Оқулық алматы, 2014 Əож 632 (075. 8) Кбж 44. я 73 К18


Патогеннің ие-өсімдік ұлпасында таралуы



бет14/278
Дата08.02.2022
өлшемі5,53 Mb.
#123889
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   278
Байланысты:
karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya
Темірқұл Алтынай 19-12 зикр.10-апта,10-зертханалық жұмыс тапсырмасы, №2-3 зертханалық сабақ. ВИРУСОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУГЕ ПАТОЛОГИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРДЫ АЛУ ЖӘНЕ ОЛАРДАН ВИРИОНДАР МЕН ВИРУС ДЕНЕШІКТЕРІН АНЫҚТАУ (1), КАК ГОВОРИЛА МОЯ АЖЕКА, kniga molek, kniga molek, kniga molek, 7 апта практикалық тапсырма Маргулан Нургүл, karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya, karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya, Саясаттанудың функциялары, тарих семинар3, Тракторлардың ілініс муфтасы мен беріліс қорабы, macro sabak, Бимаканова зылыйха шахметовна

Патогеннің ие-өсімдік ұлпасында таралуы


Патоген өсімдікке енген соң залалдану үдерісі əрі жалғасады. Токсиндер мен ферменттер əсерінен өсімдіктің тірі клеткалары жансыздануы немесе белгілі бір кезеңге дейін қалыпты жұмысын атқаруы мүмкін.


Көптеген бактериялар мен саңырауқұлақтар пектолитикалық ферменттер бөліп шығарады. Мысалы, Erwinia carotovora, Botrytis cinerea – ену кезеңінде клеткаларды жойып, өсімдікті залалдайды.
Жалған ақ ұнтақ ауруының қоздырғыштары мен вирустардың өсім- дікке еніп, оны залалдағаны ұзақ уақытқа дейін білінбейді. Ин- фекциялық үдерістің осы кезеңінде паразиттіліктің (биотрофтар, некротрофтар) белгілері айқын көрінеді.
Некротрофтар токсиндерімен өсімдік клеткасын жойып, өсім- дікті паразиттер басып алады.
Биотрофты паразиттер жіпшумақтары клетка аралықтарына та- ралып, гаусторийлары арқылы тірі клеткадан қоректік затын алып отырады.
Гаусторий – жіпшумақтан тараған өскін. Көптеген саңырау- құлақтардың гаусторийлары бір ядролы, қабықпен (футлярмен) қапталған.
Облигатты паразиттердің гаусторийлары қабықпен түгел қап- талған. Сондықтан, паразит клетка құрамындағы затпен қоректен- генде, клетка тірі күйінде қалып қояды. Ал, факультативті сапро- фиттердің гаусторийларының тек мойны немесе ұшы қабықпен жартылай қапталған. Олардың тұрақты формалары болмайды. Сон- дықтан олар қоректену кезінде клетканы жойып жібереді.
Көптеген бактериялар клетка аралығында дамып, клеткадан қа- бығы арқылы бөлініп шыққан заттармен қоректенеді.
Патогеннің таралуы кезеңінде төзімді өсімдік клеткаларында қоздырғышты жоюға бағытталған əртүрлі қорғану реакциялары болады. Ол патогеннің паразиттілік типіне, қоректену əдісіне бай- ланысты.
Ие-өсімдік патогенге сезімтал болуы мүмкін. Өте сезімтал өсімдікте патоген енген клеткалар бірден жансызданып, сол аймақ- та некроздар пайда болып, паразитті жекелейді. Оны өсімдіктің өте сезімталдық реакциясы дейді. Сезімталдық тек төзімді сорттарға тəн қасиет.
Өсімдіктің қорғану реакциясы паразит токсинін, ферментін жоюға бағытталуы мүмкін. Оны антитоксиндік, антиферменттік реакциялар деп атайды.
Паразиттердің өсімдік ұлпасында таралуы көптеген факторлар- ға байланысты. Ол паразиттің патогенділігі, өсімдіктің төзімділігі немесе қабылдағыштығы, сыртқы орта əсеріне байланысты өтеді.
Патологиялық үдерістің немесе аурудың сыртқы белгілерінің бі- лінуі екі организмнің арақатынасына байланысты.
Аурудың сыртқы белгілері инфекциялық үдерістің соңғы ке- зеңінде білінеді.
Патоген өсімдікке енуден бастап аурудың сыртқы белгілері бі- лінуіне дейінгі уақытты инкубациялық кезең деп атайды. Оның тұрақты уақыты болмайды. Инкубациялық кезең паразиттің агрес- сивтілігіне, өсімдіктің ерекшелігіне (төзімділігіне), сыртқы ортаға байланысты.
Егер өсімдіктің қорғану реакциясы болса, онда патогеннің ену жəне таралу қабілеті төмендеп, инкубациялық кезең ұзарады. Ау- рудың дамуында инкубациялық кезеңінің маңызы өте зор. Егер ол қысқа мерзімде өтсе, патогендер көп ұрпақ беріп, инфекция қоры көбейеді, керісінше ұзақ инкубациялық кезеңде аурудың дамуы төмендеп, инокулюм азаяды.
Сонымен, патологиялық үдерістің əрбір кезеңінде өсімдіктің белгілі бір қорғану механизмі əрекет жасайды. Соған байланысты қорғану механизмін:

  • енуге төзімділік;

  • таралуға төзімділік;

  • инкубациялық төзімділік деп бөледі.

Өсімдікте төзімділіктің бір немесе бірнеше типі болуы мүмкін. Барлық топ бір өсімдікте болса, онда өсімдіктің паразиттен қорғау механизмі күшейеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет