Оқулық алматы, 2014 Əож 632 (075. 8) Кбж 44. я 73 К18



бет2/278
Дата08.02.2022
өлшемі5,53 Mb.
#123889
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   278
Байланысты:
karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya

Кіріспе


Фитопатология (грекше phyton – өсімдік, pathos – ауру, logos


– оқыту) – өсімдік ауруы туралы ғылым, оның негізгі міндеті – фитопатогенді организмдерден ауыл шаруашылығы дақылдарының шегетін зардабын бəсеңдету жолын іздестіру. Ол ауру өсімдікті, аурудың туу себептерін жəне оның дамуына қоршаған орта жағда- йының əсерін зерттейді.
Фитопатология бірнеше пəнге бөлінеді:
Жалпы фитопатология – ауру қоздырғыштарын, олардың мор- фологиялық-биологиялық ерекшеліктерін, жүйелік орнын, эколо- гиясын, аурудың туу себептерін зерттейді.
Ауылшаруашылық фитопатология – нақтылы өсімдіктердің ау- руларын, əрқайсысына тиісті қоздырғыштар түр құрамын, аурудың сыртқы белгілерін, инфекция қорын, таралуын жəне даму ерек- шеліктерін зерттейді.
Орман фитопатологиясы – орман ағаштары мен бұталардың ауруларын, орман шаруашылығы өнімінің ауруларын, ағаштан жа- салған мүліктерді шірітетін микроорганизмдерді зерттейді.
Өсімдік иммунитеті – өсімдіктің инфекциялық ауруларға им- мундылығын, төзімділігін, шыдамдылығын зерттейді.
Аурудың дамуын болжау – ауру қоздырғыштардың биологиясы мен өсімдік жəне сыртқы орта байланысын зерттеп, аурулардың дамуын жəне олармен күресу шараларының уақытын белгілейді.
Фитопатология пəнінің мақсаты – өсімдік пен патоген арасын- дағы қатынасты химиялық, молекулалық, генетикалық деңгейде зерттеп, өсімдік ауруларының пайда болып, таралуын алдын ала болжау, ауруға төзімді сорттар шығару, химиялық, биологиялық, агротехникалық жəне басқа да əдістерді қолданып, аурулардың ал- дын алып, олардан келетін шығынды мейлінше төмендету.
Ауыл шаруашылығы өндірісінің қарқындауына байланысты өсімдікті аурулардан тұрақты қорғау, ауыл шаруашылығы дақыл- дарынан жоғары да сапалы өнім алумен қамтамасыз етудің негізгі бір қажетті элементі болып табылады.
Оқулық студенттерді ауру қоздыратын фитопатогенді микроор- ганизмдердің биологиялық ерекшеліктері, қоздыратын ауру түрлері, инфекцияның сақталу жəне таралу əдістерімен таныстырады.
Оқулық екі бөлімнен тұрады. Кітапта студент алған білімін тек- серу үшін əрбір тараудан кейін пысықтау сұрақтары берілген. Соны- мен қатар кітаптың соңында оқулықта қолданылған терминдердің түсіндірме сөздігі жəне латын əріптерінің айтылуы мен оның тір- кестері орналастырылған.
Ұсынылып отырған оқулық Қазақ ұлттық аграрлық универси- тетінде 25 жыл осы пəннен дəріс беру нəтижесінде қалыптасқан педагогикалық тəжірибе негізінде жазылды. Осы оқулық туралы ай- тылған пікірлерге, ұсыныстарға ризашылығымызды білдіреміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет