4.3. Бұршақ дəндерінің ішкі жəне сыртқы құрылысы Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің дəні екі танапты топқа жатады.
Оларда эндосперм жоқ, ал қоректік заттардың қоры олардың екі тана-
бында (екі жартысында) сақталады.
Бұл тұқымдастықтан ең көп тараған үрме бұршақ өсімдігі. Үрме
бұршақтың дəні қатты қабықпен қапталған. Оның ішінде екі жарнақ
бар. Ол екеуі микропиле атты кішкентай тесікше арқылы қосылған.
Осы жерде тұқым қыры (екі жарнақ қосылған орын) бар. Дəннің ішіне
су осы тесікше арқылы ғана кіре алады. Қабықтың астында ұрық бар.
Осының бəрі түгелдей кішкентай сабақша арқылы біріккен.
Дəн танабы бірінші жапырақ түрінде болып, іші қоректік заттардың
қорына толған екі бөлімшеден тұрады.
Бұл дəннің бөлімшелерінің қатынасы: қабыршағы 6-10 пайыз,
екі танабы – 88-92 пайыз, ұрығы – 1,1-1,4 пайыз болады. Олардың
құрылысымен зертханалық жұмыстар ережелерінде танысуға болады.