Оқулық алматы, 2014 Əож 632 (075. 8) Кбж 44. я 73 К18



бет17/278
Дата08.02.2022
өлшемі5,53 Mb.
#123889
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   278
Байланысты:
karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya
Темірқұл Алтынай 19-12 зикр.10-апта,10-зертханалық жұмыс тапсырмасы, №2-3 зертханалық сабақ. ВИРУСОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУГЕ ПАТОЛОГИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРДЫ АЛУ ЖӘНЕ ОЛАРДАН ВИРИОНДАР МЕН ВИРУС ДЕНЕШІКТЕРІН АНЫҚТАУ (1), КАК ГОВОРИЛА МОЯ АЖЕКА, kniga molek, kniga molek, kniga molek, 7 апта практикалық тапсырма Маргулан Нургүл, karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya, karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya, Саясаттанудың функциялары, тарих семинар3, Тракторлардың ілініс муфтасы мен беріліс қорабы, macro sabak, Бимаканова зылыйха шахметовна
1-сурет. Бір клеткалы жіпшумақ 2-сурет. Көп клеткалы жіпшумақ
Плазмодий жəне зооспорадан басқа саңырауқұлақ клеткала- рының тығыз қабықшасы болады. Ол бір, екі, үш қабатты болуы мүмкін. Оның құрамы көмірсулар, майлар, хитин жəне басқа да азотты құрылымдардан тұрады. Вегетативтік көбеюде жіпшелер- ге қатты қабықша өзіне тəн сыртқы пішін беріп, клетка ішіндегі заттарды сыртқы ортаның ықпалынан сақтайды. Клетка мен суб- страт жəне клетка мен сыртқы ортаның арасындағы зат алмасу клетка қабықшасы арқылы өтеді. Қабықшасының сыртқы қабатын- да түрлі пигменттер болады. Олар клеткаға əртүрлі түс береді.
Саңырауқұлақ түріне байланысты оның клеткасында бір, екі немесе бірнеше ядролар болады. Ядролар ұсақ, пішіні əртүрлі, екі қабатты мембранасы бар, ішінде ядрошық пен хромосомдар бо- лады. Саңырауқұлақтың тұқымқуалаушылық қасиеті осы ядродағы дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) молекулаларында болады. Рибонуклеин қышқылы (РНҚ), ДНҚ жəне гендер арқылы ядро цитоплазмасындағы тіршілік əрекетінің үдерістерін бақылап оты- рады.
Клетка цитоплазмасы гидрофильді коллоид. Оның құрамы мен құрылысы белоктар, байланыспаған ферменттер, амин қышқыл- дары, көмірсулар жəне липидтерден тұрады.
Клетка қабырғасынан цитоплазманы бөлетін белок пен липид- терден тұратын жұқа протоплазма қабаты болады. Оны плазмо- лемма деп атайды. Ол клеткаға жəне одан сыртқы ортаға өтетін заттарды бақылайды.
Эндоплазмалық тор құрамында белок пен липидтерден тұра- тын жіпшелер мен түтіктерден құрылған. Олар заттардың бір-біріне айналуын жəне жүйеге келтіру жұмысын атқарады.
Митохондрия клетканың маңызды органоиды. Оның мембра- насының ішкі бетінде органикалық заттарды тотықтыратын көпте- ген ферменттер орналасқан.
Рибосомдар өте майда, шар тəрізді дене. Оның құрамында яд- рошықта түзілетін белок пен матрицалық РНК бар. Олар ядрошық- тан шығып ядро, цитоплазма, митохондрия, эндоплазмалық тор бетінде орнығып, белокты синтездеуде қатысады.
Лизосомдар клетканың ұсақ органоидтары. Олардың құрамын- да белокты ыдырататын ферменттер болады. Саңырауқұлақ клет- каларында гликоген, полифосфаттар, липидтер жəне майлар сияқты негізгі заттар жиналады. Гликоген цитоплазмада майда түйіршіктер
(гранула), полифосфаттар вакуольдерде коллоид, ал липидтер мен майлы заттар тамшы түрінде болады.
Жіпшелер ұшынан өседі, сондықтан жас клеткалар ұшына жа- қын орналасады. Жіпшелер өсімдіктің бетінде (экзогенді) немесе ішінде (эндогенді) түзіледі. Өсімдік бетінде жіпшумақ өңез тəрізді болады. Жіпшумақ залалданған бөліктен алыстамай жергілікті (локальды) немесе өсімдік ішінде барлық мүшелерге жүйелі (диф- фузды) таралуы мүмкін. Өзінің атқаратын жұмысына жəне сырт- қы ортаның ықпалына қарай жіпшелер немесе жіпшумақтар түрін өзгертеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет