Оқулық алматы, 2014 Əож 632 (075. 8) Кбж 44. я 73 К18



бет184/278
Дата08.02.2022
өлшемі5,53 Mb.
#123889
түріОқулық
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   278
Байланысты:
karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya

Тамыржеміс туберкулезі. Ауру қоздырғышы – Xanthomonas beticola Brown et Tow. бактериясы (110-сурет). Тамырға қоздырғыш жарақат арқылы еніп, оны шірітеді. Залалданған ұлпада көптеген бактерияларды көруге болады. Инфекция қоры – залалданған өсім- дік қалдықтары мен топырақ.
Тамыржеміске кең негізімен орналасқан бұлтықтың беті бұ- дырлы, түсі қара-қоңыр. Вегетация кезінде бұлтық ұлпалары ші- ріп, қоймалжың массаға толы қуыс пайда болады.

110-сурет. Туберкулез


Шоқа (кагат) шірігі. Қоймада сақталу кезеңінде дамитын та- мыржемістің кең таралған ауруы. Тамыржеміс ұлпалары жансыз- данып шіриді де түрлі-түсті ақ, сұр, қызғылт, сары, қызыл, қара өңезбен жабылады. Шіріген ұлпалар сұрланып, қоңырланып, қара- йып бұзылады да, құрғақ немесе сулы шірікке айналады.
Шірікті көптеген микроорганизмдер – саңырауқұлақтар мен бактериялар қоздырады (111-сурет). Олардың агрессивттілігі фер- менттік жүйесіне байланысты. Патоген ферменттерге неғұрлым бай болса, шірік соғұрлым тез дамып, зияндылық жоғарылайды.
Вегетация кезеңінде қолайсыз жағдайлардан əлсіреген өсім- діктер, əсіресе су мен қоректік заттардың тапшылығы, сондай-ақ қойма режимінің (төмен немесе жоғары температура, ылғалдылық, нашар желдету жəне т.б.) сақталмауы, тамыржемістерде шоқа ші- рігін қарқынды дамытады.


111-сурет. Шоқа шірігі
Жапырақтың бактериялы дағы. Ауру қоздырғышы – Bacillus mycoides Flugge, Bac. mesentericus pv. vulgatus Flugge, Bac. butyricus pv. betae Koszura сапрофитті өмір сүретін топырақ бактериялары. Ауру қоры – өсімдік қалдықтары жəне тұқымдық тамыржемістер.
Бұл ауру жас өсімдіктерде (жас тұқымдықтарда) кездеседі. Жапырақ бетінде түсі ашық-қоңыр, қара-қоңыр жиекті, пішіні əр- түрлі, селдір дақтар түзіледі. Жас өсімдікте дақтар майда (диаметрі 1-3 мм), ал өсіп-өнгендерінде ірілеу (2-8 мм) болады. Залалданған ұлпалар кейін кеуіп, үгітіліп түсіп, жапырақта тесіктер пайда бола- ды, сондықтан ауруды «тесікті дақ» деп атайды.
Аурудың алғашқы белгілері өскінді бірінші сиретуден кейін байқалады. Кесел қатты дамығанда жас өсімдіктер жойылады. Па- разиттердің енуіне жапырақтағы механикалық жарақаттар жағдай туғызады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет