91-сурет. Ақ ұнтақ
сыртқа шығады. Конидия тасушының негізінен жіңішке жіпшелер жайылып өсіп, залалданған мүшелерде тығыз, киізді өңез түзі- леді. Клейстотецийдің жоғарғы бөлігі сəл басылған, ішіндегі 8-36 қалталардың əрқайсысында көлемі 28-42 х 14-22 мкм екі қалта- спордан орналасады.
Саңырауқұлақ өсімдік қалдықтарындағы клейстотеций түрін- де қыстап шығып, алғашқы залалдану аскоспора арқылы өтеді. Қоздырғыш кейде жіпшумақ түрінде қыстап шығып, көктемде бір- ден жыныссыз споралар (конидиялар) түзеді. Аурудың дамуына құрғақ, ыстық ауа райы қолайлы жағдай туғызады.
Кесел белгісі жаздың екінші жартысында залалданған мүше- лерде ақ ұнтақты өңез түрінде біліне бастайды. Өңезде кейін қара нүкте тəрізді клейстотецийлер түзіледі.
Сары дақ. Ауру қоздырғышы – Sporonema phacidioides Desm. саңырауқұлағы. Конидия тасушылары мен конидиялары түссіз, бір клеткалы, көлемі 5-9 х 2-4 мкм. Кейбір деректер бойынша бұл са- ңырауқұлақтың қалталы кезеңі Pseudopeziza jonesii Nannf.
Қазақстанда саңырауқұлақтың тек конидиялы кезеңі дамиды. Пикнидалар қыстап шығып, жаз бойы ауру пикноспоралармен таралады. Қолайлы жағдайда (60-80% ылғалдылық, 20-250С тем- пература) ауру қысқа мерзімде (3-5күн) дамып, тез таралып, жас жапырақтарды залалдайды. Жылы қыс, ылғалды көктем, жаздағы мол шық аурудың қарқынды дамуына əсерін тигізеді. Саңырауқұ- лақ өсімдік қалдықтарында қыстайды.
Өсімдіктің алғаш төменгі, кейін жоғарғы жапырақтарында сар-
ғыш, хлорозды, жайылған дақтар пайда болады. Дақ бетінде майда қара пикнидалар түзіледі де, жапырақтар қурап, түсіп қалады.
Қоңыр дақ. Ауру қоздырғышы жоңышқада – Pseudopeziza medicaginis Fckl., бедеде Ps. trifolii Fckl. саңырауқұлақтары (92-су- рет). Апотецийдегі қалталар цилиндр тəрізді, жіпше пішінді, парафиздермен қоршалған, олар кейде қалтадан ұзын болады. Ас- коспоралар бір клеткалы, түссіз, сопақша немесе жұмыртқа тə- різді. Əр қалтада 8 аскопорадан орналасады. Ауа райы қоңыржай аймақтарда саңырауқұлақ екі, ал оңтүстікте 3-4 ұрпақ береді.
Достарыңызбен бөлісу: |