Оқулық алматы, 2014 Əож 632 (075. 8) Кбж 44. я 73 К18


Вирустар, вироидтар жəне микоплазмалар



бет88/278
Дата08.02.2022
өлшемі5,53 Mb.
#123889
түріОқулық
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   278
Байланысты:
karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya

Вирустар, вироидтар жəне микоплазмалар


Вирустар. Вирустар барлық тірі организмдер (адам, жануар, насеком, өсімдік, саңырауқұлақ, бактерия, т.б) клеткаларының ішінде паразитті өмір сүріп, онда өзіне ұқсас бөліктерді өндіретін, клеткалық құрылысы жоқ ерекше топ. Ол белок өндіру (синтез- деу), ферменттер мен энергия бөлу жүйесінен мүлдем айырылған облигатты паразит.


Вирустарда алғаш орыс ғалымы Д. И. Ивановский (1892) те- мекінің мозаикалы ауруын зерттеу нəтижесінде ашқан. Бактерия сүзгісінен өткізілген ауру темекінің шырынымен сау жапырақтарды механикалық əдіспен өңдегенде, оларда тура алдыңғыдай мозаика белгілері пайда болған.
Ғалым өзі ашқан қоздырғыш бактериялардан да ұсақ бөліктер- ден тұратынын, сонымен қатар ол кристаллдар түзетінін сол кездегі микроскоп арқылы көріп дəлелдеді.
М. В. Бейеринк жаңа қоздырғышты «вирус» деп атады.
У. Стэнли (1935 ж.) темекінің мозаикалы вирусының құрамында белок барын, ал Ф. Боуден мен Н. Пири (1937 ж.) аталған вирус 5℅ РНК жəне 95℅ белоктан тұратынын дəлелдеген. Сонымен химия- лық құрамы бойынша вирустар – нуклеопротеидтер.
Вирустарды жіктеуде нуклеин қышқылының типі, оның ви- риондағы пайыздық құрамы мен жіпшелер саны, молекуланың са- лыстырмалы массасы, құрылу ерекшеліктері жəне т.б. қасиеттері негізге алынған.
Вирустар жарық микроскопы арқылы көрінбейтін көлемі өте майда; клеткалық құрылысы болмайтын, химиялық құрамы өте қарапайым белок пен нуклеин қышқылының (РНҚ немесе ДНҚ) тек біреуінен тұратын, нуклеин қышқылы паразиттің инфекцияны жұқтыруға жауапты, ал белоктың негізгі рөлі нуклеин қышқылын қорғауға негізделген; жасанды қоректік ортада өспейтін, тек ие – өсімдікте дамитын облигатты паразиттілігімен сипатталады.
Вирус латынша ‘virus’ – “у” деген мағынаны білдіреді. Нуклео- протеид өсімдік жəне барлық тірі организмдердің (бірклеткалы жəндіктер мен жануарлар) клеткаларында түзіліп, олардың ауруын қоздырады. Белгілі вирустардың төрттен бір бөлігіне жақыны өсімдік ауруын қоздырады. Вирустың бір түрі бір немесе бірнеше өсімдіктерді залалдайды, ал бір өсімдікте вирустың бірнеше түрін
кездестіруге болады. Қазіргі кезде вирус ауруына шалдықпайтын өсімдік жоқ.
Вирустар ауыл шаруашылығына көп зиян келтіреді. Өсімдік өнімінің шығымы мен сапасын едəуір азайтады. Мысалы, қант қы- зылшасының тамыржемісінің қанты 1-2%-ға, картоптың крахмалы 1,5-2%-ға дейін кемиді. Бау-бақшадағы жемістер жетілмей түсіп қалады. Күздіктердің суыққа шыдамдылығы төмендеп үсіп кетуі мүмкін. Сонымен қатар вируспен залалдаған өсімдіктер əлсіреп, басқа ауруларға қарсы тұра алмайды.
Фитопатогенді вирустардың нуклеин қышқылы (РНҚ) вирус бөлігінің ортасында орналасып, оны айнала белок молекуласы қоршап тұрады. Фитопатогенді вирустардың пішіні негізінен таяқ- ша, домалақ, цилиндр, ұзынша болып келеді (50-сурет). Вирус құ- рамы 5-40%-ға дейін нуклеин қышқылынан, ал қалғаны протеин- нен (белоктан) тұрады. Ұзынша вирустарда нуклеин қышқылы аз, протеин мөлшері көп болады, ал домалақтау вирустарда нуклеин қышқылы көп, ал протеин аз болады.
Вирустардың жетілген бөліктері вириондар деп аталып, нук- леин қышқылының (РНҚ немесе ДНҚ) біреуінен тұрады. Олардың пішіні вирустарға сəйкес болады. Кейбір вириондарда липидтер де болуы мүмкін.
50-сурет. Вирустардың пішіні

Белок молекуласында 20-ға жуық түрлі амин қышқылдары болады. Вирустар тек қана тірі клеткада көбейеді. Ие-өсімдік клеткасына түскенде вирус өзінің құрамдас бөліктеріне белок пен нуклеин қышқылына бөлінеді, себебі белок жамылғышы (бұрын


нуклеин қышқылын сақтап тұрған) вирустың клеткаға əсеріне кедергі болады.
Жамылғысынан ажыраған вирустың нуклеин қышқылы өсім- дік клеткасының ядросы мен ядрошығында, ал белок рибосомда репликациялану (өзіне ұқсас жаңа вирус бөліктерін – вириондар өндіру) арқылы көбейеді.
Жаңа құрылымдардың құрылуы үшін 10 сағаттай уақыт керек. Нəтижесінде жаңа вириондар түзіліп, өсімдік цитоплазмасында РНҚ молекулалары белокты қабықпен жабылады. Вириондар жеке- жеке немесе топтанып кристалды жəне аморфты (пішінсіз) екі күй- де өмір сүреді. Кейде вирустар ядрода жəне вакуольда болуы мүмкін. Вириондардың түзілу үдерісінде генетикалық өзгерген фор- малардың пайда болуы мүмкін. Оларды вирус штаммдары деп атайды. Бұрын ауруға төзімді өсімдіктер жаңа штаммдарға төзімсіз
болып, вирус ауруына шалдығады.
Көптеген фитопатогенді вирустарда жаңа штаммдар пайда бо- лып тұрады. Олар бірінен-бірі бөлек сорттар мен түрлерді залалдау қасиетімен, аурудың сыртқы белгілерімен, физикалық, химиялық қасиетімен ажыратылады. Мысалы, темекі мозаикасын қоздыратын вирустың 200-ден астам штаммдары белгілі, олар əртүрлі сыртқы белгі береді: некроздық штаммы өсімдіктің жоғарғы жағының нек- розы мен өсімдіктің қурауы, аукуба штаммы – сары дақ, бақажа- пырақты штаммы – некроз сақинасын түзеді. Вирустардың өзгер- гіштік негізінде мутация жəне генетикалық рекомбинация болып тұрады.
Қоршаған ортаның əсеріне де вирустар əртүрлі төзімділік көрсетеді. Изоляцияда сақталатын вирустар төзімді жəне төзімсіз болып бөлінеді. Төзімді вирустар өсімдік сығындысында (шыры- нында) ұзақ уақыт сақталады. Мысалы, темекі мозаикасының виру- сы (ТМВ) шырында 50 жылдан аса, ал оны жоғары температурада (80-90°С) қыздырғанда 10 минутқа дейін тіршілігі жойылмайды.
Төзімсіз вирустар 25-50°С температурада жəне химиялық зат- тардың əсерінен белсенділігін тез жойып, инфекциялық қабілеті сақталмайды. Кейбір вирустар кепкен өсімдікте ұзақ жылдар сақталады. Бірақ көптеген вирустар инфекциялық қабілетін тез жояды. Бұл мəліметтер əр вирусқа қарсы қолданатын шаралар жоспарланғанда өте қажет болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет