Оқулық алматы, 2014 Əож 632 (075. 8) Кбж 44. я 73 К18



бет6/278
Дата08.02.2022
өлшемі5,53 Mb.
#123889
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   278
Байланысты:
karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya
Темірқұл Алтынай 19-12 зикр.10-апта,10-зертханалық жұмыс тапсырмасы, №2-3 зертханалық сабақ. ВИРУСОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУГЕ ПАТОЛОГИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРДЫ АЛУ ЖӘНЕ ОЛАРДАН ВИРИОНДАР МЕН ВИРУС ДЕНЕШІКТЕРІН АНЫҚТАУ (1), КАК ГОВОРИЛА МОЯ АЖЕКА, kniga molek, kniga molek, kniga molek, 7 апта практикалық тапсырма Маргулан Нургүл, karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya, karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya, Саясаттанудың функциялары, тарих семинар3, Тракторлардың ілініс муфтасы мен беріліс қорабы, macro sabak, Бимаканова зылыйха шахметовна

Аурудың сыртқы белгілері


Патогендер өсімдікке еніп, онда дамып, көбейіп, аурудың ал- ғашқы сыртқы белгісі көрінеді. Осы мерзімді инкубациялық кезең деп атайды. Аурудың сыртқы белгілерін негізгі бірнеше топқа бөле- ді.


Шіріктер – өсімдік ұлпасының ыдырап немесе бактерия сияқты қоздырғыштар (патогендер) бөліп шығаратын ферменттер өсімдік клеткасы қабығын еріту нəтижесінде ұлпа ыдырап, жұмсарып құр- ғақ ұнтаққа, кейде жағымсыз иісті қойыртпаққа айналады. Өсім- діктің қоректік заттарға бай жəне шырынды мүшелері – жеміс, тамыржеміс, түйнек, шырынды сабақ пен жапырақ шіруге өте бе- йімді.
Солу (вилт) – өсімдікте су жəне қоректік заттар жылжитын тү- тік жүйесінің саңырауқұлақтар мен бактериялар тіршілігінде түзі- летін заттармен бітеліп немесе патогендер токсиндері (улы зат- тар) əсерінен болатын құбылыс. Тамыр жүйесі механикалық за- қымданған немесе топырақ ылғалының тапшылығынан да өсімдік солады.
Дақтар (некроздар) – өсімдік жапырағы, сабағы, жемісі немесе басқа мүшелерінде пішіні дөңгелек, бұрышты, сопақша, жиекті не- месе жиексіз, түсі əртүрлі жансызданған бөліктер (некроздар) пайда болады.
Қоздырғышына байланысты олар саңырауқұлақ, бактерия, ви- рус дақтары болып бөлінеді.
Саңырауқұлақ дағы үстінде немесе астында жеңіл өңез түзіледі.
Кейбіреулерінде өңез үстінде жеміс денелер пайда болады.
Бактерия дағы үстінде шырыш (экссудат) жиналып, кейін ол ке- уіп қабыршақтанады. Дақ жұқарып тесіледі.
Вирус дағында өсімдіктің жапырағы, жемісі əдеттегі түсін өз- гертіп, сарғыш немесе ақшыл бөліктерден мозаика түзіледі.
Өңездер – өсімдіктің залалданған мүшесі бетінде саңырауқұ- лақ жіпшумағы немесе спора тасушы жіпшелерінен құрылады. Өңездердің орналасу, түзілу ерекшеліктері жəне түсі ауру қоз- дырғыштарын анықтауда маңызы зор. Түзілуіне байланысты жеңіл торлы, мақпалды, киізді, ақ ұнтақты, бөртпелі өңездер болады. Бөртпелі өңезде саңырауқұлақ эпидермис астында дамып, споралар түзеді. Соңғылар жетілген кезеңде өсімдік эпидермисін жарып, сыртқа шығып ауада таралады. Бөртпелі өңез тат саңырауқұлақта- рына тəн белгі.
Ісіктер мен бұлтықтар – патоген залалдаған өсімдік мүшеле- рінде (тамыр, тамыржеміс, түйнек, сабақ, т.б.) клетка санының кө- беюінен (гиперплазия) немесе оның көлемінің қарқынды ұлғаюы- нан (гипертрофия) пайда болады.
Деформация (пішіннің өзгеруі) – түрлі жағдайлардан өсімдік- тің жалпы пішінінің немесе жеке мүшелерінің қалыптан ауытқып жапырақтың ширатылуы, қыртыстануы жəне жіпшеленуі, ергежей- лілік, аса түптену, «қалташықтар», «қуыршақтану», «мыстан сыпыр- ғышы» түрінде білінеді. Аталған сыртқы белгілер саңырауқұлақ, вирус немесе микоплазмамен залалданған өсімдіктерде жиі кез- деседі.
Жаралар – өсімдіктің сулы жəне шырыны мол мүшелері мен ұлпалары патоген əсерінен жұмсарып, басылған көлемі əртүрлі ойықтарға айналады. Олардың кейбіреулерінде спора тасушы жіп- шелер пайда болады (антракноз).
Мумиялану – саңырауқұлақ жіпшумағы залалданған мүшені тесіп өтіп жайлап алу нəтижесінде дəн, жеміс жəне т.б. семіп, сү- ректенуі (қастауыш, монилиоз).
Қара күйе – ауруға шалдыққан өсімдіктің (астық дақылдары) вегетативті жəне генеративті мүшелерінің ұнтаққа немесе түйір- лерге ыдырауы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет