Оқулық алматы, 2014 Əож 632 (075. 8) Кбж 44. я 73 К18



бет178/278
Дата08.02.2022
өлшемі5,53 Mb.
#123889
түріОқулық
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   278
Байланысты:
karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya

105-сурет. Церкоспороз

Көктемде конидиялар түзіліп, ауруды таратады. Конидиялар өнгенде бірнеше өскін беріп, олар жапырақтың леп саңлауы арқы- лы ұлпаға енеді. Бұл үдеріс көбінесе таңертеңгі уақытта жүреді. Қолайлы жағдайда инкубациялық кезең бір апта, ал қолайсызда – 15-40 күнге созылады.


Ылғалды ауа райында споралар мол түзіліп, өсімдік оңай залалданады. Ауруға шалдыққан өсімдіктің жапырақтары ылғал жетіспесе, тез қурайды. Инфекция қоры – өсімдік қалдығы, тұ- қымдық тамыржемістер.
Өсімдіктің жер үсті бөлігі ауруға шалдығады. Залалданған жа- пырақ бетінде қызылдау немесе қоңыр жиекті, ашық-сұр, дөңге- лек, майда (диаметрі 2-4 мм) дақтар пайда болады. Бұрынғы (ес- кі) жапырақтарда дақтар үлкендеу, түсі ашық-қоңыр. Ылғалды ауа райында дақтың екі жағында да сұрғылт, мақпалды өңез түзіледі.
Сабақ пен сағақтарда дақтар сопақтау, сəл басылған. Кейде ұрыққаптың сыртқы қабаты да залалданады. Кесел қатты дамыған жағдайда жапырақ шеті төмен қарай ширатылады да салбырап, қа- райып, қурап, ең жас жапырақтары ғана сақталады. Ауру белгісі негізінде жаздың екінші жартысында білінеді.
Бұл ауруға қызылшаның барлық түрлері, мəдени жəне жабайы өсімдіктердің 40 шақты түрлері – жоңышқа, бұршақ, майбұршақ, картоп, гүлтəжі, көкпек, қалуен, бақа жапырақ, құлқайыр, шырма- уық, қымыздық, бақ-бақ жəне т.б. шалдығады.
Фомоз. Ауру қоздырғышы – Phoma betae Frank саңырауқұла- ғы (106-сурет). Шар тəрізді пикнидаларда шырышты массада бір клеткалы пикноспоралар түзіледі. Вегетация кезінде споралар жаң- быр тамшысы жəне желмен таралады. Саңырауқұлақ 25ºС темпера- тура мен 100% ауа ылғалдылығында қарқынды дамиды. Жіпшумақ өсімдік қалдықтарында, ал пикнидалар топырақта қыстайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет