Күріштің суғару тəртібі
Дүниежүзілік тəжірибеде күріш дақылын өсіргенде, ылғалданды- рып жəне сумен бастырып өсіру деп екіге бөлінеді. Сумен басты- рып өсірілетін күріштің өсіп-өну кезеңін барлық уақытында немесе оның көп бөлігінде, олар егілген атыздарды су қабатымен белгілі бір тереңдікке дейін бастырып қояды. Ал ылғалдандырып өсірілетін күрішке оны сумен бастырып қоюды талап етпейді, ондағы топырақ қабатын ылғалдандыру табиғи жолмен немесе мезгіл сайын суарып отырумен іске асырылады. Күрішті сумен бастырып суғару əдісі, оның өсіп-өну кезеңіндегі жауатын жауын-шашын шамасы 1250 мм аз болған жағдайда көп тараған.
Күрішті суғарудың тəртібі жəне технологиясын суғару жүйесін Европа мен Орта Азияның əртүрлі табиғи аймақтарында ғылымдық тұрғыда негіздеумен В.Б. Зайцев, Е.Б. Величенко, М.А. Андрюшин, А.И. Голованов, А.Г. Рау, С.И. Кошкаров, А.А. Жумабеков, М.Х. Сар- сенбаев айналысқан.
Сумен бастырып суарылатын күріштің суғармалау мөлшерін анықтауға арналған су қорының тепе-теңдігінің құрамын көрсететін желісі 18-суретте келтірілген.
18-сурет. Күріштің суғармалау мөлшерін анықтауға арналған су теңгермесінің есептік желісі
1 – су өткібейтін қабат; 2 – жер асты суының денгейі; 3 – қысымның қисық сызығы; 4 – жер беті; 5 – қорошауға арналған үйінді; 6 – сумен бастырылған атыз; h – атыздағы су қабаты; S – жер бетінен су өткізбейтін қабатқа дейінгі тереңдік;
H – жер асты суының тереңдігі; h2 – суды ұстап тұрған қабаттың қуаты; L – жер асты суының ағынының қисығы; K – топырақтың суды сүзу жылдамдығы, м/тəулік (сызықшаның алдындағы нөмірі жоқ)
Күріштің суғармалау мөлшерін мына өрнек арқылы анықтауға болады:
Op = W1 + W2 + W3 + W4 + W5 – E – Oc
мұнда, Oc – есепке алынған қамтамасыз ету дəрежесіне сай өсімдіктің өсіп-өну кезіндегі пайдаланылатын жауын-шашын мөлшері, м3/га; E
жалпы суды тұтынудың шамасы (м3/га), E=И + Т; И – атыздың су бетінен буланатын судың көлемі, м3/га; T – өсімдіктің жапырағынан траснпирацияға буланатын судың көлемі, м3/га; W1= H · A(βn – βi)
жер астының су өткізбейтін қабаты немесе жер асты суының
деңгейі мен жер бетінің арасындағы, топырақ қабатының (H), ыл- ғал сыйымдылығын толық толтыруға немесе бастыруға керекті су көлемі, м3/га (A – топырақ қабатының қуаттығының көлемімен салыстырғандағы пайыздық шамасы; βn жəне βi топырақ қабатының толық ылғал сыйымдылығы жəне атызды сумен бастырар алдындағы ылғалдылық дəрежесі, пайыздық дəрежесі бойынша); W1= 1000 · h
атыздың топырақ бетіне қажетті су қабатын тұрғызуға (h) керекті су көлемі, м3/га; W3= K · J · B · hгр · Т – атыздан, топырақтың терең қабаты жəне жанынан сүзіліп шығын болатын су көлемі, м3/га; J3= H/L – мына өрнек арқылы анықталатын қысымның салмағы; B – су ағынының енінің ұзындығы; T – атызды сумен бастыру ұзақты- ғы, тəулік; K – сүзілу коэффициенті; W4 – атызды қоршаған топы- рақтан тұрғызылған жолдардан жəне құрылымдардан болатын су шығынының көлемі, м3/га; W5 – атыздағы судың сапасын белгілі бір дəрежеде ұстап тұруға қажетті су ағынын жəне ақабаға кететін су көлемі, м3/га.
Жалпы, W4 – көлемі суғару жүйесінің техникалық жағдайына жəне суды пайдалану жүйесінің басқармасының мəліметіне байла- нысты анықталады жəне W5 – көлемі табиғи жердің ауа райына жəне топырақ-геохимиялық жағдайына байланысты. Жалпы суды тұтыну мөлшері мелиорация ілімінде белгілі əдістерді пайдаланып анықталады. Күріш егілетін аймақтың табиғи жағдайына байланы- сты оның суғармалау мөлшері 20-25 мың. м3/га шамасында (9-кесте).
Күріштің түрлендірмеген гидромодулінің ординатасын (q) мына өрнек арқылы есептейміз:
q 1000 Op
86400 t
мұнда, Op – суғармалау мөлшері, м3/га; t – суғару кезеңінің ұзақтығы, тəулік.
9-кесте
Күріштің суғармалау мөлшері жəне оның өсіп-өну кезеңіндегі таралуы
Облыстар
|
Суғармалау мөлшері, м3/га
|
Ай сайынға таралу шамасы, %
|
V
|
VI
|
VII
|
VIII
|
Алматы
|
22900
|
28
|
24
|
26
|
22
|
Оңтүстік Қазақстан
|
22200
|
31
|
24
|
25
|
20
|
Қызылорда
|
21000
|
31
|
24
|
25
|
20
|
Күрішті суғарудың ең көп тараған тəсілі сумен бастыру – тұрақ- ты, қысқартылған жəне үздік-үздік, 19-суретте сумен тұрақты бас- тыру тəсілінің сызбасы көрсетілген.
19-сурет. Күріштік атызды сумен бастыру тəртібі
1 – сумен бастыру; 2 – өну; 3 – өсу; 4 – қоректену; 5 – түтіктену; 6 – шашақтану;
7 – сүттік пісу; 8 – толық пісіп жетілу
Күріш дақылдарының өте бір ерекшелігі – ол оның өсіп-өнуі кезеңіндегі меншікті су өнімінің шығынының шамасымен айқын ерекшеленуі. Сондықтан М.А. Андрюшиннің (1977) көзқарасы бо- йынша, күріштің суғармалау мөлшерін бірнеше кезеңге бөлуге бо- лады, себебі бұл кездегі атыздағы су қорының тепе-теңдігі əртүрлі болады.
Бірінші кезең: Бірінші рет атызды 8 см су қабатымен басты- ру. Бұл кездегі суды тұтынудың шамасы топырақ қабатын толық ылғал сыйымдылығына жеткізу, су бетінен буланатын жəне жауын- шашынның мөлшерін есепке ала отырып, атыздағы топырақ бетіне 8 см су қабатын тұрғызу. Бұл кезеңдегі суғару мөлшерінің шамасы мына өрнекпен өрнектеледі:
m1 = W1 + 100 · h1 + e1 · t1 – Oc,
мұнда, m1 – суғару мөлшері, м3/га; W1 – атыздағы топырақ қабатын
ылғал сыйымдылығына дейін толтыруға қажетті су шығыны, м3/ га; h1 – сумен атызды бастыру тереңдігі, см; t1 – бірінші кезеңнің ұзақтығы, 3 – тəулік; Oc – əрбір кезеңдегі жауын-шашын мөлшері, м3/га; e1 – орташа тəуліктік булану, м3/га.
Топырақ қабатын ылғалдандыруға қажетті су мөлшерін мына өрнек арқылы анықтаймыз: W1= H(A – β0) (мұнда H – топырақ қаба- тының тереңдігі, м; A – метрлік қабаттағы топырақтың қуыстығы, м3/га; β0 – егістік суарар алдындағы топырақтың ылғалдылығы).
Суды атызға берудің гидромодулі барлық кезеңде жауын-шашын- ның шамасын ескермей анықталады, себебі бұл кезеңде оның болма- уы да мүмкін. Ал оның бірінші кезеңдегі шамасы мынаған тең:
q 1000 m1 , л/с 1 гектарға.
1
86400 t1
Екінші кезең: Күріштің өніп шығар алдындағы атыздан суды ағызып жіберу. Атызға белгілі су қабатын тұрғызған соң, атызда күріштің дəндерінің барлығы да өне бастағанға дейін, оған су беру тоқтатылады. Ол негізінен сумен бастыра бастағаннан бастап, 5-6 тəуліктің ішінде болады немесе бастырылу аяқталған соң 2-3 тəу- ліктің ішінде. Бұл уақытта атыздағы судың біршамасы булануға жəне топырақ қабатынан сүзілуге кетеді, одан қалған суды атыздан ағызып жіберу керек, оның шамасы мынаған тең:
C2 = (100 · h1 – Oc) – (e2 · t2 + f2 · t2),
мұнда, C2 – атыздан ағызып жіберетін су ағынының шамасы, м3/га; e2
t2 –атыздан суды ағызып жатқан кездегі буланатын су шығыны, м3/ га; f2 · t2 – атыздан суды ағызып жатқан кездегі топырақ қабатынан сүзілетін су шығыны, м3/га.
q 1000 C2 .
2 86400 t
2
Үшінші кезең: Күріштің өнім-шығып келе жатқан кезіндегі ыл- ғалдандыруға қажетті суару. Бұл кезеңнің ұзақтығы 6 тəулік, ал суғару ұзақтығы бір тəулік. Атыздағы топырақ қабатын ылғалдандыруға арналған суғару мөлшері мынаған тең:
m3 = e3 · t3 + f3 · t3 – Oc,
мұнда, m3 – үшінші кезеңнің суғару мөлшері, м3/га; e3 – орташа тəу- ліктегі булану мен транспирация, м3/га; f3 · t3 – атыздан суды ағызып жатқан кездегі топырақ қабатынан сүзілетін су шығыны, м3/га; t3 –
үшінші кезеңнің ұзақтығы, – 3-6 тəулік; Oc – орташа тəуліктік судың топырақ қабатынан сүзілуі, м3/га.
Төртінші кезең: Екінші рет атызда су қабатын 10 см дейін жет- кізу, ондағы қажет суғару мөлшері мынаған тең:
m4 = 100 · h4 + e4 · t4 + f4 · t4 + Δ4 – Oc,
мұнда, e4 · t4 – атыздан суды ағызып жатқан кездегі буланатын су шығыны, м3/га; f4 · t4 – атыздан суды ағызып жатқан кездегі топырақ қабатынан сүзілетін су шығыны, м3/га; Δ4 – суғару кезіндегі болатын су шығыны, м3/га; h4 – сумен атызды бастыру тереңдігі, см.
Бесінші кезең: Атыздағы 10 см су қабатын 7-тəулікке дейін ұс-
тап тұру, ондағы қажет суғару мөлшері мынаған тең болады:
m5 = e5 · t5 + f5 · t5 + Δ5 + τ5 · t5 – Oc,
мұнда, τ5 – судың атыздағы қажетті сапасын ұстап тұруға қажетті су ағынының шамасы, м3/га; f5 · t5 – атыздан суды ағызып жатқан кездегі топырақ қабатынан сүзілетін су шығыны, м3/га; e5 · t5 – атыздан суды ағызып жатқан кездегі буланатын су шығыны, м3/га; Δ5 – суғару кезіндегі болатын су шығыны, м3/га.
Алтыншы кезең: Атыздағы судың тереңдігін 10 см-ден 15 см көтеру, бұл кезеңнің ұзақтығы 4 тəулік, ондағы қажет болатын суғару мөлшерінің шамасын мына өрнек арқылы анықтаймыз:
m6 = 100 · h6 + e6 · t6 + f6 · t6 + Δ6 – Oc,
Жетінші кезең: Атыздағы 15 см су қабатын 6 тəулік бойынша ұстап тұру, онда қажет болатын суғару мөлшерінің шамасын мына өрнек арқылы анықтаймыз:
m7 = e7 · t7 + f7 · t7 + Δ7 – Oc.
Сегізінші кезең: Атыздағы барлық суды 10 тəуліктің ішінде ағызып жіберу керек, ол кездегі атыздан тасталатын су шығынының шамасы мынаған тең болады:
C8 = 100 · h8 – (e8 · t8 + f8 · t8 + Δ8) – Oc.
Тоғызыншы кезең: Атыз судан босатылған күрішті химиялық заттармен өңдеу кезеңі басталады, оның ұзақтығы 5 тəулік:
m9 = e9 · t9 + f9 · t9.
Оныншы кезең: Атыздағы топырақ қабатын сумен қанықтыру жəне 15 см су қабатын тұрғызу. Оның ұзақтығы 5 тəулік:
m10 = m9 + 100 · h10 + e10 · t10 + f10 · t10 + Δ10 – Oc.
Он бірінші кезең: Атыздағы су қабатын 15 см тереңдікте күріш өсіп-піскенше 60 тəулік ұстап тұру:
m11 = e11 · t11 + f11 · t11 + Δ11 + τ11 · t11 – Oc.
Он екінші кезең: Атызға суды беруді толық тоқтату жəне бұл кезеңнің ұзақтығы 11 тəулік:
m12 = e12 · t12 + f12 · t12 + Δ12 – Oc.
Он үшінші кезең: Атыздағы барлық суды 5 тəуліктің ішінде ағызып жіберіп, күріштікті құрғатуға кірісу:
C13 = 100 · h13 – m13 – (e13 · t13 + f13 · t13) – Oc.
Күріштіктің бір гектарына берілуге тиісті меншікті су өнімінің шығыны немесе гидромодулі, күріштікке берілуге тиісті судың жос- парын тұрғызуға пайдаланылады. Күріштікті сумен бастырудың ең қарқынды кезеңі бірінші атызды сумен бастыру, осы кезеңде гидромодульдің шамасы өте үлкен болады, сондықтан ол арқылы күріштік суғару жүйесінің су ағынын өткізу қабілетін анықтайды.
CУҒАРУ ƏДІСІ ЖƏНЕ ТЕХНИКАСЫ
Достарыңызбен бөлісу: |