130
Н. С. Суворовтың мəлімдемесінен көруге болады. Ірі, 2,5х20 мм
елеуіш тен өтпей қалған дəннің минералдық заттары 1,76
пайыз болса,
ұсақ. 1,7х20 мм елеуіштен өткен дəнде 2,10 пайызға жақын күл беретін
заттар болатыны анықталған.
Минералдық заттардың мөлшері ауа райына, топырақтың құнар-
лылығына, берілген тыңайтқыштардың саны мен сапасына, астықтың
сортына қарай өзгеріп тұрады. Қазақстанда
қуаңшылық жылдары би-
дайда минералдық заттардың мөлшері екі пайыздан əлдеқайда көп бо-
лып, шөпек дəнде үш пайызға жақын болады, ал ұшық болып кетсе, 10
пайыздан да асады.
Минералдық заттардың мөлшері астықты өңдеу жəне оларды да-
йындау кезінде де өзгеріп тұрады. Орыс ғалымдары Е. Д. Казаков пен
И. А. Сахарованың зерттеулеріне қарағанда
бидайдан ұн тартар алдын-
да сулаған кезде бірқатар минералдық заттар эндоспермнен, дəннің
қабыршықтарынан, алейрон қабатынан сумен бірге ұрыққа қарай ауы-
сады да, олардың минералдық заттарының мөлшерін бұрынғыдан азай-
тып, ал ұрықтың күлділігін біраз көбейтеді.
Астықтың минералдық заттарының мөлшерін тек қана муфель
пешінде жағу арқылы анықтайды. Мұның екі əдісі бар: 1. жай жағу;
2. жылдамдатылған əдіс.
Жай жаққанда 2,0-2,5 г ұнтақталған
аналитикалық таразыға өлшеп,
алдымен 500-600
0
С температурада, кейін 800-850
0
С-та тұрақты
салмақтыққа дейін күйдіреді. Бұл 5 сағатқа дейін созылады.
Жылдамдатылған əдісте пештің ішінде азот қышқылын немесе
сіркеқышқылды магнийдің спиртке ерітілген ертіндісін жібереді де,
940-980°С-қа дейін қыздырады. Бұлардан да басқа жануды жылдамда-
татын заттарды пайдалануға болады.
Астық жанып болған соң, онда
қалған күлді өлшеп, оның пайызын табады.
Бидайдың күлділік тұрақты шамасы 1,97 %. Ұн тартқанда бидай-
да күл беретін заттардың мөлшері осы тұрақты шамадан, 0,01 пайыз
асса немесе төмендесе, онда осыған сəйкес ұнның шығымдылығы
0,18
пайызға өзгереді, яғни өседі немесе төмендейді. Соған сəйкес
кебектің шығымдылығы да өзгереді. Бұл есеп тек ұнның сапа-
сын тексеріп, қадағалап тұру үшін шығарылған шарт. Іс жүзінде
ұнның шығымдылық мөлшерін тамаққа жарамайтын дəннің
қабыршықтары сияқты заттардың мөлшері арқылы қадағалау керек.
Бірақ қабыршақтарды бөліп алып есептеу өте қиын, ал минералдық
заттардың мөлшерін анықтау өте оңай. Минералдық заттар алейрон
қабатында, дəн қабыршақтарында
көп болатындықтан соны анықтап,
131
сол арқылы, дербес қана, тамаққа жарамсыз баласты заттардың
мөлшерін анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: