92-сурет. Қоңыр дақ
Бұл ауру көктемнен бастап күздің соңына дейін суармалы жə- не тəлімі жерлерде өсімдіктің барлық өсу кезеңдерінде кездеседі. Қоңыр дақтың алғашқы белгісі өсімдіктің төменгі жапырақтарын- да сəуірдің ортасында біліне бастайды.
Залалданған жапырақ бетінде шашыраңқы орналасқан, айқын көрінетін дөңгелек, шеті иректелген, диаметрі 1-3 мм қоңыр дақтар пайда болады. Дақ үстінде майда, түсі қоңыр, дөңгелек апотецийлер дөңес түрінде көрінеді. Апотецийлер жетіле келе ашылып, табақша пішінін алады. Сабақтағы дақтардың пішіні сопақша, көлемі 4-5 х 2-3 мкм.
Тұқымдық жоңышқаның бұршағы түзілу кезінде ауру қатты дамып, өсімдіктің өсуі саябырлап, бұршақтары аз байланса жапы- рақтары, гүлдері, түйіндері, бұршақтары түсіп қалады.
Ps. medicaginis саңырауқұлағының жыныссыз пикноспоралары пикнидаларда түзіледі. Соңғылары қыстап, көктемде пикноспора- лар жоңышқаны залалдауы мүмкін. Ылғалды жəне жылы ауа райы
аурудың дамуын ықпалын тигізеді. Ауру қоры – өсімдік қалдығы мен аңызда қыстап шығатын апотецийлер.
Аскохитоз. Жоңышқа аскохитозының қоздырғышы – Ascochyta imperfecta Peck. саңырауқұлағы. Пикнидалар дақ үстінде тек жоға- ры ылғалдылықта түзіледі. Ауруға шалдыққан жапырақтар бірден түсіп, кейін олардың бетінде пикнидалар пайда болады.
Қураған сабақта шар тəрізді қалың қабықты, қоңыр түсті, тө- бесінде саңлауы бар пикнидалар ұлпаға батып орналасады. Кони- диялар бір немесе екі клеткалы, түссіз, пішіні сопақша немесе цилиндр тəрізді. Ылғалды ауа райында жетілген пикнидалардан пикноспоралар қызыл шырыш түрінде шығып өсімдікті залал- дайды. Инкубациялық кезең – 4-6 күн.
Өсімдіктің жапырағы, өркені, сабағы, гүлсағағы, бұршаққабы жəне тұқымдары залалданады. Кесел төменгі жапырақтардан бас- талып бірте-бірте жоғарғыларына көшеді. Жапырақ үстінде шашы- раңқы орналасқан дақтардың түсі мен көлемі əртүрлі: майдалары
қара-қоңыр немесе қара түсті жиегі сарғыш; ірілерінің түсі
ашық-қоңыр немесе сарғыш, қара-қоңыр жиекпен шектелген. Ауру жапырақтар жүйке бойымен айрылып, ширатылып қатты де- формацияланады. Дақ үстінде түзілген қара пикнидалар саны өте көп болғандықтан, залалданған жапырақ күйгендей болып көрінеді. Сабақ, сағақ жəне бұршаққаптағы дақтар майда, түсі қара-қо- ңыр, жиегі алғаш майлы болып, кейін сарғаяды. Ірі ақшыл дақтар аталған мүшелерде өте сирек түзіледі. Кеселге шалдыққан өсім-
діктің тұқымы қарайып, қабығы қыртыстанып, əлжуазданады.
Беде аскозитозының қоздырғышы – Ascochyta trifolii Bond. et Truss. саңырауқұлағы. Қоздырғыштың пикнидалары шар тəрізді пикноспоралары екі клеткалы, цилиндр тəрізді, кейде сəл иілген. Ауруға шалдыққан жапырақтарда көлемі үлкен, түсі қара-қоңыр ортасы ашықтау, центрлі дақтар пайда болып, үстінде ашық-қоңыр түсті пикнидалар түзіледі. Инфекция қоры – пикнидалар жəне сабақта, жапырақта, тұқымда қыстап шыққан жіпшумақтар. Күзгі, көктемгі мол жаңбыр жəне жылы қыс инфекцияның сақталып, аурудың дамуына ықпалын тигізеді.
Тат. Жоңышқа татының қоздырғышы – Uromyces striatus Schr. саңырауқұлағы (93-сурет). Қоздырғыш əр иелі, толық циклды да- митын паразит.
Достарыңызбен бөлісу: |