8-кесте Ауру қоздырғыштардың залалдайтын өсімдіктері
ʋ
Ɍɭɵɫɬɚɪɵ
Ɍԛɪɥɟɪɿ
Ⱥɭɪɭɥɚɪɵ
ɋɵɪɬԕɵ ɛɟɥɝɿɥɟɪɿ
1 P
seudomonas
Ps. syringae
ɋԛɣɟɤɬɿ ɠɟɦɿɫɬɿɥɟɪ – ɧɟɤɪɨɡ
ɞɚԕɬɵɥɵԕ
Ps. lachrymans
Ԕɢɹɪ –
ɛɚɤɬɟɪɢɨɡ
ɞɚԕɬɵɥɵԕ
Ps. phaseolicola
Ԛɪɦɟ ɛԝɪɲɚԕ – ɛԝɪɵɲɬɵ ɛɚɤɬɟɪɢɨɡ
ɞɚԕɬɵɥɵԕ
Ps. glycinea
Ɇɚɣ ɛԝɪɲɚԕ- ɛɚɤɬɟɪɢɨɡ
ɞɚԕɬɵɥɵԕ
Ps. tabacum
ɒԝɛɚɪ ɛɚɤɬɟɪɢɨɡ
ɞɚԕɬɵɥɵԕ
2 X
anthomonas
X. campestris
Ʉɚɩɭɫɬɚ – ɬԛɬɿɤɬɿ ɛɚɤɬɟɪɢɨɡ
ɫɨɥɭ
X.malvacearum
Ɇɚԕɬɚ – ɝɨɦɦɨɡ
ɞɚԕɬɵɥɵԕ
X.vesicatoris
Ȼɚɤɬɟɪɢɹɥɵ ԕɚɪɚ ɞɚԕ
ɞɚԕɬɵɥɵԕ
X. beticola
Ɍɭɛɟɪɤɭɥɟɡ
ɿɫɿɤɬɟɪ
X. translucens
Ȼɢɞɚɣ – ԕɚɪɚ ɛɚɤɬɟɪɢɨɡ
ɞɚԕɬɵɥɵԕ
3 E
rwinia
E. amylovora
Ȼɚɤɬɟɪɢɹɥɵ ɤԛɣɿɤ (ɤɚɪɚɧ- ɬɢɧɞɿ ɚɭɪɭ)
ԝɥɩɚ ɧɟɤɪɨɡɵ ɠԥɧɟ ɫɨɥɭ
E. carotovora
Ʉԧɤԧɧɿɫ, ɤɚɪɬɨɩ
– ɫɭɥɵ ɲɿɪɿɤ
ɫɭɥɵ ɲɿɪɿɤ
E. aroidae
4 C
lavi bacter
C.
sepedonicum
Ʉɚɪɬɨɩ –
ɫɚԕɢɧɚɥɵ ɲɿɪɿɤ
ɫɨɥɭ, ɲɿɪɿɤ
C.michiganense
Ԕɵɡɚɧɚԕ –
ɛɚɤɬɟɪɢɹɥɵ ɪɚɤ
ɫɨɥɭ, ɞɚԕɬɵɥɵԕ
5 A
grobacterium
A. tumefaciens
ɀɟɦɿɫ- ɠɢɞɟɤɬɟɪ – ɬɚɦɵɪ ɿɫɿɝɿ
ɿɫɿɤɬɟɪ
6 B
acillus
B. mesentericus
Ⱥɫԕɚɛɚԕ ɬԝԕɵɦ- ɞɚɫ – ɛɚɤɬɟɪɢɹ- ɥɵ ɲɿɪɿɤ
ɲɿɪɿɤ
Бактериоздардың инфекциялық қоры жəне таралу жолдары
Бактерияның əртүрлі инфекциялық қоры болады. Фитопато- генді бактериялар тұқым, тамыржеміс, түйнек ішінде немесе сыр- тында сақталуы мүмкін. Соған байланысты отырғызылатын немесе тұқымдық материалдардың ішкі жəне сыртқы инфекциясы болып бөлінеді.
Сыртқы бактерия инфекциясы өнімді жинау кезінде залалдан- ған өсімдік ұлпасының бір бөлігі немесе тұқым, тамыржеміс жəне түйнектің бактериямен жанасуы арқылы жұғады.
Ал ішкі инфекция вегетациялық кезеңде өсімдіктің тұқым, жеміс түзуші мүшелерін қоректендіруші түтіктеріне бактерияның еніп, оны залалдау нəтижесінде пайда болады. Залалданған тұқым жəне басқа да материалдарды отырғызғанда, одан ауру өсімдік өсе- ді. Сондай-ақ, бактериоздар басқа жерлерге отырғызуға арналған материалдармен таралады.
Бактериоздардың инфекциялық қоры өсімдік қалдығында да сақталады. Бірақ табиғаттағы қалдықтарды шірітетін микроор- ганизмдер əсерінен өсімдік қалдығындағы фитопатогенді бакте- риялардың тіршілігі жойылады. Сондықтан бактериоз қоздырғы- шының өсімдік қалдықтарында сақталу мерзімі, қалдықтың ыдырау уақытына байланысты болады.
Көптеген фитопатогенді бактериялар топырақта ұзақ уақыт өмір сүрмей тіршілігін тоқтатады. Топырақтағы антогонистер – саңы- рауқұлақтар, актиномицеттер, бактериялар сияқты биологиялық факторлар немесе топырақтың физикалық қасиеттері (топырақ бө- ліктерінің көлемі, топырақ температурасы жəне ылғалдығы) фито- патогенді бактерияларға қолайсыз жағдайлар туғызып, олардың жойылуына себеп болады. Ал өсімдік қалдығында бактериялар топырақта ұзағырақ, яғни өсімдік қалдығы шірігенше сақталады.
Кейбір фитопатогенді бактериялар топырақта ұзақ уақыт сақ- талады. Мысалы, өсімдіктің солу ауруының қоздырғышы – Pseu- domonas solanacearum жəне тамыр рагының қоздырғышы – Agro- bacterium tumefaciens бактерияларының инфекция қоры топырақта сақталады.
Табиғатта кейбір бактериоз қоздырғыштары насеком денесінде сақталады. Пияз жəне капуста шыбындары денесінде сулы шірік тудырушы бактериялардың сақталатындығы анықталған. Көп-
теген топырақ насекомдары фитопатогенді бактериялардың тара- тушылары болып табылады. Мысалы, сымырлар.
Бактерия жауын тамшысы жəне ағын су (жайып суару кезінде) арқылы да өсімдіктен өсімдікке таралады.
Фитопатогенді бактерияларды анықтау əдістері:
аурудың сыртқы белгілері бойынша;
жасанды қоректік ортада бактериоз қоздырғышын жекелеу жəне таза культураның патогенділігін анықтау;
қоздырғышты микробиологиялық зерттеу, яғни бактерияның морфологиялық, культуралық, биохимиялық ерекшеліктерін талдау. Өсімдік ауруын қоздырушы актиномицеттер. Соңғы жүйелеу (Берджи, 1974 ж.) бойынша актиномицеттер бактерияларға топтас- тырылған. Бірақ, өздерінің морфологиялық жəне биологиялық ерекшеліктері бойынша актиномицеттер саңырауқұлақтар мен бак-
териялар арасындағы аралық топ болып саналады.
Бактериялар сияқты актиномицеттер прокариотты организмдер жəне сілтілі ортада жақсы дамиды (актиномицеттер мен бактерия- ларға қолайлы орта рН - 6,8-8,0).
Актиномицеттердің (көпшілігінің) вегетативті денесі саңырау- құлақ сияқты жіпшумақ (мицелий) деп аталады. Ол жан-жаққа сəуле тəрізді таралған, диаметрі 0,2-2,0 мкм жіңішке жіпшелерден тұрады. Актиномицеттер жіпшумақ үзіндісімен немесе оның жеке бөліктерге бөлінуі арқылы (оидиялар түзу) немесе негізгі жіпшу- мақтан таралған спора тасушы жіпшелерде түзілген споралар ар- қылы көбейеді (49-сурет).
1 2 3 4 5
49-сурет. 1, 2, 3, 4 – актиномицет спора тасушылары, 5 – ауру белгісі
Спора тасушы жіпшелер иректелген, бұралған (спираль) неме- се тік болады. Тік спора тасушылар, əдетте, қысқа, тікенек тəрізді, ал иректелген жəне бұралып түзілетіндері ұзын болады. Пішіні
сопақша, дөңгелек жəне таяқша тəрізді споралар спора тасушы жіпше бойында бір мезгілде түзіледі.
Актиномицеттердің түсі əртүрлі түске боялған немесе түссіз. Олардың ішінде көк, күлгін, қызыл-сары, сары, жасыл, бурыл кейде қара, т.б. түстерге боялғандары кездеседі. Жіпшумағы түссіз түрлерінің спора тасушы жіпшелері сұр, ақ, қызғылт, жасыл-көк, қоңыр немесе əртүсті болуы мүмкін.
Актиномицеттер гетеротрофты организмдер. Қоректік зат ре- тінде қанттар, органикалық қышқылдар, майлар, белоктар, амин қышқылдары жəне басқа да қоспаларды қолданады. Сондай-ақ, құ- рамында азоты бар заттар – нитраттар, аммоний тұздары, нитрит- тер, мочевина, т.б. қоректенеді.
Актиномициттердің көпшілігі топырақта, сабанда, көңде сап- рофитті өмір сүреді. Табиғатта өсімдік, жануарлар қалдығын ыды- ратады. Олардың қатарында өсімдік ауруын тудыратын қоздыр- ғыштардың белсенді антагонистері бар. Кейбір актиномицет түрі стрептомицин, биомицин, тетрациклин сияқты антибиотиктер алуда фармакологияда қолданылады. Адам мен жануарларда ауру туғызатын актиномицеттер де кездеседі.
Фитопатогенді Steptomyces scabies түрі картоп, қызылша, сə- біздің кəдімгі таз-қотырының қоздырғышы. Залалданған бөлікте ал- ғаш жара пайда болып, кейін беті бұдырланып қабыршақтанады.
Құмды, сілтілі, шірімеген сабаны мол көңде, ыстық ауа райы, мол ылғалдылықта қоздырғыштың зияндылығы артады.
Пысықтау сұрақтары Бактериялардың құрылысы, көбеюі жəне таралутүрлері.
Фитопатогенді бактериялар топтарға қандай қасиетіне байла- ныстыбөлінеді?
Бактериялардың өсімдікке ену жолдары жəне оны залалдауда ферменттердіңрөлі.
Бактериоздарда түзілетін аурубелгілері.
Бактериялардың инфекция қоры қайдасақталады?
Актиномицеттердің вегетативті денесі жəнекөбеюі.
Актиномицеттердің саңырауқұлақтар мен бактерияғаұқсастығы.
Актиномицеттердің өсімдікте туғызатын аурулары, олардың сыртқы белгілері жəне фармакологиядағымаңызы.
Актиномицеттердің дамуына қолайлы жағдай жəне оның инфек- ция қоры.