Бактериялы, вирусты жəне микоплазмалы аурулар Шұбар бактериоз. Ауру қоздырғышы Pseudomonas syringae pv.
tabaci (Dowcon) Young et al. бактериясы (103-сурет). Өсімдікке қоз-
дырғыш механикалық жаралар, жарықтар жəне су тамшысы болған жағдайда леп саңлауы арқылы енеді. Кеселдің дамуына 22-250С температура жəне жоғары ауа ылғалдылығы қолайлы.
103-сурет. Шұбар бактериоз
Темекіден басқа шұбар бактериоз кеселіне бұрыш, қызанақ, картоп жəне басқа да дақылдар шалдығады. Бактерия тұқымда, шірімеген өсімдік қалдықтарында, қолданылған құралдарда сақ- талады. Ылғалы мол топырақта қоздырғыш тез жойылады.
Ауруға көшеттер мен өсіп жетілген өсімдіктердің жапырақта- ры шалдығады. Көшет жапырақтарының жиегінде майлы немесе суланған дақтар түзіледі. Құрғақ ауа райында дақтар кеуіп, қо- ңырланып немесе қарайып, ал ылғалды жағдайда олар шіриді.
Егістікте аурудың белгісі жапырақта дөңгелек хлорозды дақ түрінде білініп, бірте-бірте ұлғайып (диаметрі 1-3 см), дақ ұлпасы ортасынан бастап жансызданып, қоңыр сұр түсті болып, дөңесте- ніп, оның айналасы шеңберленеді. Жапырақ сағағында ашық қоңыр, ал тұқым қауашағында басылған қоңыр дақ түзіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |