Оқулық алматы, 2014 Əож 632 (075. 8) Кбж 44. я 73 К18



бет215/278
Дата08.02.2022
өлшемі5,53 Mb.
#123889
түріОқулық
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   278
Байланысты:
karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya

138-сурет. Бұрышты дақ

Бактериоздың алғашқы белгілері өскінде көрінеді. Тұқымжар- нақтың шетіне жағалай майда, ашық қоңыр түсті, майлы дақтар түзіліп, тез ұлғаяды. Залалданған бөліктен шырыш (экссудат) бө- лінеді. Ауруға шалдыққан өскін солып, қурап, жойылады.


Жапырақ үстінде түсі қара-қоңыр немесе қоңыр, жүйкелермен шектелген майлы дақтар пайда болады. Дақтың төменгі беті бакте- рия жиынтығынан тұратын шырышпен жабылады. Құрғақ ауа ра- йында кеуіп, қабыршақтанып, дақтар ағарыңқы болып көрінеді. Ұлпалар кейін жарылып, үгітіліп түседі де, жапырақ тесіледі.
Жемісте, сабақта, сағақта дақтар алғаш суланып, кейін кеуіп, тереңдеп, ойық жараға айналады, ал ауа райы ылғалды күндері бұл бөлікте көмескі тамшылар (бактерия жиынтығы) көрінеді.
Жас жемістердің залалданған ұлпалары өспей, пішінсіз болады. Жылыжайларда мол ылғалдың əсерінен жемістері жұмсарып, шіри- ді. Ауруға шалдыққан жемістерден қоздырғыш тұқым қабығына еніп, көктемде өскінді залалдайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет