Оқулық алматы, 2014 Əож 632 (075. 8) Кбж 44. я 73 К18



бет188/278
Дата08.02.2022
өлшемі5,53 Mb.
#123889
түріОқулық
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   278
Байланысты:
karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya

Пысықтау сұрақтары

  1. Тамыр жегі ауруын қандай паразиттер тобы туғызады? Өсімдік қандай даму кезеңінде залалданады? Аурудың белгілері қалай білінеді? Ин- фекция қоры қайда сақталады?

  2. Пероноспороз қоздырғышы қандай жағдайда дамиды? Ауруға өсімдіктің қандай бөлігі шалдығады? Кеселдің сыртқы белгілері қалай білінеді? Инфекция қоры қайда не түрінде сақталады?

  3. Ақ ұнтақ саңырауқұлағы өсімдікке қалай тіркеледі? Көктемде алғашқы залалдану қандай шаралар арқылы жүреді? Ауру белгісі қандай? Саңырауқұлақтың жеміс денесі қашан түзіледі? Инфекция қоры қайда, не түрінде сақталады?

  4. Церкоспороз қоздырғышының дамуына қандай жағдайлар қолай- лы? Ауру қандай шаралармен таралып, қызылшаның жапырағына қалай

енеді? Өсімдіктің мүшелерінде ауру белгілері қашан не түрінде білінеді? Инфекция қоры қайда сақталады?

  1. Фомоз қоздырғышының дамуы қандай жағдайда қарқынды жүре- ді? Қоздырғыш қалай таралып өсімдікті залалдайды? Қызылшаның қан- дай мүшелерін залалдайды жəне ауру белгісі қалай білінеді? Инфекция қоры қайда не түрінде сақталады?

  2. Тат қоздырғышының даму ерекшелігі жəне ауруды тарататын спо- ралары қандай? Ауру белгісінің білінуі жəне инфекция қорының сақталу түрі.

  3. Тамыржемістің тазын туғызатын қандай қоздырғыш? Аурудың белгісі қалай білінеді? Кеселдің дамуына қандай жағдайлар қолайлы? Ауру қоры қайда сақталады?

  4. Шоқа шірігін туғызатын паразиттер. Аурудың дамуына қандай жағдайлар қолайлы? Аурудың белгілері жəне кеселдің зияндылығы қандай?

  5. Рак ауруында ісіктер тамыржеміске қалай тіркеледі? Ісіктер мен бұлтықтар қалай түзіледі? Инфекция қоры қайда сақталады?

  6. Тамыржеміс туберкулезін қоздыратын бактериялар тамырже- міске қалай енеді? Бұлтықтар тамыржеміске қалай тіркеледі? Инфекция қоры қайда сақталады?

  7. Тамыр ұшының шірігін қандай қоздырғыштар туғызады? Кесел- дің дамуына қандай жағдайлар қолайлы? Аурудың белгісінің білінуі жəне инфекция қорының сақталуы.

  8. Қызылшаның мозаика, сары ауруларын қандай паразиттер қоз- дырады? Вирустарды қандай насекомдар таратады? Мозаикада ауру белгісі қалай білінеді? Сары аурудың сыртқы белгілері қандай? Вирус ау- руларының зияндылығы неде? Инфекция қоры қайда сақталады?

  9. Ризомания ауруын қоздыратын вирусты қандай саңырауқұлақ таратады? Аурудың дамуына қандай жағдайлар қолайлы? Өсімдіктің қандай мүшесінде ауру белгісі білінеді?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет