода болады да, ал РНҚ ядрода да жəне цитоплазма-
да да бола алады. Бұлардың негізгі атқаратын қызметі – келешекте 
өзінің тұқым қуалау қабілетін сақтауы. Ол қабілеті клетка бөлінгенде 
ДНҚ-ның өзінен-өзі бөлініп көбеюіне байланысты. ДНҚ мен РНҚ 
екеуі дəн клеткаларында жай ақуыз синтезін жүргізеді. Міне, осы 
ақуыздар əр дақылдың өзіне лайықты қызметтерін атқарады, өсімдік 
органдарын құрады. Міне, осылай тұқым қуалау өсімдіктерде жəне 


60
басқа да жануарларда өмірбақи сақталады. Нуклеин қышқылдары 
жас клеткаларда өте көп, ал кəрі клеткаларда, дəнде олардың саны 
азая түседі. Тек дəннің ұрығында ғана көп сақталып, келешектегі 
ұрпақтарына өз ДНҚ құрамын өзгеріссіз беріп отырады. Міне, осы 
жай ақуыздар мен нуклеотидтерді азот ұстайтын органикалық зат-
тар деп атайды. Бұл ақуыздардың құрамына кірмеген азотты заттар-
ды нитраттар деп атайды. Бұл күрделі қоспалардың құрамына амин 
қышқылдар, минералды азоттық заттар да кіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   302




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет