9-сурет. Псевдотеций Бұл үдеріс локулоаскомицеттерде (қуыс қалталыларда) байқа- лады.
Соматогамия базидиомицеттерге тəн. Вегетативті жіпшенің екі клеткасы қосылып базидия түзеді. Базидиоспоралар көбінесе базидияның төрт қысқа стеригмасы ұшында пайда болады (10-су- рет). Олар гаплоидты, əрі өмірі қысқа. Базидиялар дикороидттық жіпшелерде түзіліп, ең соңғы клеткада ядролар алғаш қосылып, ке- йін бөлінеді. Клетканың ұшында төрт ұзынша бөлік түзіліп, оның ұшында домалақтанған бөліктер пайда болады да, оған ядролар өтіп, гаплоидты базидиоспоралар түзіледі. Базидиялар бір жəне көп клеткалы болады.