106-сурет. Фомоз
Өсімдіктің жапырағында ірі, дөңгелек, ашық-қоңыр түсті, шеңберлі дақтар, пайда болады. Дақ үстінде майда, қара нүкте тəрізді пикнидалар түзіледі. Алғаш өсімдіктің төменгі жапырақта- ры залалданып, кейін ауру жоғарғыларына жылжиды. Залалданған жапырақтар, əсіресе құрғақ, ыссы ауа райында қурайды.
Саңырауқұлақ жапырақтардан тұқымға, тамыржеміске тарай- ды. Вегетация кезінде залалданған тамыржемістерде құрғақ шірік ауруы, ал қоймада кагат (шоқа) шірігі дамиды. Залалданған тұқым- нан ауру өскін өсуі мүмкін (тамыр жегі).
Тат. Ауру қоздырғышы – Uromyces betae Lev. саңырауқұлағы (107-сурет). Қоздырғыш бір иелі, толық циклды, барлық даму кезеңдері қызылшада өтеді. Телиоспоралар 7-8ºС температурада
базидияға өніп, 4 базидиоспора түзеді. Базидиоспоралар өсімдікті залалдап, спермагоний мен эций кезеңдері дамиды. Эциоспоралар желмен таралып, жапырақ бетіндегі су тамшысында өніп, өсімдікті залалдайды да, урединийлер түзеді.
107-сурет. Тат
Урединиоспоралар жаз бойы бірнеше ұрпақ береді. Инкуба- циялық кезеңі 3-17 күнге созылады. Урединиоспоралар бір клет- калы, пішіні домалақ немесе жұмыртқа тəрізді қабығында тікенек- тер сирек орналасқан. Вегетацияның соңында жапырақ бетінде телий бөртпелер түзіледі де, пайда болған телиоспоралар қыстай- ды. Соңғылары бір клеткалы, пішіні домалақтау, қабығы тегіс, түсі ашық, сабақта орналасқан.
Кеселдің дамуына 20ºС температура мен ылғалды ауа райы қолайлы жағдай туғызады. Ауру қоры өсімдік қалдықтарында, тұ- қымдық тамыржемістерінде жəне тұқым бетінде қыстайтын телио- споралар.
Кесел жас өсімдіктерде кездеседі. Жапырақтың бетінде қызыл- сары, дөңгелек, диаметрі 2-6 мм дақтар пайда болады. Дақтың жо- ғары бетінде ашық-қоңыр түсті, ұсақ спермагонийлар, ал төменгі жағында табақша тəрізді эцийлер түзіледі. Жапырақ бетінде 10- 12 күннен соң сары-қоңыр урединийлер пайда болып, кейін олар жапырақ сағағында, тұқымдық өсімдіктің сабағында, тұқым түйір- лерінде де білінеді. Күзге қарай урединийлер телий бөртпелерге айналады.
Достарыңызбен бөлісу: |