Қола түсті қызанақ мозаикасы. Ауру қоздырғышы – Tomato spotted wilt virus (Lycopersicum virus 3 Smith.) вирусы. Бұл қоз- дырғышпен темекі мен махоркадан басқа да өсімдіктер – қызанақ, баялды, бұрыш жəне арам шөптер залалданады. Вирус трипстер жəне өсімдікті сирету кезінде механикалық жарақаттар арқылы таралады. Инфекция қоры – қыстап шыққан трипстер.
Вирус өсімдікті вегетация бойы залалдайды. Темекінің жоғар- ғы жас жапырақтары сарғыш-жасыл түске еніп, жүйке аралықтары бұдырланып, қатпарланады. Өсімдік бойының орта бөлігіндегі жапырақтарында некрозды, пішіні əртүрлі дақтар түзіледі. Ауруға шалдыққан өсімдіктің жоғарғы бөлігі төмен иіліп, сабақта қоңыр немесе қара жолақтар пайда болады. Гүл түйіні байланғанға дейін залалданған жас өсімдіктер қоздырғыш зардабына шыдамай жо- йылады.
Столбур. Ауру қоздырғыштары – микоплазма организм- дері. Олар темекімен қатар көптеген көкөніс дақылдарын жəне арам шөптерді залалдайды. Патоген көпжылдық арам шөптердің (шырмауық, қалуен, цикорий, т.б.) тірі клеткаларында сақталып, ве- гетация кезеңінде шырмауық цикадасымен таралады.
Кесел өсімдік гүлінің кейіпсіздігімен сипатталады. Ауруға шал- дыққан өсімдіктің гүл түйіні, күлтесі жəне аталығы дамымай, кейде мүлдем түзілмейді. Гүл күлтесі жасыл түсті болып, ал тостағанша- сы шамадан тыс дамып, гүл шоғында көбінесе тұқым байланбайды. Залалданған жапырақ сарғыштанып, қалыңдап қатаяды, морт сынғыш келіп, жиналған өнім ұзақ уақыт кеуіп, ылғалды ауа райын-
да зеңденіп шіриді.