Темекі аурулары Саңырауқұлақ аурулары
Көшет шірігі немесе қара сирақ. Ауру қоздырғышы – Pythium debaryanum Hesse, Rhizoctonia solani Kuehn. саңырауқұлақтары (101-сурет). Темекі көшеттерінің тамыр мойны мен сабақ негізін шірітеді.
101-сурет. Көшет шірігі
P.debaryanum саңырауқұлағымен залалданған өсімдіктің мүше- лерінде бір клеткалы жіпшумақта зооспорангий тасушылар мен зо-
оспорангийлер пайда болады. Түзілген зооспоралар ылғалды орта- да өсімдікті залалдайды.
Өсімдік ұлпаларында жынысты көбею нəтижесінде саңырау- құлақтың пішіні домалақ, қалың қабықты, диаметрі 15-25 мкм, қыстайтын ооспоралары түзіледі. Тыныштық кезеңнен өткен соң ооспоралар өніп, зооспорасымен зооспорангийлер береді. Саңы- рауқұлақтың қолайлы даму температурасы 16-190С.
solani саңырауқұлағы тармақталған, көп клеткалы, алғаш түс- сіз, жуан (7-10 мкм) жіпшелерден тұратын жіпшумақ түзіп, кейін оның түсі күңгірттеніп, жеке бөліктерге ыдырайды. Саңырауқұлақ кейде склероцийлар түзеді. Қоздырғыш 200С жоғары температу- рада дамиды. Аталған саңырауқұлақпен басқа да ауылшаруашылық дақылдарының көшеттері залалданады. Аурудың негізгі қоры – залалданған өсімдіктер мен топырақ.
Көшеттің алғаш сабағы залалданып, тамыр мойны тартылып, ауруға шалдыққан бөлік жіңішкеріп, өсімдік жойылады. Залалдан- ған мүшелердің бетінде жəне айналасында, түсі ақ, кейде қоңыр киізді немесе жеңіл өңез түзіледі.
Аурумен алғаш жеке немесе бір топ өсімдік залалданып, кейін басқаларына жұғып, көшеттіктің едəуір бөлігіне таралады.
Əдетте бұл ауруға өсіру технологиясы дұрыс сақталмаған жағдайда көшетхананың нашар желденуі, өсімдік санының шама- дан тыс жиілігі, суық сумен суару, температураның тұрақсыздығы, сондай-ақ бірыңғай азот тыңайтқыштарымен қоректендіру нəти- жесінде дамуы нашар, нəзік көшеттер шалдығады.
Достарыңызбен бөлісу: |