Оқулық Алматы, 2014 Əож 631. 67 (075. 8) Кбж 40. 6 я73


Суғару əдісі жəне техникасының салыстырмалы сипаттамасы



бет10/45
Дата30.03.2020
өлшемі20,16 Mb.
#61059
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   45
Байланысты:
mustafaev auylsharuashylyk (1)

Суғару əдісі жəне техникасының салыстырмалы сипаттамасы


Суғару тəртібі туралы мəселені қарастырғанда, өсімдіктің суды топырақ қабатына мезгіл-мезгіл ылғалдандыру керек екендігіне көз жеткіздік. Суғармалау суы топыраққа белгілі бір суғару мөлшерімен жəне уақытымен енгізіліп отырады. Соңғы уақытта топырақ қабатын ылғалдандыруға қажетті суды, мезгіліндегі булану мен транспира- ция шамасына сай уақытында отыру əдістері іске асырыла бастады. Суғару тəртібін зерттеудің негізгі нəтижесі – нақты суғару мөл- шерімен жəне мезгіл арқылы өрнектелетін, өсімдіктің ылғалға де- ген қажеттілігін анықтау. Бұдан кейінгі өте қажет мəселе суғару тəртібін іске асыру үшін топыраққа суды берудің технологиясын

негіздеу.

Өсімдікті сумен қамтамасыз ету екі бөліктен тұрады: сандық үлгіде ылғалға қажеттілігін анықтау жəне топыраққа суды енгізудің технологиясын негіздеу. Бірінші бөлімі суғару тəртібі арқылы шешіл- се, екіншісі – суғару əдісі мен техникасын таңдауды талап етеді.

Суғару – өсімдіктің суға, тыңайтқышқа деген қажеттілігін жə- не қоршаған ортаның ыңғайсыз жағдайынан қорғауды толық қам- тамасыз ету үшін топырақ жəне жер бетінің қабатын қолмен ыл- ғалдандыру.

Суғару əдісі – ағын суды топырақ немесе жердің беткі қаба- тындағы ылғалға айналдыруға қажетті технология.

Суғарудың техникасы – суғармалы егістік жердегі нақты өсімдікке оңтайлы, суды біркелкі танаптарға тарататын жəне суға- руға арналған ағын суды топырақ немесе жердің беткі ауа қабатын ылғалына айналдыруға қолданылатын технологиялық жəне техника- лық құралдары.

Суғару техникасы – ол суғаруды іске асыратын техникалық құралдар.

Суағру технологиясы суғармалау мөлшерін жоғарғы қарқында топырақ қабатының ылғалына айналуы үшін уақыт аралығында ке- зекпен суды беруді қамтамасыз ететін іс-əрекет.

Техникалық құрал – бұл егістік танапқа біркелкі біртегіс жəне жоғарғы өнімділікпен суды таратуға арналған əртүрлі саймандар.

Мелиорацияда көбінесе топырақ қабатының ылғал қорын толты- ру қағидасы (жер бетімен, жаңбырлатып топырақ қабатынан) бо- йынша «суғару əдісі», танапқа суды тарату техникасы бойынша

«суғарудың түрі» деп бөледі.

Қазіргі кезде ауылшаруашылық дақылдарын суғарудың бірнеше түрлері бар. Оларды суғару мінездемесі жəне топырақтың суғару суы- мен байланысу жағдайы бойынша топтастырады. ІХ Халықаралық суғару жəне кəріз конгресінде суғару түрлерін топтаудың пайдала- нуға: тұмандатып (майда тамшымен), жаңбырлатып суғару, топырақ- тың ішкі қабатынан суғару, тамшылатып суғару, жерасты суымен табиғи жағдайда суғару (субирригация) сияқты түрлерін ұсынған (20-сурет).






20-сурет. Суғару əдістерінің топтастыру

а – жер бетімен суғару; б – жаңбырлатып суғару; в – тұмандатып жаңбырлату; г – топырақ қабатымен суғару; д – жер асты суының деңгейін ретке келтіріп отырып суғару (субирригация);

1 – жер бетіндегі ауа қабаты; 2 – топырақтағы өсімдіктің тамыры орналасқан қабат; 3 – жер асты суының деңгейі; 4 – жер асты суы тірелетін қабат

Бұл суғару əдістерінің əрқайсысына нақты суғару техникасы жəне өзінің суғару жүйесі сай келеді, былайша айтқанда су ағынын топырақ немесе жер бетінің ауа қабатындағы ылғалға айналдыру түрі бойынша анықталады.



Тұмандатып суғару кезінде арнайы құрал-саймандар арқылы суды өте майда тамшыларға айналдыру арқылы біраз қашықтықтан ауа, қолдан жасалған тұман түрінде қозғалысқа енгізіп, жер бетінің жоғарғы ауа қабатын ылғалмен қанықтырады. Оның нəтижесінде топырақ қабатынан болатын ылғал қорының шығыны азаяды жəне өсімдіктің жапырағының өте қызып кетуінен сақтайды.

Жаңбырлатып суғарудың, тұмандатып ылғалдандырудан айыр- машылығы арнайы қондырғылардың көмегімен ол топырақ қабатын

1.5 мм жəне одан жоғары үлкен тамшылармен ылғалдандыруға негіз- делген. Қолдан жасалған салыстырмалы түрдегі үлкен салмақты жаңбыр тамшыларының ауадағы қозғалысын, оның өзіндік салма- ғының əсерінен болатын жылжу жылдамдығын анықтайды. Бұл жағдайда топырақ жəне ауада ылғалмен қанығады, ал өсімдік өзінің жақсы қарқынмен өсуіне мүмкіншілік алады.



Жер бетімен суғару кезінде су топырақтың бетімен өзіндік сал- мағының əсерімен ағады жəне өзінің жылжу барысында топырақты ылғалмен қанықтырады. Бұл жағдайда судың қоры тек топырақ қабатына ғана қорланады. Техникалық тұрғыдан бұл суғару əдісі өте қарапайым, бірақ көп еңбек мөлшерін қажет етеді əрі аз өнімділік əкелуі мүмкін.

Топырақтың ішкі қабатымен суғару топырақтың бетінде ың- ғайсыз жағдайлар тудырмас үшін өсімдіктің тамыры орналасқан қабатқа суды жер астына орналасқан құбырлар арқылы беруге негізделген. Жер асты құбырларының ұзын бойына белгілі бір арақашықтықта тесіктер орналасқан, олар арқылы су құбырдың айналасындағы кеңістікке түседі. Ол капилярлық жəне салмақ күші бойынша барлық жаққа ағады, ал жер бетінің қабаты бұл жағдайда еш уақытта ылғалданбайды.

Тамшылатып суғару əдісі топырақ қабатында жоғары дəрежедегі желдетуді қамтамасыз ету үшін өсімдіктің тамыр жүйесі жоғары дамыған аймақтағы топырақты тікелей ылғалдандыруға арналған. Бұл əдіс бойынша, су əрбір өсімдікке біркелкі үздіксіз өсімдіктің өсіп-өнуі кезеңіндегі суды тұтыну шамасына сай мөлшерде тамшы- латып беріп отырады.

Жер астымен (субирригация) суғару əдісі жер асты суының деңгейін реттеп отыруға негізделген. Жер асты сулары терең орна- ласпаған жəне оның құрамында еріген тұздардың мөлшерінің аз болған жағдайында топырақ қабаты арқылы жылжыған капиллярлық суларды өсімдіктер бойына жақсы сіңіреді. Оның шығын болған ша- масын тұрақты түрде арықтарға су беру арқылы толықтырып отыру қажет, арықтағы сулар ең бірінші рет топыраққа сіңеді, содан соң жан-жағына тарайды. Мұндай суғару əдістерін: жер астындағы таза сулар тұрақты айналыста болатын, екі қабат қалыңдықтан тұратын, оның жоғарғы қабатының қуаты 1,0-1,5 м құмдақ топырақтан, ал тө- менгі құм қабаты болған жəне т.с.с. өте ыңғайлы гидрогеологиялық жағдайда ғана іске асыруға толық болады.

Жаңбырлатып жəне жер бетімен суғару топырақтың белсенді қабатының ылғалының қорын мезгілімен толтырып отыру қағидасы-

на негізделген. Суғару арқылы қорланған су, суғару аралық кезінде, булануға жəне транспирацияға шығын болады. Мезгілмен суғару кезектілік сипаттамасы арқылы анықталады жəне ол қоршаған орта- дағы (топырақ, жер бетінің жоғарғы ауа қабаты) ыңғайсыз жағдайға тап болуын мінездейді, осыған сай өсімдіктің өсу жағдайын көрсетеді.

Тамшылатып, топырақ қабаты жəне жер асты суымен суғару, сонымен қатар үздіктеп жаңбырлатып суғару, өсімдікті жəне топы- рақты, олардың суды тұтыну жағдайына байланысты сумен үздіксіз қамтамасыз ету қағидасына негізделген.

Бұл тұрғыда ауылшаруашылық дақылдарының суды тұтыну мөлшерін əртүрлі суғару əдістері арқылы суды беру мөлшерімен салыстырудың маңызы зор (10-кесте). Меншікті су берудің, меншікті суды тұтынудың қатынастық шамасы (бір гектар егістік жерге бір секундта берілетін литрмен өлшенген су өнімінің шамасын 0.80 деп қабылдасақ) жаңбырлатып суғаруда 200.0-ден 1.0-ге дейін өзгереді. Əртүрлі табиғи жағдайда жəне ауылшаруашылық дақылдары үшін суды берудің меншікті шамасы осы аралық қатынаста өзгеріп оты- рады жəне өсуі де мүмкін. Мұндай 1-ден 100-ге дейін болатын қатынастық өзгеріс қазіргі уақыттағы қолданылатын алдыңғы қа- тарлы жаңбырлатқыш техникаларға да тəн. Тамшылатып жəне бір- біріне сай үздіктетіп жаңбырлатып суаруда бұл қатынастық шама 1-ге жақындайды.

10-кесте

Əртүрлі суғару техникаларының есеп бойынша меншікті суды беру жəне суды тұтыну шамасын салыстыру

Суғару техникасы



Меншікті суды берудің шамасы, л/с 1 га-ға

Суды берудің суды тұтынуға қатынасы

(0,8 л/с 1 га-ға болғанда)



Жер бетімен суғару (шамамен 0,05 л/с 1 м2 болғанда)

500

600

Жаңбырлатып суғару

45-160

60-200

Жайлап жаңбырлату

5-10

8-12

Үздіктетіп жаңбырлату

5-10

8-12

Тамшылатып суғару

0,5-5

0,6-8

Бір-біріне сай үздіктетіп жаңбырлату

0,5

0,6

Бір-біріне сай үздіктетіп (суды тұтыну шамасына сай) жаң- бырлатып суғару, ортаға жəне өсімдікке (өсімдікті үздіксіз сумен қамтамасыз ету қағидасы бойынша іске асырылатын) жаңбырдың

əсерінің ұзақтығы əжептеуір ұзаратын жəне суғару ағынын тікелей шектеумен қол жеткізетін жаңа технологиялық желі болып табылады. Жаңбырлатып үздіксіз жəне үздіктетіп суды беру кезіндегі оны топыраққа енгізу жəне булануға шығын болу құбылысы 21 жəне

22-суретте көрсетілген.

Үздіктетіп суғару əдісін пайдаланғанда суғару жəне суғарар аралық кезеңдегі суды беру тəртібі өте өзгеше болады. Себебі, су- ғармалы егістік танаптың топырақ қабатының су қорының тепе- теңдігін көрсететін теңдеудің құрамы секіргенге ұқсап өзгеріске түсіп отырады.



q t

qm qu T



  • qu qm qèë qnom t ,

мұнда, t суғарудың ұзақтығы; T суғару аралығының ұзақтығы;


q суды берудің қарқыны; qm , qm – транспирацияның суғару жəне

суғару аралық кезеңдегі қарқыны; qu , qu буланудың суғару жəне

суғару аралық кездегі қарқыны; q– жапырақтың бетінен болатын буланудың қарқыны; qnom – желдің əсерінен ауамен кететін жəне жа- нама ағынның əсерінен болатын су шығыны.

Ауылшаруашылық дақылдарының суды тұтыну шамасына сай, суды егістік танапқа үздіксіз бергенде суғармалы жердің топыра- ғындағы су қорының тепе-теңдігі құрайтын көрсеткіштер белгілі бір тұрақтылықты мінездейді:



q · T = T(qT + qu + qил + qnom), мұнда, T – кезеңнің ұзақтығы.

