Оқулық алматы, 2014 Əож 632 (075. 8) Кбж 44. я 73 К18



бет187/278
Дата08.02.2022
өлшемі5,53 Mb.
#123889
түріОқулық
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   278
Байланысты:
karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya

Сары ауру. Сары аурудың екі түрі бар: қатал (некроз) жəне сар- ғыштау, олардың қоздырғыштары – Betae virus 4 Smith. жəне т.б. вирус штаммдары (113-сурет).


113-сурет. Сары ауру
Сары аурудың қатал түрінің алғашқы белгілері 2-5 жапырақты жас өсімдіктерде білінеді. Залалданған жапырақтардың жүйкелері ашық немесе сарғыш түсті болады. Жүйкелер кейін тартылып, жа- пырақтары дамымай, ал өсіп жетілген жапырақтардың жоғарғы жағында сары дақтар түзіледі. Сары бояу жапырақтардың төменгі бөлігінде, сағағына қарай жылжып, жапырақ бетін түгел алып, қола кейде қызыл түске боялады. Жүйке ұлпалары боялған жасыл түсін сақтайды.
Ауру жапырақтар қалыңдап морт сынып, көлемі сауларынан кіші болады. Залалданған жапырақтың флоэмасындағы өткізгіш түтікшелері жəне олармен шектелген клеткалары жансызданып, сары, шырышты массаға толады. Клетка қабықшасы сарғайып сəл ісінеді. Бұл құбылыс жапырақ сағағы арқылы тамыржемістің түтікшелері мен талшықтарына, жүйкелеріне жетеді. Жапырақ ұл- палары некрозданып қурайды. Ауру қатты дамығанда орталық жа- пырақтар да залалданады.
Сарғыштану вирусымен залалданған өсімдіктің жапырақтары сəл сарғыш түске енеді. Вирусты бітелер таратады. Қоздырғыш тұқымдық өсімдіктер мен арам шөптерде (гүлтəжі, көкпек, бақбақ жəне т.б.) сақталады.
Кесел тұқым шаруашылықтарында жиі кездеседі, себебі вирус тұқымдық тамыржемісте сақталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет