117-сурет. Альтернариоз
Өсімдіктің жапырағы, сабағы кейде түйнектері залалданады. Жапырақ бөліктерінің шетінде қара-қоңыр дақтар түзіліп, оның бетінде қара-зəйтүн түсті мол мақпалды өңез пайда болады.
Сабақ пен сағақтарда түзілген дақтар қара түсті, ал түйнектегі- лері дөңгелек, сəл басылған, беті қара өңезді болып келеді.
Ризоктониоз. Ауру қоздырғышы – Rhizoctonia solani Kuehn. саңырауқұлағы, базидиялы кезеңі – Hypochnus solani Pr.et Del. (118-сурет). Бұл саңырауқұлақ жіпшумақ жəне склероций түзеді. Қоздырғыш жоғарғы ылғалдылықпен 9-27оС (қолайлы 15-21оС) температурада дамиды. Ұзаққа созылған суық көктем, сазды ауыр
топырақ жəне картоптың өніп-өсу кезеңіндегі топырақ аэрациясы- ның төмен болуы аурудың дамуына қолайлы жағдай туғызады.
Достарыңызбен бөлісу: |