Оқулық алматы, 2014 Əож 632 (075. 8) Кбж 44. я 73 К18



бет183/278
Дата08.02.2022
өлшемі5,53 Mb.
#123889
түріОқулық
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   278
Байланысты:
karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya

Бактериялы аурулар




Тамыр ұшының шірігі (гоммоз). Ауру қоздырғышы – Bacil- lus туысының бактериялары жəне ашытқы саңырауқұлақтары. Бұл кесел тамыр ұшынан, кейін тамыржемістің жоғарғы бөлігіне қарай жылжиды да, жапырақ хлорозданып бірте-бірте жойылады. Ауру қарқынды дамығанда тамыржеміс түгел шіріп, өсімдік қурайды.
Залалданған ұлпа түсі ашық-сары, шырышты, көпіршіктенген, боза иісті болады. Жоғары температура жəне ойпатты су тұратын
жерлер, мөлшерден артық суару, жерді таяз жырту, топырақтың қабыршықтануы, азоттың артық мөлшері, өсімдіктің механикалық зақымдалуы жəне т.б. аурудың дамуына қолайлы жағдай туғызады. Инфекция қоры – залалданған өсімдік қалдықтары жəне топырақ.
Рак. Ауру қоздырғышы – Agrobacterium tumefaciens Conn. то- пырақ бактериясы (109-сурет). Паразитті ұлпада аурудың тек ал- ғашқы кезеңінде көруге болады, кейін олар бактериофагтар əсері- нен ыдырап жойылады.


109-сурет. Рак

Тамыржемісте көлемі əртүрлі, кейде тамыржемістен де үлкен бұлтықтар мен ісіктер түзіліп жеміске жіңішке кіндікпен тіркеледі. Бактерия əсерінен залалданған клеткалар тез бөлініп, саны көбейіп, бұлтық (ісік) пайда болды. Бұлтықтар көбінесе тамыржемістің мойнында немесе төменгі бөліктерінде түзіледі. Ісіктер тегіс, бұ- дырлы немесе қыртысты болып, беті жақсы дамыған қабықпен жабылады. Ішкі ұлпалары ақ түсті, сырты қара-сұр немесе қоңыр- лау, алғаш шірімейді. Инфекция қоры – топырақ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет