Оқулық алматы, 2014 Əож 632 (075. 8) Кбж 44. я 73 К18


Картоп аурулары Саңырауқұлақ аурулары



бет189/278
Дата08.02.2022
өлшемі5,53 Mb.
#123889
түріОқулық
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   278
Байланысты:
karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya

Картоп аурулары Саңырауқұлақ аурулары


Фитофтороз. Ауру қоздырғышы – Phytophthora infestans dBy. саңырауқұлағы (114-сурет). Бір клеткалы қоздырғыш жіпшумағы клетка аралығында таралады. Гаусторийлар клетка ішіне еніп, са- ңырауқұлақты қоректік заттармен қамтамасыз етеді.

114-сурет. Картоп фитофторозы

Нашар бұтақталған зооспорангий тасушылар жапырақ саңлау- лары арқылы сыртқа шығып, жеңіл өңез түзеді. Зооспорангийлері бір клеткалы, көлемі 25-33 х 15-20 мкм, пішіні сопақша, түссіз, қабығы тегіс, төбесі бүршікті. Зооспорангий ішінде 4-16 зооспора түзіледі. Зооспорангий кейде конидия сияқты жіпшеге өнеді. Саңы- рауқұлақтың жынысты спорасы – ооспора, оның пішіні шар тəрізді, түссіз, өте сирек түзіледі.


Аурудың дамуына қолайлы жағдай 18-22оС температура мен 75% жоғары ауа ылғалдылығы. Залалдану үдерісі жапырақ бетінде су тамшысы болған жағдайда жүреді. Инкубациялық кезеңі тем- ператураға байланысты 3-6 күн.
Картоп түйнектері жаңбыр тамшысымен топыраққа түскен зооспоралар арқылы залалданады. Өнімді жинау кезінде залалдан- ған жапырақтар мен топырақтан кесел сау түйнекке жұғуы мүм- кін. Қоймада ауру түйнектен сауына инфекция жұқпайды, бірақ за- лалданған түйнектерді басқа микроорганизмдер шірітуі мүмкін.
Саңырауқұлақ түйнекте жіпше түрінде сақталады да, өсу бүр- шіктерін залалдап, олар жер бетіне шықпай жойылады. Кеселдің дамуына жаз айларының салқын, жаңбырлы күндері қолайлы. Ауа ылғалдылығы төмен жылдары картоптың өсу кезеңінде жапырақ- тар мен сабақтарда фитофтороз байқалмайды, бірақ өнімді жинау жəне сақтау мерзімдерінде түйнектерде ауру белгілері анық білі- неді. Инфекцияның негізгі қоры – ауру түйнектер жəне оның қал- дықтары.
Аурумен өсімдіктің жапырағы, сабағы, өскіні, түйнегі залал- данады. Кеселдің белгісі картоп гүлдей бастағанда білінеді. Кар-
топтың төменгі жапырақтарының шеткі бөлігінде алғаш жайылған қара-қоңыр дақтар пайда болып, тез ұлғайып, залалданған жапы- рақтар солып, қарайып, қурайды. Ылғалды ауа райында дақ жиегін- де, жапырақтың астыңғы бетінде жеңіл ақ өңез түзіледі.
Залалданған түйнекте сəл басылған сұрлау дақтар пайда бола- ды. Түйнек кесіндісінде ішке қарай таралған «тіл» тəрізді сарғыш- қоңыр ұлпалар байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет