116-сурет. Макроспориоз
Аурудың дамуына жоғары температура, су тамшысы, өткінші жаңбыр мен мол шық қолайлы жағдай туғызады. Инкубациялық
кезеңі 3-8 күн. Ауру қоры – өсімдік қалдықтары. Бұл қоздырғыш картоптан басқа қызанақты, баялдыны, меңдуананы залалдайды.
Өсімдіктің жапырағы мен сабағы залалданады. Гүл түйіні түзі- лу қарсаңында жапырақ бетінде ірі, қара-қоңыр, дөңгелек немесе бұрышты шеңберленген дақтарда жеңіл өңез байқалады. Дақталған ұлпа кейін үгітіліп, тесіліп, өсімдік төменгі жапырақтарынан бас- тап бірте-бірте сарғаяды.
Альтернариоз. Ауру қоздырғышы – Alternaria solani Sor. саңы- рауқұлағы (117-сурет). Көлденең жəне бойлаған перделі споралар пішіні теріс шоқпар тəрізді, олар тізбектеліп түзіледі. Саңырауқұлақ конидиялары ауруды таратады. Кеселдің дамуына су тамшысы мен 22-26оС температура қолайлы жағдай туғызады. Инфекция қоры
өсімдік қалдықтарында сақталатын жіпшелер мен конидиялар. Бұл қоздырғыш басқа да алқа тұқымдасына жататын өсімдіктерді залалдайды.
Достарыңызбен бөлісу: |