Түйнектің құрғақ шірігі. Ауру қоздырғышы – Fusarium
туысына жататын саңырауқұлақтар. Соның ішінде жиі кездесетіні
oxysporium Schl. f.solani Bilai, F. culmorum Sacc., F. sambucinum Fckl. (119-сурет). Микроконидиялары бір кейде екі клеткалы. Мак- роконидияларының пішіні цилиндр, ұршық тəрізді, сəл иілген, ұш- тары доғалданған, 3-5 перделі, жиынтығы ақшыл-қоңыр, сарғыш, көкшіл немесе жасыл түсті. Хламидоспоралары қоңырлау, шар тə- різді бір кейде екі клеткалы.
119-сурет. Құрғақ шірік (ризоктониоз)
Саңырауқұлақ барлық жерде таралып, топырақта, қоймада, өсім- дік қалдықтарында сақталып, түйнекті тек жарақат арқылы залал- дайды. Қоздырғыштың дамуына қолайлы температура 10-20оС. Саңырауқұлақ спораларының таралуы ауру түйнектің сауымен жа- насуы арқылы жүреді.
Түйнектің бетінде сəл басылған майда дақтар пайда болып, олар үлкейіп, қыртыстанып, түрлі-түсті ақ-сұр, қызғылт, сарғыш саңырауқұлақ спора тасушыларынан тұратын көпшікше өңезбен жабылады.
Ылғалдылық жетіспеген жағдайда түйнек кеуіп, қатты крахмал түйіршігіне айналады. Залалданған ұлпалар жоғары ылғылдылық- та жұмсарып, түйнек ішінде ақшыл саңырауқұлақ жіпшесіне толы қуыстар пайда болады.
Кəдімгі таз-қотыр. Ауру қоздырғышы – сəулелі саңырауқұлақ- тар немесе актиномицеттер (120-сурет). Олардың ішінде агрес- сивтісі Streptomyces scabies Waks. et Henr. Қоздырғыштың денесі тармақталып дамыған бір клеткалы жіпшумақ. Оның үстінде бұ- ралған спора тасушыларда цилиндр тəрізді, сопақша споралар тү- зіледі.
Саңырауқұлақ аэробты, қолайлы даму температурасы 25-27оС. Паразит құрғақшылыққа төзімді, топырақта ұзақ уақыт сақталады. Картоп түйнектің бетіндегі көзшелер мен жарақаттар арқылы за- лалданады. Инфекция қоры – топырақ жəне өсімдік қалдықтары.
120-сурет. Кəдімгі таз-қотыр
Ауруға картоп түйнегі шалдығады. Түйнек бетінде татты-қо- ңыр залалдану аймақтары пайда болып, олар бір-бірімен бірігіп түйнек беті бұдырланып, қабыршақтанады. Залалданған бөліктер қоңырланып, аурудың сыртқы белгілері əртүрлі білінеді, сондық- тан оны тегіс, ойық жəне дөңес таз-қотыр деп бөледі.
Тегіс таз-қотыр ауруында перидерма мен паренхиманың үстің- гі қабаты ғана залалданып, түйнек бетінде дақ байқалады, егер жансызданған ұлпаларды алып тастаса, онда сəл басылған дақ көрінеді.
Терең (ойық) таз-қотырда паренхима бірнеше миллиметр терең- дікке дейін залалданып, перидерманың кеш түзілуінен ойық пайда болады.
Дөңесті таз-қотыр ауруында ұлпалар шамадан тыс өсіп, жан- сызданған жəне ығыстырылған клеткалардан сүйел пайда бола- ды. Бұл белгілердің аралас түрлері де кездеседі. Таз-қотырмен залалданған түйнектер біркелкі дамымай, түйнек беті жарылып оған басқа да ауру қоздырғыштары түсуі мүмкін.
Қоздырғыш құмды, сазды, сəл сілтілі топырақта жақсы дами- ды. Топыраққа əк енгізсе, ауру қарқынды дамиды. Ыстық ауа райы мен төменгі ылғалдылық аурудың дамуына қолайлы жағдай туғы- зады. Қоздырғыш картоптан басқа сəбіз, капуста, қызылша жəне басқа дақылдарды залалдайды.
Достарыңызбен бөлісу: |