Доға деп жарты шеңбер тəрізді клеткаларды айтады. Перде арқылы клетка құрамындағы заттар мен ядролар бір клеткадан екіншісіне ауысады.
Анастомоздар (гректің anastomosi – жалғасу деген сөзінен) – екі жіпшелерді жалғастыратын клетканың жанынан шыққан қысқа бездер. Осы бездер арқылы бір клеткадан екіншісіне цитоплазма құрамы жəне ядролар өтеді. Кейде гаплоидты жіпшелер диплоиды кезеңіне өтеді.
Апрессорийлар – жіпшелер ұшының кеңейіп, саңырауқұлақты субстратқа орнықтырушы мүше (мысалы, ақ ұнтақ саңырауқұ- лақтары).
Гаусторийлар – (латынша haustor – сорып алушы) саңырау- құлақтың вегетативті денесін қоректендіруші жіпшелер. Олар өсімдік ішіне еніп, оның қоректі заттарын сорып, жіпшумаққа тасымалдайды.
Ризоидтар (грек. rhiza – тамыр, eidos – тəрізді) – жіпшеден та- ралған тамыр тəрізді қарапайым немесе бұталанған өсінді. Олар арқылы саңырауқұлақ субстратқа еніп, орнығады.
Столондар (лат. stolonis – тамыр өркені) – доға тəрізді жуан жіпшелер, олардың көмегімен саңырауқұлақ субстратқа тез тара- лады.
Қосымша (лат. appendix – қосымша) – əдетте, түссіз немесе əр- түсті жəне əрпішінді əртүрлі жіпшелер (клейстотеций қабықша- лары). Ақ ұнтақ саңырауқұлақтарының түрін анықтауда бұл өте маңызды белгі.
Кірпікшелер – конидия ұшында орналасқан (саны 2-5 дана) жіпше тəрізді түссіз клеткалар. Олар спораларды өсімдік бетінде ұстап тұрады.
Оидиялар (жұмыртқа пішінді жіпше бөліктері) – жіпшелердің ыдырауында түзілген жұқа қабығы бар сопақтау клеткалар.
Телиоспоралар – жіпшелердің ыдырауы нəтижесінде түзілген, қалың қабығы бар қоңыр түсті клеткалар. Қабығы қара-қоңыр беті дөңестеу, бұдыр немесе тікенекті. Олар қоректік заттарға бай, сондықтан көп жылға дейін (9-12 жылға) тіршілігін сақтайды.
Геммалар – телиоспоралар сияқты түзіледі, пішіні əртүрлі. Бластоспоралар (грек. blastos – өсінді, spora – тұқым) – жіп-
шумақтан, мицелийден бүршіктеніп шығады (ашытқы саңырау- құлақтары).
Тіршілікке қолайсыз жағдайда саңырауқұлақ жіпшумағы түрін өзгертеді. Жіпшумақ өзгерістері – жіпшумақтардың тығыз байла- нысып қабыршақтанған түрін айтады.
Баулар – тек жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақтарда болады. Олардың ұзындығы, жуандығы, түсі, тығыздығы əртүрлі, қарапа- йым жəне күрделі болады. Қарапайым баулар ұқсас, қысқа бір-бірі- мен параллельді іргелескен жіпшелерден тұрады. Олар бір-бірімен шырышты қабығымен немесе қысқа анастомоздармен іргелеседі. Күрделі баулар əртүрлі жіпшелерден тұрады.
Ризоморфтар (грек. rhiza – тамыр, morрhe – пішіні) – күрделі бау тəрізді қара-қоңыр немесе қара жіпшелерден түзілетін, пішіні жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің тамыры сияқты түзілімдер. Олар ұшымен өсіп, ұзындығы он метрге дейін болады.
Склероцийлар (грек. skleros – қатты) қарамық – жіпшумақтың қатты, тығыз түзінділері, көлемі əртүрлі (микроннан – 30 см дейін). Олардың сырты жуан қаралау, ал іші ақшыл түссіз жіпшелерден тұрады. Склероцийлардың құрамы 30% май, 10% дейін судан тұ- рады. Егер склероций тек қана жіпшелерден тұрып, залалданған ұлпадан бөлектенетін болса, онда нағыз склероций, ал склероций- дің құрамында залалданған ұлпа болса, онда оны мумия деп атай- ды. Склероцийлар сыртқы ортаның қолайсыз жағдайында ұзақ сақталып, жіпшеге немесе əртүрлі мүшеге енеді. Кейбіреуі жеміс денеге өнеді.
Стромалар – жіпшумақтан түзілетін пішіні, көлемі, түсі əртүрлі болады. Бұл стромалар бетінде жеміс денелер немесе басқа спора түзетін органдар құрылады. Көбінесе қалталы саңырауқұлақтарда кездеседі.
Төсеніш (ложе) – саңырауқұлақтың жеміс денесі дамитын, өте қалың ұйысқан жіптармақ. Ол өсімдік ұлпасы ішінде немесе бе- тінде түзіледі.
Пикнидалар – пішіні шар немесе алмұрт тəрізді жоғарғы жа- ғында саңлауы бар, ішінде конидиялар түзілетін кең орын.
Жеміс денелер – жіпшелерден тығыздалып, ішінде қалталар мен базидиялар түзілетін құрылым.