Мозаика. Ауру қоздырғышы – Beet mosaic virus (Betae virus 2 Smith.) вирусы. Өсімдіктің қураған ұлпасы мен тұқымында ви- рус сақталмайды. Қоздырғыш залалданған өсімдіктің шырынын- да көбейіп, вегетация кезінде түрлі сорғыш насекомдармен (қы- зылшаның қара, шабдалының жасыл бітелері, қызылша қандаласы мен цикадасы) тарайды.
Вирус қызылшаның барлық түрлерін жəне арам шөптерді – ақ алабұта, гүлтəжі, қалуен жəне т.б. залалдайды. Қоздырғыш тұқым- дық қызылшаның шырынында сақталады да, көктемде жапырақ- тары өсе бастағанда аурудың алғашқы белгісі көрінеді.
Өсімдіктердің жоғарғы жасыл жапырақтарының бетінде ақшыл, мрамор тəрізді, мозаикалы, пішіні сақина, нүкте, дөңгелек, жалпақ дақтар пайда болады. Жапырақта кейде қатпарлы көпіршіктер мен түсі ашық жасыл секпілді дақтар түзіледі. Ауру өсімдіктің өсуі мен дамуы саябырлайды.
Ризомания. Ауру қоздырғышы – қызылша жүйкелерінің нек- розды сарғаюының вирусы (ҚЖНСВ) Бұл вирусты тасымалдаушы Polymyxa betae Keskin cаңырауқұлағы болып табылады (112-сурет). Вирус аталған саңырауқұлақ жіпшелерінде дамып, жылдар бойы тіршілігін сақтайды. Сонымен қатар арамсояу да ауру қоры болуы мүмкін.