Транспирация (qm), топырақ (qu) жəне жапырақ (qил) бетінен бу- ланудың қарқыны, сонымен қатар ылғалданған ауаны жəне жаң- быр тамшыларын желмен сүріп кетудің арқасында болатын су шы- ғыны, негізінен ауа райының (ауа жылуы мен ылғалдылығы, жел жылдамдығы) жағдайына жəне өсімдіктің биологиялық ерекшелігіне байланысты.

Суғару əдісін топырақ қабатын ылғалдандыру қалыңдығына, су арынының шамасына, су шығынына, топыраққа əсер ету мүм- кіншілігіне (топырақтық құрамын жəне беткі қабатын шаю), өнімділігіне, суғаруды механизациялау жəне автоматтандыру дəре- жесіне сай бөледі.

Топырақ қабатын ең жоғарғы дəрежеде ылғалдандыру жер бетімен, ал ең төменгісі – тұмандатып суғару кезінде болады. Өте





21-сурет. Жауын-шашынды, топырақтағы ішкі ықпал қоры жəне жер асты суымен қоректенуін ескермегендегі, суғару жəне суғаруаралық кезеңде қарапайым жаңбырлату барысындағы су беру, оның шығын болу

құбылысын жəне ортадағы (өсімдік, топырақ жер бетінің жоғарғы қабаты) су қорының тепе-теңдігін құраушылардың үдерісінің желісі






22-сурет. Жауын-шашынды, топырақтағы ішкі ықпал қорын жəне жер асты суымен қоректенуін ескермегендегі, суғару жəне суғару аралық кезеңде өсімдіктің суды тұтынуына сай үздіктетіп жаңбырлатып суын беру жəне оның шығын болу құбылысын жəне ортадағы (өсімдік, топырақ жəне жер бетінің жоғары қабаты) су қорының тепе-теңдігін құраушылардың үдерісінің желісі

8–1125


113

жоғарғы су арынын тұмандатып жəне жаңбырлатып суғару, ең тө- менгісі – жер бетімен суғаруды қажет етеді. Бір адам басқаратын өте үлкен су өнімінің шығыны – «су ағыны» жаңбырлатып суғару кезінде, ең төменгі – тұмандатып суғару кезінде керек.

Топырақтың қасиетіне ең төменгі дəрежеде əсер ететін тұман- датып суғару, ал өте қатты əсер тигізетін жер бетімен суару. Ең жоғарғы еңбек өнімділігі топырақ қабаты жəне жер асты суының дең- гейін реттеу арқылы суғару кезінде байқалады, ал ең төменгі – жер бетімен суғару кезінде. Ең жоғарғы дəрежедегі автоматтандыруға жер асты суымен жəне топырақ қабатымен суғару кезінде қол жеткізуге болады.

Сонымен, суғару əдісін, əртүрлі мақсатқа жəне өндірістің əрбір кезеңінде бірдей пайдаланылмайтын болғандықтан, көптеген көр- сеткіштері арқылы бөледі. Ауылшаруашылық мелиорациясының қазіргі даму кезеңінде суғару техникасының мəнін жəне арнайы ерекшелігін ескере отырып, оған агробиологиялық, топырақтық, мелиоративтік жəне шаруашылық-ұйымдастырушылық тұрғысынан сұраныстар қойылады.



Суғару техникасына қойылатын агробиологиялық сұраныстар өсімдікке қажетті суды оңтайлы жағдайда қамтамасыз ету тұрғысы- нан қарастырылған:

  • өсімдіктің өсіп-өну кезеңінің биологиялық ерекшелігіне сай, суды керекті мөлшерде, қажетті сапада жəне сұраған уақытында беру керек;

  • өсімдіктің тамыр жүйесі орналасқан топырақ қабатына жəне егістік танапқа біркелкі етіп тарату;

  • өсімдіктің физиологиялық өсіп-өну ерекшелігіне сай топырақ қабатына ауа, жылу мен қоректі заттар тəртібін жəне мөлтек ауа ра- йын қажет ету дəрежесіне сай құру жəне оны қоршаған ортаға ба- рынша жақсы əсер ету;

  • өсімдіктің бұтақтарының жəне жапырақтарының сынуын, оларға су ағыны мен жаңбыр тамшыларының кері əсерін болдырмау. Суғару техникасына қойылатын топырақ жəне мелиоративтік тұрғыдан сұраныстар топырақтың механикалық құрамын жəне құ- рылысын, жердің мелиоративтік жағдайын жəне мөлтек кедір-бұдыр

жерлерді жақсарту мен сақтауға негізделген:

  • топырақ бетін су ағынының шаюын болдырмау;

  • топырақтың құрамының бұзылуына жəне тығыздануына жол бермеу;

  • топырақ қабатынан судың сүзілуін жəне ақаба суларды бол- дырмау;

  • суармалы егістік жерлердің қайта тұздануына жəне батпақ- тануына жол бермеу.

Суғару техникасына жəне технологиясына қойылатын шаруашы- лық-ұйымдастыру тұрғыдағы сұраныстар, суғармалы егістік жердің аумағын тиімді ұйымдастыру, суғару техникасын жоғарғы тиімділікте пайдалануға тіреле отырып, мыналарды толық қамтамасыз ету керек:

  • егістік аумағында, еңбекті жəне суғару танаптарындағы суды пайдалануды тиімді ұйымдастыру арқылы суғару жəне суғаруаралық кезеңдегі механизмдермен орындалатын агротехникалық жұмыстар- дың техникалық уақыттары, басқа да ауылшаруашылық техникала- рының жұмыс атқару қабілетін кесірін тигізбей орындалуын;

  • суғару техникаларының пайдалану беріктігінің дəрежесіне сай, оларды жоғары дəрежеде тиімді пайдалану;

  • суғару жұмыстарындағы жоғарғы еңбек өнімділігін жəне еңбектің жағдайы мен сипаттамасына (мінезіне), қазіргі кездегімен салыстырғанда, ең алдыңғы қатарлы заманауи талап-тілекке сай өзгеріс енгізу.

Сонымен, қазіргі кездегі қолданылып жүрген суғару əдістері толы- ғымен ауылшаруашылық өндірісінің жəне табиғатты пайдаланудың қағидаларын қамтамасыз ете алмайтындықтан, барлық уақытта оларды жетілдіріп отыру керек. Болашақта табиғи қорларды тиімді пайдалану жəне қоршаған ортаны қорғау үшін суғару техникаларын жетілдірудің негізгі бағыты мыналарды қамтамасыз ету керек:

  • суғаруды толық механикаландыру мен автоматтандыру арқылы суғару суының үлкен ағынын басқару, суарудың сапасын арттыру, суғармалау суының өнім бірлігін құрауға кететін шығынын азайту;

  • биологиялық айналымды өсіру (Б max) жəне су мен химиялық заттардың геологиялық айналымын азайту (g min);

  • суды тыңайтқышты енгізуге, құрғақшылық жəне суықпен күреске, өсімдіктің өмір сүруіне қажетті дəлелдемелерді жан-жақты реттеуге сияқты көп мақсатқа пайдалану;

  • өсімдіктің суды талап етуіне сай, оны сумен үздіксіз қамтамасыз

ету.

Жалпы суғару техникасының бөлшектері мен құрылымдары

туралы түсінік алу үшін суғару суының ағын су күйінде тек қана суғару желісінің арықтарындағы ағысының кезінде ғана болатынын еске сақтау керек. Оның топырақтың ылғал қорына айналуы тек қана суғармалы егістік жерде ғана іске асады.

Суғармалау суын өте жоғарғы дəрежеде тиімді пайдалану үшін су ағынының (Wm), толық топырақтағы ылғал қорына (Wв) айналуын қамтамасыз ету керек, ол тек қана мына тепе-теңдік сақталғанда ғана болады: Wm = Wв.

Суғару кезіндегі топырақ қабатына қорланған су қоры (W) суа- ру мөлшеріне (m) жəне суғармалы егістік ауданына (F) байланысты: W = F · m.

Суғару желісінің арықтары арқылы егістікке жеткізілген су көле- мі (Wm), ондағы су өнімінің шығынын (Q) арықтардың қызмет атқару кезеңінің ұзақтығының (tm) көбейтіндісіне тең: Wm = Q · tm.

Егерде осы екі қатынастық табылған шаманың тепе-теңдігін

көрсетсек, онда олар мына өрнек арқылы өрнектеледі: F · m = Q · tm. Бұл теңдеулердің көмегімен суғару техникасына қатынасты, оның беріктігі, жұмсақтығы жəне ауқымдылығы туралы көп мəселеге

жауап беруге болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет