Қара мойнақ. Ауру қоздырғышы – Pectobacterium phytophtho- rum Appel. (Erwinia phytophthora Berg. et al.) бактериясы (121-су- рет). Картоптан басқа қоздырғыш дəнді бұршақтарды, капустаны, асқабақты, темекіні, қызанақты, пиязды, т.б. залалдайды.
Бактерия түйнекке столон, түрлі саңлау немесе жарақат ар- қылы енеді. Сақтау кезінде қоймадағы жоғары ылғалдылық пен температура ауруға қолайлы жағдай туғызады. Қоздырғыш түйнек бетінде немесе ұлпасында бірнеше ай сақталып, қолайлы жағдай туғанда, ауру қайта өршуі мүмкін.
Аурудың алғашқы қоры залалданған түйнек пен шірімеген пəлек болып табылады. Қоздырғыш кейін өскінге еніп столон арқылы жаңа байланған түйнектерді залалдап, соңынан қоймада ауру өр- шіп, жаңа түйнектерге жұғады.