Тамыржемістің таз-қотыры. Ауру қоздырғышы – топырақта кездесетін сəулелі саңырауқұлақтар немесе актиномицеттер: Strep- tomyces scabies Waks. et Henr, S. cretaceus Krassil, S. nigrificans Wol. Олар сілтілі топырақта (рН 7,5-8,0) жақсы дамиды. Бұл қоз- дырғыштар тамыр ұлпаларына терең енбейді, сондықтан да клет- чатка ыдырамайды.
Кеселдің дамуына мол жаңбырдан кейін топырақтың тығыз- далуы жəне жоғары температура қолайлы жағдай туғызады. Ауру қоры – залалданған тамыржемістер мен топырақ.
Тамыржемістің бетінде таяз, қара-қоңыр түсті, бұдырлы қабыр- шақтар немесе жарықтар көрінеді. Ауру қатты дамығанда қабыр- шақ кеуіп қабаттанады. Терең жыралар мен жапырақтарда Fusarium саңырауқұлақтарының жіпшелері дамиды да, өсімдіктің тамыры шіріп талшықтанады.
Тамыр жегі.Тамыр жегінің қоздырғыштары – əртүрлі саңырау- құлақтар мен бактериялар. Жиі кездесетін саңырауқұлақ түрлері – Fusarium, Pythium, Aphanomyces, Phoma, Rhizoctonia, Penicillium т.б. ал бактериялар – Erwinia, Pseudomonas жəне басқалар (108-сурет). Аурудың сыртқы белгілері қоздырғышқа байланысты білінеді. Егер өсімдік саңырауқұлақпен залалданса, онда ауру ұлпада түрлі- түсті (ақ, сұр, қызғылт-сары, қоңыр) торлы немесе киізді жіпшу- мақ түзіліп, оның үстінде түрлі споралар (зооспора, конидия) мен склероцийлар пайда болады. Бактериялармен залалданса, онда дақ шырыштанып, сулы шірікке айналады.