Оқулық алматы, 2014 Əож 632 (075. 8) Кбж 44. я 73 К18


Техникалық дақылдардың аурулары Мақта аурулары



бет159/278
Дата08.02.2022
өлшемі5,53 Mb.
#123889
түріОқулық
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   278
Байланысты:
karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya

Техникалық дақылдардың аурулары Мақта аурулары


Саңырауқұлақ аурулары


Вилт – вертициллезды солу. Ауру қоздырғышы – Vetricillum dahliae Kleb. саңырауқұлағы (94-сурет). Үнемі топырақта кезде- сетін 700-ге жуық өсімдік түрлерін залалдайтын саңырауқұлақ. Жіпшумағы түссіз, перделі, конидия тасушылары күлтеленіп, ұш- тары бірнеше тарамға бөлінеді.

94-сурет. Вилт (вертициллезды солу)

Тарамдар ұшында конидиялар топтанып жинақталады. Кони- диялар эллипс тəрізді, бір клеткалы, бір ядролы, көлемі 3-6 х 1,5- 2 мкм. Саңырауқұлақ өзінің даму циклында хламидоспоралар мен микросклероцийлар түзеді. Микросклероцийлар сопақтау, сыртқы қабығы қалың, қара-қоңыр түсті ішкі бөлігі жіңішке түссіз жіп- шелерден тұрады. Олар өсімдік сола бастағанда пайда болады. Склероцийлар көктемде 7°С температурада өне бастайды (қолай- лы даму температурасы 24-26°С, ылғалдылығы 60-70%). Бірақ бұл саңырауқұлақ тіршілік қабілетін аса жоғары (+80°С) жəне төмен температурада (-30°С) сақтайды.


Өсімдік көбінесе тамыр жарақаты арқылы залалданады. За- лалдану жіпшумақ немесе оның үзінділері, конидиялар, хламидо- споралармен жүреді. Түтіктер арқылы саңырауқұлақ өсімдіктің барлық бөлігіне тарайды да, жапыраққа, жеміс сағағына, өсу нүк- тесіне жетеді. Инфекция қоры – топырақ, əсіресе дара дақылды мақта егісі.
Өсімдіктің төменгі жапырақтарында шашыраңқы орналасқан дөңгелек немесе бұрышты сарғыш дақтар түзіліп, жасыл ұлпалар жүйке бойында сақталып, дақтар кейін қоңырланып, кебеді. Гүл түйіні байланған кезде мақта дақылы жаппай ауруға шалдығады. Кесел алғаш астыңғы жапырақтарда таралып, өсімдікті бойлай жоғарғы бөліктерге жылжып, бірте-бірте қурап түседі, кейде өсім- дік жапырақтары бірден түгел түсіп қалады да, қауашақтары же- тілмей қурайды.
Жас өсімдіктердің залалданған жапырақтары түсіп, өсуі тоқтап, қурайды. Кейбір өсімдіктің жоғарғы бұтақтары қайта жапырақ- тануы мүмкін, бірақ бұл жапырақтар хлорозды сарғыш болып, өсімдік өнім бірмейді. Мақта өсімдігі кейде кенеттен солып, жапы- рақтары салбырап, қурап, бірақ түспей 2-3 күнде өсімдік жойылып қауашақтағы талшық пен тұқымдар жетілмейді.
Кеселдің негізгі белгісі – түтіктер қоңырланып, оған жақын ұлпалар күңгірттенеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет