Оқулық алматы, 2014 Əож 632 (075. 8) Кбж 44. я 73 К18


Тамырдың фузариозды шірігі



бет180/278
Дата08.02.2022
өлшемі5,53 Mb.
#123889
түріОқулық
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   278
Байланысты:
karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya

Тамырдың фузариозды шірігі. Ауру қоздырғышы – Fusarum Link. туысының саңырауқұлақтары.
Құрғақ, ыстық ауа райы ауруға қолайлы жағдай туғызады, себебі қызылшаның топырақ бетіне жақын орналасқан қосымша
тамырлары қурап, сол жерден қоздырғыштар əлсіреген өсімдікке оңай енеді.
Фузариоз шірігі ойпат, су тұрып қалған жерлерде, əсіресе топырақ беті қабыршықтанған, мерзімінде қопсытылмаған жағ- дайда жиі кездеседі. Сондай-ақ, топырақ зиянкестерімен немесе қолданылатын құралдармен зақымданған өсімдік тамыры бұл ке- селге жиірек шалдығады. Аурудың негізгі қоры – залалданған та- мыржемістер мен топырақ.
Залалданудың бастапқы кезінде тамыржемісте аурудың сыртқы белгісі көрінбейді, бірақ оның бойлаған кесіндісінде талшықтар мен түтіктердің қарайғаны байқалады. Тамыржеміс кейін шіріп, ішкі ұлпалары талшықтанып бұзылады, түзілген қуыстар ақшыл, қызғылт жіпшумақпен толады. Көбінесе тамыржемістің төменгі жіңішке бөлігі, кейде негізі ауруға шалдығады. Залалданған өсім- діктің жапырағы солып, сабағы қараяды.
Қызыл шірік. Ауру қоздырғышы – Rhizoctonia violacea Tul. саңырауқұлағы. Қоздырғыш күлгін түсті, түкті, ісінген псевдо- склероцийлар түзеді. Өсімдіктің қураған бөліктерінде кейде саңы- рауқұлақтың қалталы кезеңі кездеседі. Бұл кезеңде ол сапрофит
– Helicobasidium purpureum Pat. деп аталады. Қызыл шіріктің қоз- дырғышы жылы ауа райында (20-30ºС) жақсы дамиды.
Топырақта саңырауқұлақ ұзақ жылдар бойы сақталады. Қызыл- шадан басқа бұл қоздырғыш сəбіз, беде, жоңышқа, рапс, шырмауық, қалуен, көкпек жəне т.б. өсімдіктерде кездеседі. Дəнді дақылдар мен эспарцет қызыл шірік ауруына шалдықпайды. Саңырауқұлақ жіпшумағы мен склероцийлары тамыр бетінде, топырақта, өсімдік қалдықтарында сақталады. Кесел ылғалдылығы төмен (40%) то- пырақта қарқынды дамып, ылғал жоғарылаған сайын бəсеңдеп, ал 70% мүлдем жойылады.
Кесел өсімдікті вегетация кезеңінде залалдап, қоймада оның дамуы жалғасады. Тамыржемістің шіруі алғаш жанама тамыр- шалардан немесе тамыр ұшынан басталады. Залалданған мүше бетінде ұсақ, қызыл-күлгін жіпше торлары көрініп, ұлпа түсі қо- ңырланады. Тамыржемістің бетінде кейіннен қалың, қызыл-күлгін киізді өңез түзіліп, оның астында құрғақ шірік көрінеді.
Қоңыр шірік. Ауру қоздырғышы – Rhizoctonia solani Kuehn. саңырауқұлағы. Жіпшумағы қалың қабықты, алғаш түссіз болып, кейін қоңырланады. Тамыржемісте ісінген, қара псевдосклероций- лар түзіледі.
Бұл кесел ауыр, сазды, тұзды, жерасты суы жақын орналасқан топырақта, су көп тұратын ойпат жерлерде, көп жыл қатарынан қызылша егілген егісте, агротехника сақталмаған жағдайда жиі кездеседі. Саңырауқұлақ жоңышқа, капуста, сəбіз, шырмауық қы- рықбуын, ақ алабұта жəне т.б. өсімдіктерді залалдайды. Қоздырғыш жіпшесі мен склероцийлары ауру тамыржемістерде, топырақта сақталады.
Ауруға шалдыққан өсімдіктің төменгі жапырақтары қарайып, ширатылады. Тамыржеміс ұшынан бастап залалданып, шірік сырт- қы жағынан ішкі ұлпаларға қарай таралып, ұлпа түсі қоңырланады. Ауру қатты дамығанда, тамыржеміс түгел қоңыр киізді мол өңезбен жабылып, жіпшумақ жапырақ сағағына, топырақ бетіне де тарайды. Залалданған ұлпалардың терең жарықтарынан торлы, түсі қоңыр жіпшумақ көрінеді. Тамыржеміс түгел шіріп, жапырақтар қурайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет