Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет43/302
Дата06.02.2022
өлшемі3,11 Mb.
#80173
түріОқулық
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   302
Байланысты:
iztaev osimdik sharyashylygy (1) (1)

6.3. Зиянды жəндіктер зардабы
Өсімдіктер далада өсіп тұрған кезде, оның ішінде көптеген зиян-
ды жəндіктер өмір сүріп, олармен тамақтанады. Олардың қатарына 
кеміргіштер, құрт-құмырсқалар, құрттар, қоңыздар жатады. Олар-
дан келетін зиянды есептеп табу өте қиын. Сонда да болса, ауыл 
шаруашылығының кызметкерлерінің айтуына қарағанда, осы жəндіктер 
жылына 15-20 %-ға жақын өндірілген өнімді жейді, қысқа қорға жинап 
алады немесе астықтың сапасын төмендетеді. Олардың ішінде аса көп 
кездесетіндері мына төменде келтіріледі.
Жалпақ сары ала қоңыз 
(клоп – черепашка) жалпақ сары ала қоңыз. 
Щитник тұқымдастығына жатады. Денесі тасбақа сияқты, иісі жа-
ман, ауыз құрылысы кеміріп соруға арналған. Түсі ақшыл сарыдан 
қошқыл қоңырға дейін болады да, жотасының түсі қара қошқыл бо-
лады. Латынша аты Eurygaster infegriceps. Қазақстанда жіңішке бас, 
мавр, түсіне қарай бүлдірген қоңыз, т.б. түрлері кездеседі. Бұлардың 
барлығы арамшөп қорығында қыстайды да, ерте көктемде егістікке 
ұшып келіп, жаздай астықтың масағының ішінде өмір сүреді. Осында 
жұмыртқа салады да өледі. Астық пісе бастаған кезде жұмыртқадан 
жас қоңыздар шығып, жетіліп дəннің сөлімен қоректене бастайды. 
Олар өте көбейіп кетсе, егістікті түгелдей жеп қоюы мүмкін. Олар 
тамақтану үшін өсімдіктің сабағын, дəнін тесіп, оның сөлін сорады. 
Сондықтан өсімдіктің өсуі нашарлайды, дəні шөпек болып өседі. Он-


76
дай өсімдік ақ масақты болып қалады. Егер дəн балауса тəрізді піскен 
кезеңінде зақымданса, онда оның тескен орнында қара нүкте қалады. 
Оның айналасындағы сөлін сорып алған жер ақшыл тартып тұрады. 
Осы жерді тырнақпен шұқыса тез үгіліп кетеді. Сары қоңыз көбінесе, 
ұрыққа жақын жердеі эндоспермді зақымдайды.
Жалпақ сары ала қоңыздар (клопы – черепашки) жыл сайын 
3-тен 13%-ға дейін астық жейді. Астықпен бірге қоймаға түссе, бұл 
қоңыздар түгел қырылып қалады, олар зақымдаған астықтың сапасы 
кенет төмендейді. Дəннің олар жаралаған орындарында өзінің түкірігін 
қалдырады. Ол түкірікке өте күшті ақуыздарды ерітіп жіберетін про-
теиназа ферменттері сақталады. Ұн тартып, қамыр илеген кезде немесе 
басқадай жағдайда су тие қалса, олар өзінің активтігін кенет өзгертіп, 
ақуыздарды еріте бастайды. Жараланған дəннің саны көп болса, дəн 
маңызы байланбай еріп кетеді. Мұндай ұн нан пісіруге жарамайды. Ал 
жараланған дəннің саны аз болса, онда нанның сапасы төмен болады, 
жақсы көтерілмейді, піспей де қалуы мүмкін. Сондықтан егер жара-
лы дəннің саны 3-4%-ға жетсе, ол бидайды нан пісіруге жарамайтын 
«осал» бидай тобына жатқызады.
Сары ала қоңызбен күресу өте қиын. Химиялық əдістер 
қолдануға болмайды. Бірақ агротехникалық əдістер жақсы 
нəтиже береді. Қазір ғылыми-зерттеу мекемелерінде биологиялық 
əдістер, əртүрлі сол қоңыздар ауруларының қоздырушыларын не-
месе өсімдікке зияны тимейтін, тек қоңыздарды ғана өлтіретін 
улы заттар ойластырылуда. 
Астықтың ызыңдағыш қоңызы (хлебная жужелица). Қарақоңыз. 
Оларың құрттары өсімдіктің жапырағымен тамақтанады. Бидай 
масақтаған кезде балапан құрттан қоңыздар шығып, жаңа пісіп келе 
жатқан дəнді жей бастайды.
Бұлардан басқа да егістік дақылдарда бидай, сұлы трипстары, кузька 
қоңызы, астық, мақта көбелектері, швед шыбыны, жасыл көзді шыбын 
жəне т.б. кездеседі. 
Оңтүстік суармалы егістерде бидай жəне сұлы нематодасы (угрица-
сы) кездеседі. Бұл құрттар бидай немесе сұлы дəнінің ішіне жұмыртқа 
салады. Олар оның эндоспермі мен ұрығын жеп, соның ішінде өсіп, ұсақ 
құртқа айналады. Бидай дəні дөңгелектеніп, сайы жазылып, үстіндегі 
құрт жатқан жері төмпешіктеніп, шұбарланып кетеді. Осы құрттар 
«галлы» деп аталады. Бір дəннің ішінде олардың саны 15 мыңға дейін 
жетеді. Олармен зақымдаған дəннің дəмі ащы болып, ал құрттардың 
өзі улы болады. Мұндай астықтан ұн тартып, нан пісірсек, өте ащы 


77
болып жеуге келмейді. Бірақ та кепкен галлалар жеңіл болады, суға 
салсақ, оның бетіне қалқып шығады, астықты тазалағанда жел арқылы 
ұшырып, тазалап алуға əбден болады. Галлы астықтың ішінде қыстап 
шықса, көктемде су тие қалса, қайтадан құрт болып шыға келеді де, 
өзінің өмір циклін қайта бастайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   302




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет