Оқулық алматы, 2014 Əож 632 (075. 8) Кбж 44. я 73 К18



бет177/278
Дата08.02.2022
өлшемі5,53 Mb.
#123889
түріОқулық
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   278
Байланысты:
karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya

104-сурет. Пероноспороз

Ооспоралар көбінесе жас жапырақтарда жəне тұқымда түзіле- ді. Олардың пішіні домалақ, қабығы қалың, түсі алғашында ашық- сары кейін қоңырланады. Саңырауқұлақ тек қызылшаға бейім- делген. Қоздырғыштың дамуына 16°С шамасындағы температура мен 70% жоғары ауа ылғалдылығы қажет. Инкубациялық кезеңі 5- 20 күнге созылады. Егер спораларға күн сəулесі тікелей түссе, онда олар 4 сағатта кеуіп, жойылады. Саңырауқұлақ тұқымдық қызыл- шада жіпше, ал өсімдік қалдықтарында ооспора түрінде сақталады. Өсімдіктің барлық жер үсті бөліктері ауруға шалдығады. Жа- пырақ шеті төмен қарай ширатылып, алақаны ашық-жасыл түске еніп, қалыңдап сынғыш келеді. Жапырақтың астыңғы жағында, кейде үстінде мол сұр-күлгін өңез пайда болады. Ауру жапырақ-


тар бірте-бірте қурайды.
Ақ ұнтақ. Ауру қоздырғышы – Erysiphe communis Grev. f. betae Poteb саңырауқұлағы. Оның жіпшумағы ұлпа бетіне аппрессо- рийлар мен гаусторийлар арқылы тіркеледі. Конидия тасушылары қарапайым қысқа, конидиялары сопақша, түссіз, көлемі 30-36 х 10- 15 мкм. Конидиялар конидия тасушылардан оңай үзіліп, ауа тол- қынымен алысқа таралады да, жаңа өсімдіктерді залалдайды.
Саңырауқұлақ жеміс денелері шар тəрізді, қосымшалары қа- рапайым, ішінде 5-7 қалталары орналасып əр қалтада 4-6 қал- таспорадан болады. Клейстотецийлер өсімдік қалдықтарында, тұқымда, тұқымдық қызылшаның басында қыстайды. Көктемде алғашқы залалдану қалтаспора арқылы жүреді. Құрғақ жəне ыстық ауа райы, ұзақ құрғақшылық пен өткінші жаңбыр аурудың дамуы- на қолайлы жағдай туғызады.
Өсімдік жапырақтарында дақтанып ақ ұнтақ өңез пайда болады Өңез кейін жапырақтың асты-үстіне таралады. Ауру қатты дамы- ғанда өсімдіктің сабағы мен тұқымында өңез пайда болады. Жаз- дың екінші жартысында өңез үстінде жеміс дене – клейстотецийлер түзіледі.
Церкоспороз. Ауру қоздырғышы – Cercospora beticola Sacc. саңырауқұлағы (105-сурет). Қоздырғыштың жіпшумағы өсімдіктің клетка аралығымен тарайды. Конидия тасушылары бұрышты, иіл- ген, қысқа, ал конидиялары түссіз, ұзын ине тəрізді, 3-5 перделі, көлемі 30-36 х 3-5 мкм. Вегетация кезінде кесел конидиялар арқы- лы таралады. Аурудың дамуына 20-25оС температура жəне 70% ауа ылғалдылығы қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет