6.5. Майлыөсімдіктер зиянкестері Бидайдың тасбақа тəрізді сары ала қоңызы сияқты
күнбағыстың сары ала қоңызы да бар. Ол тұқымды жеп қояды. Оған жоңышқа
Adelphocorus linedatus, қызылша Poeciloscutus cognatus жəне шөп ала
қоңыздары жатады.
Күнбағыс от көбелегі. Күнбағыстың дəнін тесіп жеп кетеді. Қазір
сырты қара шайырдан сауыты бар сорттар шығарылып, олардың
сыртқы қауызын от көбелектер тесе алмайды. Кейінгі кезде осы
сортты тұқымды пайдаланудың арқасында күнбағыстың түсімі
едəуір өсті.
Бұлардан басқа да дағыстандық аталық ұрық жегіш, акацияның от
көбелегі, капуста совкасы, люцерна совкасы, т.б. көптеген жəндіктер
майлы тұқымды өсімдіктерді жеп зиян келтіреді.
Қазақстанда дала саршұнақ тышқандары да көптеген зиян келтіреді.
Олар барлық егістерді жейді.