Оқулық алматы, 2014 Əож 632 (075. 8) Кбж 44. я 73 К18



бет190/278
Дата08.02.2022
өлшемі5,53 Mb.
#123889
түріОқулық
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   278
Байланысты:
karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya

Картоп ісігі (рак). Ауру қоздырғышы – Synchytrium endobioticum Pers. саңырауқұлағы (115-сурет). Қоздырғыш картоптан басқа да алқа тұқымдасына жататын өсімдіктерді залалдайды. Күзге қарай бұлтық ұлпаларында тынышталған жынысты споралар – циста- лар түзіледі.


115-сурет. Картоп ісігі (рак)

Олар қоңыр, қалың қабатты, топырақта 20 жылға дейін тірші- лігін сақтайды. Қоздырғыштың дамуына 16-17оС температура, жо- ғары ылғалдылық, топырақ қышқылдығы (рН - 3,9-8,5) қолайлы жағдай болып табылады.


Цисталар 70 күндік тыныштық кезеңінен кейін, қолайлы жағ- дайда өне бастайды. Қыстап шыққан спорадан бір талшықты зоо- споралар түзіледі де, талшығы арқылы жылжып, картоп ұлпасына еніп, талшығын жойып, вегетативті дене – просорус түзеді. Про- сорустар өсе келе сорус түзіп, оған өткен цитоплазма мен ядро бірнеше рет бөлініп, сорустарда жаңа қабық пайда болып, көп яд- ролы 4-9 бөліктерге – зооспорангийлерге бөлінеді, əр зооспоран- гийде 200-300 зооспора түзіледі. Зооспоралар ылғал жеткілікті жағ- дайда ие-өсімдікті залалдайды.
Ауруға шалдыққан мүшенің клеткалары шектен тыс бөлініп, ісіктер мен бұлтықтар түзеді. Саңырауқұлақтың даму циклы – 10- 12 күн. Вегетациялық кезеңде саңырауқұлақ бірнеше ұрпақ беруі мүмкін. Инфекция қоры циста түрінде топырақта, түйнекте жəне өсімдік қалдығында сақталады.
Картоптың түйнегі, тамыр сабағы (столон), кейде сабағы мен жапырағы залалданады. Ауруға шалдыққан мүшелерде (органдар- да) бұлтықтар (ісіктер) пайда болады. Олардың түсі алғаш ақ, кейін сарғайып, қоңырланады. Залалданған столондарда түйіндер түзіл- мейді. Сабақ залалданғанда бұлтықтар тамыр мойнында, ал жапы- рақтағы ісіктер оның қолтығында түзіледі.
Бұлтықтар қоздырғышпен залалданған клетка көлемінің ұл- ғаюынан түзіліп, құрамында крахмал қоры көбейеді. Ісіктің беті бұдырланып, сыртқы пішіні түсті капустаның гүл шоғырына ұқсас келеді. Бұлтықтардың үлкендігі бұршақ көлемінен картоп түйнегі- не дейін, кейде одан да ірі болады. Бұлтықтар топырақтағы түрлі микроорганизмдер мен ылғал əсерінен тез ыдырайды.
Макроспориоз. Ауру қоздырғышы – Macrosporium solani Ell. et Mart. саңырауқұлағы (116-сурет). Споралары ірі, шоқпар тəрізді ұзынша, бірнеше көлденең жəне бойлаған перделі, сұрғылт немесе зəйтүн-қоңыр түсті. Саңырауқұлақ конидиялары жел, жаңбыр там- шысы арқылы таралады. Споралары жіпшеге өніп, өсімдік ұлпа- сына леп саңлауы арқылы еніп, оны залалдайды. Саңырауқұлақ жіпшумағы өсімдіктің клетка аралығында дамып, токсиндер бөліп, ұлпаларды жансыздандырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет